Қырғызстан халқына гуманитарлық азық-түлiктiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне астықтың құнын және гуманитарлық жүктi Бiшкек станциясына дейiн жеткiзу жөніндегi шығындарды өтеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервінен 17930668 (он жетi миллион тоғыз жүз отыз мың алты жүз алпыс сегіз) теңге бөлсiн.
"Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы гуманитарлық жүктi жеткiзу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бірлесіп, Қырғызстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін 1000 (бip мың) тонна азық-түлiктiк бидайды мемлекеттiк сатылатын ресурстардан бiр тоннасын 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша тиеп жөнелтудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бірлесіп, Қырғызстанға гуманитарлық жүктi тасымалдау үшін жылжымалы құрамды уақтылы берудi қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi гуманитарлық көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi