Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында Сырдария өзенiндегi су тасқынының салдарынан қираған тұрғын үйлердi, инженерлiк коммуникацияларды салу және автожолдарды жөндеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі