Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 411 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 686 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10.   N 686  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөнiндегi қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына лицензиялар берудiң тәртібінде:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi қызметкерлерінің саны олардың мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi сан нормативiнен аспауы керек. Сан нормативін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар.";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының  заңнамалық  кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, лицензиат бір айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш бередi.
      Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм ішiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
      Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
      Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат телқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық  заңнамасында  белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
      23-тармақта:
      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке күзет ұйымының, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесi басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе құқық қорғау органдарындағы кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi болуы және күзетшiлерге қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      Күзет бөлiмшесiн құру кезінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) күзетшi лауазымына 21 жасқа толған, күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнайы курсын) өткен, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн;";
      3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
      1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға осы Тәртiптiң 23-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар қойылады;
      2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенi туралы құжаттың және iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторынан мiнездеменiң болуы;
      3) оның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың болуы.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар берудің  тәртiбiнде :
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңды және жеке тұлғалар тек атауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты бар арнайы техникалық құралдарды ғана пайдалана алады.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) көрсетiлген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензия алу кезінде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына лицензиаттың сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда лицензиат бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
      Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
      Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
      Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат төлқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
      19, 20-тармақтар мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1999 года N 1507

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2005 года N 411. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2007 года N 686

       Сноска. Постановление Правительства РК от 29 апреля 2005 г. N 411   утратило силу постановлением Правительства РК от 10 августа 2007 г. N  686  (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после официального опубликования).

      

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 1999 года N 1507 "Об упорядочении деятельности по выдаче государственных лицензий в сфере охранных услуг" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 48, ст. 461) следующие изменения и дополнения:
      1) в Правилах выдачи лицензий на осуществление охранной деятельности юридическими и физическими лицами, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
      "5-1. Численность работников частной охранной организации, охранного подразделения индивидуальных предпринимателей и юридических лиц не может превышать норматива численности, необходимого для выполнения их задач. Норматив численности устанавливается Правительством Республики Казахстан.";
      пункт 9 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к юридическим лицам, осуществляющим охранную деятельность.";
      пункт 10 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к физическим лицам, осуществляющим охранную деятельность.";
      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания:
      "13-1. В случае изменения наименования (в том числе изменения организационно-
правовой формы, за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан), местонахождения (если оно указано в лицензии) юридического лица, лицензиат в течение месяца подает заявление о переоформлении лицензии с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      В случае изменения фамилии, имени, отчества физического лица, лицензиат сообщает об этом лицензиару письменно в месячный срок с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      Лицензиар в течение десяти дней со дня подачи лицензиатом соответствующего письменного заявления переоформляет лицензию.
      При переоформлении лицензии и выдаче указанного документа уплачивается лицензионный сбор в порядке и размере, установленных налоговым законодательством Республики Казахстан.
      При утере лицензии лицензиат получает его дубликат. Лицензиар в течение десяти дней производит выдачу дубликата лицензии по письменному заявлению лицензиата. При этом лицензиат уплачивает лицензионный сбор в размере, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан.";
      в пункте 23:
      подпункты 1), 2) изложить в следующей редакции:
      "1) руководитель частной охранной организации, ведомственного охранного подразделения государственного органа, охранного подразделения юридического лица и индивидуального предпринимателя должен иметь высшее юридическое образование или стаж работы не менее трех лет в правоохранительных органах и соответствовать требованиям, предъявляемым к охранникам.
      При создании охранного подразделения юридическое лицо или индивидуальный предприниматель разрабатывает и утверждает Положение об охранном подразделении;
      2) на должность охранника могут быть приняты граждане Республики Казахстан не моложе 21 года, прошедшие специальную подготовку охранника (специальный курс обучения охранника), не имеющие судимости, годные по состоянию здоровья к занятию охранной деятельности (отсутствие противопоказаний к владению оружием, связанных с нарушением зрения, психическим заболеванием, алкоголизмом или наркоманией);";
      подпункты 3), 4) исключить;
      пункт 24 изложить в следующей редакции:
      "24. Квалификационные требования для физических лиц включают следующее:
      1) к физическому лицу, претендующему на получение лицензии на охранную деятельность, предъявляются требования, предусмотренные подпунктом 2) пункта 23 настоящих Правил;
      2) наличие документа о регистрации по постоянному местожительству и характеристики участкового инспектора полиции органов внутренних дел;
      3) наличие документа, подтверждающего его регистрацию в качестве индивидуального предпринимателя.";
      2) в Правилах выдачи лицензий на право занятия деятельностью по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      "4-1. При осуществлении деятельности по монтажу, наладке и техническому обслуживанию средств охранной сигнализации на территории Республики Казахстан юридические и физические лица могут использовать только специальные технические средства, имеющие сертификат соответствия Государственной системы сертификации Республики Казахстан, наименование которых определяется ежегодным бюллетенем Министерства внутренних дел Республики Казахстан.";
      пункт 5 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) документы, подтверждающие соответствие лицензиата квалификационным требованиям, предъявляемым к юридическим и физическим лицам, при получении лицензии на право занятия указанными видами деятельности.";
      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      "8-1. В случае изменения наименования (в том числе изменения организационно-правовой формы, за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан), местонахождения (если оно указано в лицензии) юридического лица, лицензиат в течение месяца подает заявление о переоформлении лицензии с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      В случае изменения фамилии, имени, отчества физического лица, лицензиат сообщает об этом лицензиару письменно в месячный срок с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      Лицензиар в течение десяти дней со дня подачи лицензиатом соответствующего письменного заявления переоформляет лицензию.
      При переоформлении лицензии и выдаче указанного документа уплачивается лицензионный сбор в порядке и размере, установленных налоговым законодательством Республики Казахстан.
      При утере лицензии лицензиат получает его дубликат. Лицензиар в течение десяти дней производит выдачу дубликата лицензии по письменному заявлению лицензиата. При этом лицензиат уплачивает лицензионный сбор в размере, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан.";
      пункты 19, 20 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) иметь помещение, отвечающее санитарным и экологическим нормам, оборудование (или договор на их аренду) для осуществления наладки, технического обслуживания средств охранной сигнализации и проверки технического состояния монтируемого оборудования.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан