Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28.  N 501  (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.  

"Президент пен Үкімет актілерінің  
жинағында" жариялануға тиіс     

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құрылымдары мен штат кестелерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Мемлекеттiк органдарға Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiнде аталған лауазымдар атауларына қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берiлсiн.

      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн және Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 560-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825  Жарлығының  1-тармағының 4) тармақшасы.

      5. Осы Жарлық 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2004 жылғы 17 қаңтардағы 
N 1282 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН         

  Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының
санаттары бойынша тiзiлiмi 

       Ескерту. Тізілімге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.04.21.  N 1556  (2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.30. N  1598  (2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.06. N  1606 , 2005.07.13. N  1614  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

  А санаттарының тобы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi

А-1 санаты

      Бас инспектор

А-2 санаты

      Мемлекеттiк хатшының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Әкiмшiлiк Басшысының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Ceктop меңгерушiсi

А-3 санаты

      Бас сарапшы

А-4 санаты

      Аға сарапшы

А-5 санаты

      Сарапшы
      Референт

А-6 санаты

      Аға маман

А-7 санаты

      Маман

  В санаттарының тобы

  Қазақстан Республикасы Парламентi
Палаталарының Аппараттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Аппараты
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты

В-1 санаты

      Штат саны 8 бiрлiктен кем болмайтын құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi

В-2 санаты

      Штат саны 8 бiрлiктен кем құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi
      Штат саны 8 бiрлiктен кем болмайтын құрылымдық бөлiмше жетекшiсiнiң орынбасары

В-3 санаты

      Премьер-Министрдiң көмекшiсi, кеңесшiсi
      Парламент Палатасы Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Жоғарғы Сот Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Конституциялық кеңес Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң бас инспекторы
      Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi

В-4 санаты

      Премьер-Министр орынбасарының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Парламент Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшiсi
      Парламент Палатасы Аппараты басшысының көмекшiсi
      Жоғарғы Сот Аппараты басшысының көмекшiсi
      Сектор меңгерушiсi
      Бас консультант

В-5 санаты

      Бас сарапшы

В-6 санаты

      Аға сарапшы

В-7 санаты

      Сарапшы
      Референт
      Парламент депутатының көмекшiсi

В-8 санаты

      Аға маман
      Жоғарғы Соттың аға сот приставы

В-9 санаты

      Маман
      Жоғарғы Соттың сот приставы

  С санаттарының тобы

  Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей
бағынатын және есеп беретiн органдар
Орталық атқарушы органдар
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет
Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
Қазақстан Республикасының шетел мекемелері

С-1 санаты

      Орталық орган аппаратының жетекшiсi 1
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппарат жетекшiсi
      Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық жетекшiсi

      ___________________________________
       1  Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа және орталық аппараттың 100 бірліктен кем емес штат санында енгізіледі

С-2 санаты

      Орталық органның департамент директоры 2
      СIМ Ерекше тапсырмалар жөнiндегi елшiсi
      Бас консул
      Сенiмдi уәкiл
      Халықаралық ұйым жанындағы өкiлдiң орынбасары
      Кеңесшi - уәкiл
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiнiң аппараты жетекшiсiнiң орынбасары

      ___________________________________
       2  Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа, өйткенi ведомстволар құрамында департаменттер құрылмайды

С-3 санаты

      Орталық органның департамент директорының орынбасары
      Ұлттық Банк өкілдiгiнiң жетекшiсi
      Шетел мекемесiнiң кеңесшiсi
      Консул - жетекшi

С-4 санаты

      Орталық орган басқармасының бастығы
      Орталық сайлау комиссиясының, Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың бөлiм меңгерушiсi
      Бас консулдықтың консулы
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң, Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың бас сарапшысы
      Орталық органның I-басшысының көмекшiсi (жұмыс тәртiбi бойынша), кеңесшiсi, баспасөз хатшысы

С-5 санаты

      Орталық орган басқарма бастығының орынбасары
      Орталық органның бөлiм бастығы
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң, Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың консультанты

С-6 санаты

      СIМ орталық аппаратының кеңесшiсi
      Орталық органның бас маманы

С-7 санаты

      СIМ және шетел мекемесінің бiрiншi хатшысы

                             С-8 санаты

      СIМ және шетел мекемесінің екiншi хатшысы
      Вице - консул

С-9 санаты

      СIМ және шетел мекемесінің үшiншi хатшысы
      Орталық органның жетекшi маманы

С-10 санаты

      СIМ және шетел мекемесінің атташесi

С-11 санаты

      СIМ және шетел мекемесінің референтi
      Орталық органның маманы

  Орталық мемлекеттiк органдардың облыстық бөлiмшелерi 3
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың кеңселерi

      ___________________________________
       3  Орталық мемлекеттiк органдардың облыстық бөлiмшелерiне орталық мемлекеттiк органдардың республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы бөлiмшелерi де теңестiрiледi

С-О-1 санаты

      Облыстық аумақтық органның жетекшiсi

С-О-2 санаты

      Облыстық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары
      Облыстық және оған теңестiрiлген соттың кеңсе меңгерушiсi
      Тәртiптiк кеңес Хатшылығының меңгерушiсi

