Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі N 323 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында Сырдария өзенiндегi су тасқынының салдарынан қираған тұрғын үйлердi, инженерлiк коммуникацияларды салу және автожолдарды жөндеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады