Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы келiсiмді бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 844


     Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етеді:
     1. 2002 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласында жасалған Еуразиялық 
экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары 
арасындағы ақпарат алмасу туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрі
     
     
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық
           және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы 
                             КЕЛІСІМ
     


      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,
      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы Z990403_ және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың Z010172_ ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) әкелу мен әкетуге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің мемлекеттiк бюджеттерiне салықтардың, баждардың және өзге де төлемдердiң уақтылы және толық түсуiне бақылауды күшейтуде өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
      осы мақсатпен бiр-бiрiне жәрдем кәрсетудi қалай отырып,
      төмендегi туралы келiстi:

                           1-бап

      Осы Келiсiмде "құзыреттi органдар" терминiмен ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары ұғынылады.

                           2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң әрбiрiнiң кеден және салық органдары өз құзыретi шеңберiнде оларға жүктелген мiндеттердің орындалуы үшiн қажеттi ақпаратпен алмасады.
      Тараптар мемлекеттерiнiң әрбiрiнiң кеден органдары өз Тарабының салық органдарына қажеттi ақпаратты бередi.
      Тараптардың салық органдары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң құзыреттi салық органдары арасындағы ынтымақтастық туралы қолданылып жүрген үкiметаралық келiсiмдердiң шеңберiнде кеден органдарынан алынған ақпаратты бiр-бiрiне беруге құқығы бар.

     Тараптар мемлекеттерiнiң әрбiрiнiң салық органдары өз Тарабының кеден 
органдарына қажеттi ақпаратты бередi.
     Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң 
кеден органдары арасындағы ынтымақтастық туралы қолданылып жүрген 
келiсiмдердiң шеңберiнде салық органдарынан алынған ақпаратты бiр-бiрiне 
беруге құқығы бар.
                          3-бап
     
     Ақпарат алмасу тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң әрбiрiнiң салық және 
кеден органдарының өзара әрекет ету шеңберiнде келiсiледi.
     
                          4-бап
     
     Тараптардың құзыреттi органдары ақпараттың құпиялылығын сақтайды және 
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес оны қорғау режимiн 
қамтамасыз етедi.
     Тараптардың құзыреттi органдары алынатын ақпараттың үшiншi тұлғаларға 
берiлуiне жол бермейдi.
     
                          5-бап
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптардың құзыреттi 
органдары жекелеген мәселелер бойынша қосымша хаттамаларды жасауға құқылы.
     
                          6-бап
     
     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша жеке хаттамалармен 
ресiмделетiн және Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер 
мен толықтырулар енгiзiледi.
      
                          7-бап
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдануға қатысты даулар мен 
келiспеушiлiктердiң барлығы Тараптар арасындағы келiссөздер мен 
консультациялар жолымен шешiледi.
     
                           8-бап
     
     Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi осы 
Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
     
                           9-бап
     


      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен шығуға дейiн кемiнде 6 ай бұрын

депозитарийге осы туралы жазбаша хабарламаны жiберіп, шыға алады.
     Түпнұсқа дана осы Келiсiмнiң оның куәландырған көшiрмесiн әрбiр 
Тарапқа жiберетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық 
комитетiнде сақталады.
     2002 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласында орыс тiлiнде бiр данада 
жасалды.
     
     Беларусь Республикасының
          Үкіметі үшін
     
     Қазақстан Республикасының
          Yкіметi үшiн
     
     Қырғыз Республикасының
          Үкіметi үшiн
     
     Ресей Федерациясының
          Үкіметi үшiн
     
     Тәжiкстан Республикасының
          Үкіметi үшiн
     
     Мамандар:
       Икебаева А.Ж.
       Омарбекова А.Т. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады