Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10.
N 686
(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөнiндегi қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына лицензиялар берудiң тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi қызметкерлерінің саны олардың мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi сан нормативiнен аспауы керек. Сан нормативін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) күзет қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Заңды тұлғаның атауы (оның ішінде Қазақстан Республикасының
заңнамалық
кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда, лицензиат бір айдың iшiнде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiніш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм ішiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат телқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында
белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
23-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке күзет ұйымының, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесi басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе құқық қорғау органдарындағы кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi болуы және күзетшiлерге қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.
Күзет бөлiмшесiн құру кезінде заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Күзет бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
2) күзетшi лауазымына 21 жасқа толған, күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнайы курсын) өткен, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көзiнiң нашар көруiне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қаруды меңгеруiне қарсы көрсеткiштердiң болмауы) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдануы мүмкiн;";
3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) күзет қызметiне лицензия алуға үмiткер жеке тұлғаға осы Тәртiптiң 23-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптар қойылады;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелгенi туралы құжаттың және iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторынан мiнездеменiң болуы;
3) оның жеке кәсiпкер ретiнде тiркелгенiн растайтын құжаттың болуы.";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар берудің
тәртiбiнде
:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңды және жеке тұлғалар тек атауы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты бар арнайы техникалық құралдарды ғана пайдалана алады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) көрсетiлген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензия алу кезінде заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына лицензиаттың сәйкестiгін растайтын құжаттар.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Заңды тұлғаның атауы (оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлсе) өзгерген жағдайда лицензиат бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда лицензиат көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде лицензиарға хабарлайды.
Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төленедi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда лицензиат төлқұжат алады. Лицензиар он күннiң iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телқұжатын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.";
19, 20-тармақтар мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) күзет сигналын беру құралдарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөнделетін жабдықтың техникалық жағдайын тексерудi жүзеге асыру үшiн санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретiн үй-жайдың, жабдықтың (немесе оларды жалға алу шартының) болуы.".