С-О-3 санаты

      Облыстық аумақтық орган басқармасының бастығы 4
      Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң аумақтық органы құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi

      ___________________________________
       4  Орталық мемлекеттік органның облыстық бөлімшесінің (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде) 100 бiрлiктердi кем емес штат санында енгізіледі

С-О-4 санаты

      Облыстық аумақтық органның бөлiм бастығы
      Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң аумақтық органының консультанты

С-О-5 санаты

      Облыстық аумақтық органның, облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң бас маманы
      Облыстық аумақтық органның аға сот орындаушысы
      Облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң аға сот приставы

С-О-6 санаты

      Облыстық аумақтық органның, облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң жетекшi маманы
      Облыстық аумақтық органның сот орындаушысы
      Облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң сот приставы

С-О-7 санаты

      Облыстық аумақтық органның, облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң маманы

  Орталық мемлекеттiк органдардың аудандық бөлiмшелерi 5
Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың кеңселерi

     ____________________________________
      5  Орталық мемлекеттік органдардың аудандық бөлімшелеріне орталық мемлекеттік органдардың облыстық маңызы бар қалалардағы және республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы аудандардағы бөлiмшелерi де теңестiрiледi

С-R-1 санаты

      Аудандық аумақтық орган жетекшiсi

      Аудандық және оған теңестiрілген сот кеңсесiнiң меңгерушiсi

С-R-2 санаты

      Аудандық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары

С-R-3 санаты

      Аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi

С-R-4 санаты

      Аудандық аумақтық органның, аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң бас маманы
      Аудандық аумақтық органның аға сот орындаушысы
      Аудандық және оған теңестiрілген сот кеңсесiнiң аға сот приставы

С-R-5 санаты

      Аудандық аумақтық органның, аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң жетекшi маманы
      Аудандық аумақтық органның сот орындаушысы
      Аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң сот приставы

С-R-6 санаты

      Аудандық аумақтық органның, аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң маманы

  D санаттарының тобы

  Облыстар әкiмдерiнiң аппараттары 6
Облыстар мәслихаттарының аппараттары

      ___________________________________
       6  Облыстарға республикалық маңызы бар қалалар мен астана да теңестiрiледi

D-1 санаты

      Облыс әкiмiнiң аппаратын қоспағанда, облыстық аппараттың жетекшiсi

D-2 санаты

      Облыстық аппарат жетекшiсiнiң орынбасары

D-3 санаты

      Облыстық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi
      Облыс әкiмiнiң көмекшiсi (жұмыс тәртiбi бойынша), кеңесшiсi, бас инспекторы

D-4 санаты

      Облыстық аппараттың бас маманы

D-5 санаты

      Облыстық аппараттың жетекшi маманы

D-6 санаты

      Облыстық аппараттың маманы

  Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстық
атқарушы органдар

D-О-1 санаты

      Облыстық атқарушы органның жетекшiсi

D-О-2 санаты

      Облыстық атқарушы орган жетекшiсiнiң орынбасары

D-О-3 санаты

      Облыстық атқарушы органның басқарма бастығы 7  

      ___________________________________
       7  Облыстық атқарушы органың (аудандық атқарушы органдарды есептемегенде) 100 бірліктен кем емес штат санында енгізіледі

D-О-4 санаты

      Облыстық атқарушы органның бөлiм бастығы

D-О-5 санаты

      Облыстық атқарушы органның бас маманы

D-О-6 санаты

      Облыстық атқарушы органның жетекшi маманы

D-О-7 санаты

      Облыстық атқарушы органның маманы

  E санаттарының тобы

  Аудандар әкiмдерiнiң аппараттары 8
Аудандар мәслихаттарының аппараттары

      ___________________________________
       8  Аудандарға облыстық маңызы бар қалалар және республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы аудандар да теңестіріледі

E-1 санаты

      Аудан әкiмiнiң орынбасары

Е-2 санаты

      Аудандық аппараттың жетекшiсi

E-3 санаты

      Аудандық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi
      Аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi, бас инспекторы

E-4 санаты

      Аудандық аппараттың бас маманы

E-5 санаты

      Аудандық аппараттың жетекшi маманы

E-6 санаты

      Аудандық аппараттың маманы

  Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аудандық,
атқарушы органдар

E-R-1 санаты

      Аудандық атқарушы органның жетекшiсi

E-R-2 санаты

      Аудандық атқарушы орган жетекшiсiнiң орынбасары

E-R-3 санаты

      Аудандық атқарушы органның құрылымдық бөлiмше бастығы <*>

E-R-4 санаты

      Аудандық атқарушы органның бас маманы

E-R-5 санаты

      Аудандық атқарушы органның жетекшi маманы

Е-R-6 санаты

      Аудандық атқарушы органның маманы

  Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар
(селолар) әкiмдерiнiң аппараттары

E-G-1 санаты

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкiмiнiң орынбасары 9  

      ___________________________________
       9  Тұрғындар саны кемінде 5 мың болғанда енгiзілуi мүмкін

E-G-2 санаты

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi
      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi

E-G-3 санаты

      Бас маман

E-G-4 санаты

      Жетекші маман

E-G-5 санаты

      Маман

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады