Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 965 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528 өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі осы қаулы қабылданған сәттен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен келiсiлген көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 сәуірдегі
N 397 қаулысымен
мақұлданған
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
акционерлiк қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
тұжырымдамасы
Кiрiспе
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында және басым мiндеттерi экономиканы диверсификациялау мен шағын бизнестi дамыту жөнiнде жеделдетiлген шараларды iске асыру болып белгiленген экономиканы дамытудың қазiргi заманғы талаптары тұрғысында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрі - Қор) рөлі мен мәнi өсуде. Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын iске асыру жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыра отырып, Қор 1997 жылдан бастап белгілi бiр тәжiрибе және әлеует жинақтады. Бұл Қорға, макроэкономикалық үрдiстердi де, республикадағы кәсiпкерлiктiң даму деңгейiн де ескере отырып, өз қызметiнiң басымдықты бағыттарын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi, бұл ретте экономиканың осы саласын дамытуды қолдаудың әлемдiк тәжiрибесi пайдаланылады.
Қор өз қызметiнiң негiзгi бағыттарын қалыптастыру кезiнде, олардың бизнестiң жетiлу дәрежесiне байланысты бiрiктiре отырып, шағын бизнес аясын мақсат топтар бойынша сегменттейдi. Қор дамытып отырған оқыту, ақпараттық қолдау, консалтинг және қаржылық-кредиттік қолдау жөнiндегi қызметтердi (микрокредит беру, жобалық қаржыландыру шарттарында кредит беру, қаржы лизингі, кредиттерді кепiлдендiру) қамтитын өнiмдiк тiзбе әртүрлі мақсатты топтардың қажеттiліктерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. Мұндай тәсiл кәсіпкерлік бастаманың "өсу нүктелерiн" анықтауға және қолдауға бағытталған және Қорға бөлiнетін бюджеттiк қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуi тиiс.
2002 жылдан бастап Қор жеңілдiктi кредиттiк ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық өңiрлерiнде филиалдық желілер құру арқылы кәсіпкерлерге кредит берудi жүзеге асыруды бастады. Нәтижесiнде 2005 жылғы 1 наурыздағы жай-күй бойынша Қор 7497,1 млн.теңге сомадағы 884 жобаны тiкелей қолдады, оның 4915,3 млн. теңге сомадағы 574 жобасы өңiрлiк филиалдар арқылы. Салалық құрылым: өнеркәсiп - 39,5 %, ауыл шаруашылығы - 21%, құрылыс материалдары өндiрiсiн қоса алғанда, құрылыс - 11,3%, қызметтер саласы - 28,2%.
2005 жылғы 1 қаңтарға Қордың несие портфелі 12639,8 млн. теңгенi құрады және берілетін кредиттер көздерi тұрғысында мынадай түрде берiлдi:
1. ЕБРР-ның кредиттік желiсi - 5590,7 млн. тг. Қарыз алушыларға қойылатын шарттар: пайыздық ставканы екiншi деңгейдегi банктер белгiлейдi және бiр жылға 27-30%-ды құрайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысына сәйкес бөлiнген республикалық бюджеттің қаражаты - 300 млн.тг. Қарыз алушыларға қойылатын шарттар: түпкiлiктi қарыз алушы үшiн бiр жылға 12%, оның 7%-ы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және 5%-ы - Қордың сыйақылары.
3. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы - 730,3 млн.тг. Қарыз алушыларға қойылатын шарттар: түпкiлiктi қарыз алушыға бip жылға 7%.
4. Қордың меншiктi қаражаты - 6059,7 млн. тг. Қарыз алушыларға қойылатын шарттар: түпкiлiктi қарыз алушы үшiн бір жылға 10%.
Осы Тұжырымдаманың мақсаты қажеттiлiктi қалыптастыратын, өздерiнiң кәсiпкерлiк әлеуеті мен бастаманы iске асыруды қалайтын халықтың әртүрлі жіктерінің мүдделері мен мүмкiндiктерiне жауап беретiн "тауарлар мен қызметтер" ұсынылуы тиiс "қаржылық супермаркет" қағидаты бойынша Қор қызметiн қалыптастыру болып табылады. Қор шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдаудың жүйе құратын элементi ретiнде қызметтiң мынадай бағыттарын кеңейтетiн және күшейтетiн болады:
шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-кредиттiк қолдау;
кәсіпкерлікті оқу-әдiстемелiк, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау.
І. Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiн
қаржылық-кредиттік қолдау
Мақсаты мен мiндеттерi.
Қордың шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн қаржылық қолдау жөнiндегi қызметiнiң негізгi мақсаты қаржы қызметтерінің әралуан түрлерiн ұсыну және олардың қол жетiмдiлігін қамтамасыз ету
Ағымдағы жай-күй
1. Микроқаржылық секторды дамытудың республикадағы қаржылық жүйесiнiң үшiншi деңгейi ретiндегi қазiргi заманғы жай-күйі халықтың қалың жігінiң кәсiпкерлiк бастамасын және қоғамда бизнес-климат құруды қаржылық қолдау талаптары мен мiндеттерiне жауап бермейдi.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерiнiң бәсекеге қабiлетті тауарлар мен қызметтердi шығару бойынша жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңа бизнес құру үшiн қаржылық ресурстарға қажеттiлiктерi өндiрiстiк мақсаттағы жылжымайтын мүлікке, жерге, жабдыққа және материалдарға бағалардың өсуiмен байланысты қалыптасқан объективтi жағдаймен шектеледі.
Ағымдағы жағдай қазiргi уақытта Қор беретiн қаржылық қызметтердi кеңейтудi және жетiлдiрудi талап етедi.
Негізгi шаралар.
Микрокредит беру жүйесiн дамыту мақсатында мыналар болжамдалады:
микрокредиттiк ұйымдардың желiлерiн құру және оларды ресурстық қолдау;
микрокредиттiк ұйымдардың қызметiне мониторингтi, микроқаржыландырудың әдiснамасы мен стандарттарын әзiрлеудi және енгiзудi қамтамасыз ететiн Қордың микрокредит беру орталығын құру және қалыптастыру;
кәсiпкерлiктi оқу-әдiстемелiк қолдаудың басым бағыты ретiнде микрокредит беру процесiне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру.
Кепiлдендiрудi дамыту мақсатында мыналар болжамдалады:
екiншi деңгейдегi банктермен республикалық және өңiрлiк деңгейдегi ынтымақтастық туралы бас келiсiмдер жасасу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олар екiншi деңгейдегi банктерден кредиттер алған кезде жоба құнының 50-ден 80 процентке дейiнiн жабатын кепiлдiктер беру;
жобалық қаржыландыруды дамыту мақсатында мыналар болжамдалады:
оралмандар, жастар, зейнеткерлiк жастағы ықтимал кәсiпкерлер, кәсiпшiлер, мүгедектер үшiн арнайы кредиттік желiлер ашу;
кейiннен кәсiпкер шығындарының 50 пайызын өтей отырып, менеджмент сапасының халықаралық стандарттарын енгiзуге кредит беру;
франчайзингтiк операцияларға кредит беру;
шағын бизнестi қолдау инфрақұрылымдарына қатысушыларға кредит беру;
шағын бизнес кәсiпорындарын Қордың қарызға алған қаражатының есебiнен кезең-кезеңмен капиталдандыру үшiн кредиттiк желi ашу.
Қаржы лизингiн дамыту мақсатында шағын кәсiпорындардың негiзгi қорларын жаңалауды және қайта жаңалауды көздейтiн жобаларды қаржыландыру көлемдерiн кеңейту болжанып отыр.
2. Кәсiпкерлікті оқу-әдiстемелік, ақпараттық-талдамалық
және консалтингтік қолдау
Мақсаты мен мiндеттерi.
Қызметтiң осы бағытының мақсаты шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi бiлiмдерiнiң қаржылық-кредиттiк саясат саласындағы деңгейiн ақпараттық қолдаудың, сапалы оқыту мен консалтингтің кешендiк жүйесiн қалыптастыру арқылы көтеру болып табылады. Осы мақсатты iске асыру үшiн Қор мынадай мiндеттердi шешетiн болады:
кәсiпкерлiктi насихаттау және халықты бизнеске тарту;
шағын кәсiпкерлiк субъектілерінің, олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң және мемлекеттiк органдардың өзара тиiмдi iс әрекетiн қамтамасыз ету;
Қор филиалдарының жанынан шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың өңiрлiк орталықтарын құрудың мақсаты - барлық мүдделi және қатысты құрылымдардың күшiн кәсiпкерлерге қызметтердi ұсыну процесiне жұмылдыру үшiн жаңа ақпараттық және консультациялық технологияларды дамыту.
Ағымдағы жай-күй.
Ағымдағы жай-күйдi талдау кәсiпкерлер бiлiмдерiнiң деңгейi өз бизнесiн тиiмдi ұйымдастырудың талаптарына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпкерлердi оқытуды басқару жүйе ретiнде қалыптасқан жоқ, оқыту бағдарламалары кәсiпкерлердiң қажеттiлiгiне емес, қолда бар оқытушылық құрамның мүмкiндiктерiне бағдарланған.
Қор шағын бизнестің қаржылық супермаркетi ретiнде
"оқыту - консалтинг - кредит беру - мониторинг" қағидаты бойынша оқыту жүйесiн қалыптастырады.
Негiзгi шаралар.
Көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай шараларды қабылдау қажет:
кәсiпкерлiктi дамытуды ұдайы талдау, оның iшiнде кәсiпкерлiктiң проблемалық мәселелерiн шешуге бағытталған зерттеулердi жүргiзу;
бiрыңғай веб-сайт құру арқылы кәсiпкерлiктi қолдаудың ақпараттық базасын, оның iшiнде қашықтық консалтингiн және қашықтықтан оқытуды дамыту;
кәсiпкерлiк инфрақұрылымының субъектiлерiмен белсендi өзара iс-қимыл саясатын жүргiзу;
Қор базасында оқыту-талдамалық орталықтың жұмысын ұйымдастыру;
олар арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн ақпараттық-консалтингтiк қызметтер рыногы қалыптасатын (бастапқы кезде - мемлекеттiк тапсырыс есебiнен) жеке институттарды қолдау (оқыту және консалтингтiк фирмалар және т.б.);
Қор ұсынатын қаржылық қызметтердiң барлық спектрi бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн консалтингтiк қолдау (Қордың өңiрлiк филиалдарының жанынан құрылатын Кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары арқылы);
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi жөнiндегi мерзiмдi басылымдарды шығаруды қамтамасыз ету.
Шағын кәсiпкерлiктiң оқыту мен консалтингiнiң мынадай бағыттарын дамыту ұсынылады:
жобалық қаржыландыру және оқу орталықтары үшiн бизнес-жоспарлар әзiрлеу жөнiндегi жаттықтырушыларды және оқыту компанияларын, яғни шағын бизнес инфрақұрылымының өкiлдерiн оқыту;
микрокредит беру ұйымдары қызметкерлерiнiң тренингтерiн және бастапқы бизнестi құру жөнiндегi мамандандырылған курс арқылы алғаш бастаған кәсiпкерлердi оқытуды өзiне қамтитын микрокредит берудi оқытудың әдiснамасын әзiрлеу;
қашықтық консалтингi және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн Қордың веб-сайтын дамыту арқылы қашықтықтан оқыту;
Қор мамандарының ұдайы консультация беруi және мониторингi арқылы консалтинг және әрекет ететiн кәсiпкерлердi жобаның бизнес-жоспарын дәйектi iске асыруды көздейтiн бизнестi жобалық басқару әдiстерiне оқыту.
Тұжырымдаманы iске асырудан күтілетiн нәтижелер.
Тұжырымдаманың iс-шараларын орындау шеңберiнде Қор ұсынатын қаржылық қызметтердiң спектры кеңейтiлетiн және шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне мынадай қызметтер көрсетілетiн болады: жобалық кредит беру; микрокредит беру; қаржы лизингі; банктермен бiрлесiп қаржыландыру; франчайзингтік операцияларға кредит беру; кредиттерге кепiлдiк беру; халықаралық сапа стандарттарын енгізу шығындарының 50%-ын өтеу; оқыту және консалтинг; шағын бизнестi дамытуды ақпараттық қолдау.