Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр
актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; 2004 ж., N 27, 344-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аппараты" деген жолда "22" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппараты" деген жолда "31" деген сандар "61" деген сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
"Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшiлер" деген жолда "2045" деген сандар "2335" деген сандармен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тiзілiмi мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзілiмiнде:
"Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілiсi, Қазақстан Республикасының Жоғары Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары" деген жол "және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi аппаратының басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Мемлекеттік әкiмшілiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiнде:
E санатының тобында:
E-R-3 санатында "бөлiмнiң" деген сөз "құрылымдық бөлiмшенiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігiнiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283 Жарлығына :
тақырыбында, 1 және 3-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттік өртке қарсы қызметі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 1 және 2-қосымшалардың тақырыбында:
"Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігiнiң" және "Кедендiк бақылау агенттігінiң" деген сөздер тиiсiнше "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" және "Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінiң (қаржы полициясы)," деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3 және 4-қосымшалардың тақырыбында:
"Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы)," деген сөздер алынып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 7-қосымшаның тақырыбында:
"мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 17-қосымшада:
тақырыбында "жөнiндегі агенттігiнiң" деген сөздер "министрлiгiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
ескертпедегі 2 және 4-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Жарлыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мынадай мазмұндағы 21, 22 және 23-қосымшалармен толықтырылсын;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына :
3-тармақтың 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Мемлекеттiк саяси қызметшілер лауазымдарының атауы" деген бағанда "Қазақстан Республикасының Парламентi Сенаты және Мәжiлiсi" деген сөздерден кейiн ", Конституциялық Кеңесi" деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мына:
", Облыстардың,
Астана және
Алматы 4,97 5,22 5,47 5,72 5,96 6,11 6,26 6,41 6,56 6,61 6,71
қалалары
мәслихат-
тарының
хатшылары "
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар,
Астана
және
Алматы 5,40 5,67 5,94 6,21 6,48 6,64 6,80 6,97 7,13 7,18 7,29
қалалары
мәслихат-
тарының
хатшылары ";
жоғарыда аталған Жарлыққа 8-қосымшада:
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігi (қаржы полициясы)," деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбында "Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын және "Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті" деген сөздерден кейiн ", Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен және ескертпемен толықтырылсын:
"C-SV-12* 1,99 2,00 2,01 2,02 2,03 2,04 2,06 2,08 2,10 2,11 2,12"
"Ескертпе * экстремизм мен терроризм актiлерiнiң, жаппай тәртiпсiздiк пен басқа да аса қауіпті қылмыстардың жолын кесуге және оларды оқшаулауға тiкелей қатысатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшiн коэффициенттер.";
жоғарыда аталған Жарлыққа 9-қосымшада:
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы)," деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбында "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын және "Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті" деген сөздерден кейiн ", Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 10 және 11-қосымшаларда:
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)," деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбында "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігiнiң" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 12-қосымшада:
мына:
"С-SN-1 2,74 2,88 3,01 3,15 3,29 3,37 3,45 3,53 3,59 3,64 3,70"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"С-SN-1 4,56 4,81 4,90 4,92 4,95 5,02 5,09 5,16 5,21 5,26 5,31";
мынадай мазмұндағы жолдармен және ескертпемен толықтырылсын:
C-SN-2* 4,42 4,52 4,60 4,63 4,65 4,71 4,78 4,84 4,88 4,93 4,97
С-SN-3* 3,99 4,07 4,10 4,11 4,12 4,16 4,21 4,26 4,29 4,32 4,35
С-SN-4* 3,72 3,79 3,82 3,84 3,85 3,89 3,94 3,98 4,01 4,03 4,07
С-SN-5* 3,46 3,53 3,54 3,56 3,57 3,59 3,62 3,66 3,69 3,71 3,74
С-SN-6* 2,37 2,43 2,44 2,45 2,46 2,50 2,52 2,55 2,58 2,59 2,61
С-SN-7* 2,29 2,34 2,35 2,36 2,38 2,40 2,43 2,45 2,47 2,49 2,51"
"Ескертпе * экстремизм мен терроризм актілерiнiң, жаппай тәртiпсiздiк пен басқа да аса қауiптi қылмыстардың жолын кесуге және оларды оқшаулауға тiкелей қатысатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы бөлiмшесi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшiн коэффициенттер.";
жоғарыда аталған Жарлыққа 14 және 22-қосымшаларда тақырыптарындағы "мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 16-қосымшада:
мына:
"C-NSC-7 1,25 1,31 1,38 1,44 1,50 1,54 1,58 1,61 1,65 1,66 1,69
С-NSC-8 1,12 1,18 1,23 1,29 1,34 1,38 1,41 1,44 1,48 1,49 1,51
С-NSC-9 1,00 1,05 1,10 1,15 1,20 1,23 1,26 1,29 1,32 1,33 1,35"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"C-NSC-7 1,30 1,37 1,43 1,50 1,56 1,60 1,64 1,68 1,72 1,73 1,76
С-NSC-8 1,17 1,23 1,29 1,35 1,40 1,44 1,47 1,51 1,54 1,56 1,58
С-NSC-9 1,10 1,16 1,21 1,27 1,32 1,35 1,39 1,42 1,45 1,46 1,49";
жоғарыда аталған Жарлыққа 18-қосымшада:
тақырыбында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 24-қосымшада:
тақырыбында және 1-тармақта "мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздер тиісiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 28-қосымшада:
тақырыбында және 6 және 9-тармақтарда "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" және "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 32-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық 2005 жылғы 25 ақпаннан баста қолданысқа енгiзілетiн 1-тармақтың 4) және 5) тармақшаларының соңғы абзацтарын қоспағанда, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы
N __ Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
21-қосымша
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң
(қаржы полициясы) орталық аппараты қызметкерлерінің
санаттар бойынша лауазымдар
ТIЗIЛIМI
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) төрағасы, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары
С-FР-1
Аппарат басшысы
С-FP-2
Департамент бастығы
С-FP-3
Аппарат басшысының орынбасары
Департамент бастығының бiрiншi орынбасары
Департамент бастығының орынбасары
Агенттік басқармасының бастығы
Орталық аппаратының бiрiншi басшысының кеңесшiсi
Баспасөз хатшысы
С-FP-4
Департаменттің басқарма бастығы
Агенттік басқармасы бастығының орынбасары
С-FP-5
Департамент басқармасы бастығының орынбасары
Департаменттің бөлiм бастығы
Агенттiктің басқармасының бөлiм бастығы
С-FP-6
Департаменттің бөлiм бастығының орынбасары
Департамент басқармасының бөлiм бастығы
Орталық аппараттың бiрiншi басшысының көмекшiсi
С-FP-7
Аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (инспектор)
С-FP-8
Аға тергеушi (инспектор)
С-FP-9
Тергеушi (инспектор)
С-FP-10
Кiшi инспектор
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы
N __ Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1283 Жарлығына
22-қосымша
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң
(қаржы полициясы) облыстық (республикалық
маңызы бар қалалардың) аумақтық органдары
қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар
ТIЗІЛІМІ
С-FPO-1
Аймақтық органның басшысы
С-FPO-2
Аймақтық орган басшысының орынбасары
С-FPO-3
Аумақтық органның басқарма бастығы
С-FPO-4
Аумақтық органның басқармасы бастығының орынбасары
Аумақтық органның бөлiм бастығы
С-FPO-5
Аумақтық органның бөлiмi бастығының орынбасары
Аумақтық орган басқармасының бөлiм бастығы
С-FPO-6
Аумақтық органның басқармасы бөлiм бастығының орынбасары
Аумақтық орган бөлiмшесiнiң бастығы
С-FРО-7
Аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi (инспектор)
С-FPO-8
Аға тергеушi (инспектор)
С-ҒРО-9
Тергеушi (инспектор)
С-FPO-10
Кiшi инспектор
Жүргiзушi қызметкер
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы
N __ Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
23-қосымша
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң
(қаржы полициясы) оқу орындары қызметкерлерiнiң
санаттар бойынша лауазымдар
ТIЗIЛIМI
С-FPU-1
Академия бастығы
C-FPU-2
Академия бастығының орынбасары
С-FPU-3
Академия факультетiнiң бастығы
С-FPU-4
Академия кафедрасының бастығы
Академия бөлiмiнiң бастығы
Факультет бастығының орынбасары
Профессор
С-FPU-5
Академия кафедрасы бастығының орынбасары
Академия бөлiмi бастығының орынбасары
Доцент
С-FPU-6
Академияның аға оқытушысы
Академияның аға ғылыми қызметкерi
С-FPU-7
Академияның оқытушысы
Академияның ғылыми қызметкерi
Курстың бастығы
Ғылыми кеңестiң хатшысы
С-FPU-8
Курс бастығының орынбасары
Академияның кiшi ғылыми қызметкерi
С-FPU-9
Аға инспектор
С-FPU-10
Инспектор
С-FPU-11
Кiшi инспектор
С-FPU-12
Жүргiзушi қызметкер
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы
N __ Жарлығына
4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінiң
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
32-қосымша
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігiнiң
(қаржы полициясы) орталық аппараты, қаржы
полициясының аумақтық және мамандандырылған
органдары, сондай-ақ оқу және өзге ведомстволық
бағыныстағы мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық
жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын
есептеу үшiн коэффициенттер
C-FP-1 3,07 3,22 3,38 3,53 3,68 3,78 3,87 3,96 4,05 4,08 4,14
C-FP-2 2,74 2,88 3,01 3,15 3,29 3,37 3,45 3,53 3,62 3,64 3,70
C-FP-3 2,45 2,57 2,70 2,82 2,94 3,01 3,09 3,16 3,23 3,26 3,31
C-FP-4 2,35 2,47 2,59 2,70 2,82 2,89 2,96 3,03 3,10 3,13 3,17
C-FP-5 2,18 2,29 2,40 2,51 2,62 2,68 2,75 2,81 2,88 2,90 2,94
C-FP-6 1,95 2,05 2,15 2,24 2,34 2,40 2,46 2,52 2,57 2,59 2,63
C-FP-7 1,75 1,84 1,93 2,01 2,10 2,15 2,21 2,26 2,31 2,33 2,36
C-FP-8 1,56 1,64 1,72 1,79 1,87 1,92 1,97 2,01 2,06 2,07 2,11
C-FP-9 1,40 1,47 1,54 1,61 1,68 1,72 1,76 1,81 1,85 1,86 1,89
C-FP-10 1,25 1,31 1,38 1,44 1,50 1,54 1,58 1,61 1,65 1,66 1,69
C-FPO-1 2,35 2,47 2,59 2,70 2,82 2,89 2,96 3,03 3,10 3,13 3,17
C-FPO-2 2,15 2,26 2,37 2,47 2,58 2,64 2,71 2,77 2,84 2,86 2,90
C-FPO-3 1,77 1,86 1,95 2,04 2,12 2,18 2,23 2,28 2,34 2,35 2,39
C-FPO-4 1,65 1,73 1,82 1,90 1,98 2,03 2,08 2,13 2,18 2,19 2,23
C-FPO-5 1,52 1,60 1,67 1,75 1,82 1,87 1,92 1,96 2,01 2,02 2,05
C-FPO-6 1,40 1,47 1,54 1,61 1,68 1,72 1,76 1,81 1,85 1,86 1,89
C-FPO-7 1,25 1,31 1,38 1,44 1,50 1,54 1,58 1,61 1,65 1,66 1,69
C-FPO-8 1,12 1,18 1,23 1,29 1,34 1,38 1,41 1,44 1,48 1,49 1,51
C-FPO-9 1,00 1,05 1,10 1,15 1,20 1,23 1,26 1,29, 1,32 1,33 1,35
C-FPO-10 0,88 0,92 0,97 1,01 1,06 1,08 1,11 1,14 1,16 1,17 1,19
C-FPU-1 2,74 2,88 3,01 3,15 3,29 3,37 3,45 3,53 3,62 3,64 3,70
C-FPU-2 2,42 2,54 2,66 2,78 2,90 2,98 3,05 3,12 3,19 3,22 3,27
C-FPU-3 2,18 2,29 2,40 2,51 2,62 2,68 2,75 2,81 2,88 2,90 2,94
C-FPU-4 2,02 2,12 2,22 2,32 2,42 2,48 2,55 2,61 2,67 2,69 2,73
C-FPU-5 1,82 1,91 2,00 2,09 2,18 2,24 2,29 2,35 2,40 2,42 2,46
C-FPU-6 1,63 1,71 1,79 1,87 1,96 1,00 2,05 2,10 1,15 2,17 2,20
C-FPU-7 1,47 1,54 1,62 1,69 1,76 1,81 1,85 1,90 1,94 1,96 1,98
C-FPU-8 1,40 1,47 1,54 1,61 1,68 1,72 1,76 1,81 1,85 1,86 1,89
C-FPU-9 1,33 1,40 1,46 1,53 1,60 1,64 1,68 1,72 1,76 1,77 1,80
C-FPU-10 1,19 1,25 1,31 1,37 1,43 1,46 1,50 1,54 1,57 1,58 1,61
C-FPU-11 1,07 1,12 1,18 1,23 1,28 1,32 1,35 1,38 1,41 1,42 1,44
C-FPU-12 0,98 1,03 1,08 1,13 1,17 1,21 1,24 1,26 1,29 1,30 1,32