Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 мамырдағы N 457 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 69 бұйрығын қараңыз.

      "Iшкі су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 14 мамырдағы
N 457 қаулысымен   
бекiтілген      

  Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi

      1. Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ішкі су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  8-бабының  8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ереже iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырайтын көлiк оқиғаларын болдырмау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн регламенттейдi.

      3. Лоцмандар арасында орындалатын жұмыстың ара жiгiн ажыратуды лоцмандардың даярлық дәрежесiне, алып өтетiн кемелердiң түрi мен мөлшерiне және лоцмандық алып өту ауданының жағдайын көрсететiн басқа да факторларға байланысты лоцмандық қызмет белгiлейдi.

      4. Лоцмандар лоцмандық алып өтудi көздейтiн кеме қатынасы су жолдары учаскелерiнiң жай-күйiн бақылайды және осы учаскелердiң тереңдiгiн өлшеудi жүргiзедi.

      5. Лоцмандар апатты жағдайлар бойынша (судың тартылуы, тұман) оларды қауiпсiз алып өту қамтамасыз етілмейтiн жағдайлардан басқа тәулiктiң кез келген уақытында кеменi алып өтедi.

      6. Кемелердi алып өту кезiнде лоцмандар навигациялық қоршаулардың жай-күйi мен дұрыстығын бақылайды және барлық ақаулар мен кемшiлiктер туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесiне (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) дереу хабарлайды. Олар алып өтетiн кемелердегi немесе жолда кездесетiн басқа кемелердегі барлық авариялық жағдайлар туралы да хабарлайды.

      7. Лоцмандар кеменің жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануының алдын-алу ережелерiн алып өтетін кемелердiң сақтауын бақылайды.

      8. Лоцмандар кемелердiң жүзу ережесiн және iшкi су көлiгi саласында қолданылып жүрген өзге де ережелердi сақтаудың анықталған бұзушылықтары туралы алып өтетiн кемелердiң капитандарын хабардар етедi және анықталған бұзушылықтарды жоюды ұсынады, ал капитан көрсетiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда бұл туралы дереу тиiстi аумақтық бөлiмшеге хабарлайды.

      9. Лоцмандық алып өту ауданында кемеде авария немесе адамдармен, жазатайым оқиға болған жағдайда лоцмандар көмек көрсету жөнiндегi барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдайды.

      10. Лоцмандық алып өтудi жүргiзу қажеттiлiгi кезiнде кемe капитаны лоцмандық қызметке лоцманға арналған өтінімдi бередi, лоцман кемеге өтінiмде көрсетiлген уақытта келедi. Лоцманның көрсетiлген мерзiмде келуi мүмкін болмаған жағдайда, лоцмандық қызмет кеме капитанына лоцманның келу уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      11. Егер кеме лоцманды қабылдайтын жерге капитан өтiнiмде көрсеткен уақытта келмесе, мұндай жағдайларда кешiккен кеме лоцмандық алып өтумен кезек тәртiбiнде қамтамасыз етiледi.

      12. Капитан лоцманды кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және бұл ретте лоцмандық боттың (кеменің) зақымдалуына жол бермейді. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман ботымен байланыс ұстауға және онымен өз әрекетiн келiсуге тиiс. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде - "Менiң бортымда лоцман бар" деген жалау белгiсi көтерiледi.

      13. Лоцманды лоцмандық боттан келе жатқан кемеге түсiру мүмкiн болмайтын қолайсыз ауа райы жағдайында осы кеменiң капитанымен келiсiм бойынша лоцман алып өтудi лоцманды кеме бортына мүмкiн болатын жерге дейiн бастап жүру әдiсiмен жүзеге асыруы мүмкiн. Кеме мен лоцман боты арасында сенiмдi байланыс қамтамасыз етілуi тиiс.

      14. Лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру кезiнде кеме капитаны лоцманға кеменiң шөгуi, ұзындығы, ені мен сыйымдылығы туралы дәл деректер бередi.
      Лоцман кеме капитанынан кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру үшiн лоцманға қажеттi кеме туралы өзге деректердi де (маневрлiк сипаттамалар және басқалар) талап етуi мүмкін.

      15. Кеме капитаны лоцманның талабы бойынша оның қызметтік жұмысы мәселелерi жөнiнде байланысуы үшiн кеме радиостанциясын оған пайдалануға бередi.

      16. Лоцмандық алып өту қауiпсiздігінде көрiнiс табатын жағдайлар (көрiнудiң нашарлауы, тұман, кеме жолы тереңдiгінің азаюы) туындаған кезде кеме капитаны лоцманның талабы бойынша лоцман көрсеткен тәртiппен кеме электр радионавигацияпық жабдығының құралдарын (эхолот, радиолокатор, радиопеленгатор) пайдаланады. Алып өту ауданында жағалаулық радиолокациялық станция болған кезде лоцман бұл жағдайларда аталған станцияның қызметін пайдалануы мүмкiн.

      17. Жүзу қауiпсiздiгi мақсатында кеме капитаны лоцманның ұсынымдарын басшылыққа алады. Рульдi басқарушыға барлық бұйрықтарды капитанның өзі бередi. Егер де маневрдi орындауды жеделдету мақсатында капитан лоцманның өзiне бұйрық беруге рұқсат етсе, онда бұл жағдайда да олар капитан бұйрығы бойынша орындалған болып саналады, ол үшiн капитан жауапты болады.

      18. Егер капитан кемеге лоцманды қабылдап, оның ұсынымдарын ескермесе, соңғысының үшiншi тұлғаның қатысуымен кеменi алып өтудi жалғастырудан бас тартуы мүмкiн, бұл туралы кеме журналында жазылуы тиiс. Бұдан басқа, лоцман болған оқиға туралы лоцмандық қызметке дереу хабарлайды. Алайда, алып өтуден бас тартқаннан кейiн де лоцман мiнбеде қалады және де, егер капитанға қауiпсiз жүзу үшін мәлiметтер қажет болса, ол олар туралы хабарлайды.

      19. Лоцман ұсынымының дұрыстығына күмән болған жағдайда кеме капитаны оның қызметiнен бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте мүмкiн болатын мiндетті лоцмандық алып өту ауданында кеме басқа лоцманның келуiн күтуге тоқтатылуы тиiс.

      20. Лоцман капитанның келiсiмiнсiз кеме қауiпсiз жерде зәкiрге отырғызылғанға немесе лоцман басқа лоцманмен ауыстырылғанға дейiн кеменi тастай алмайды.

      21. Кеме капитаны мiндеттi емес лоцмандық алып өту аудандарында, қажет жағдайда, шығыстарды кеме иесінің есебiне жатқыза отырып, лоцманды кемеге алуы мүмкiн.

      22. Лоцман және ол қызметкерi болып табылатын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапты болады.

      23. Тиiсiнше лоцмандық алып өтпеуге кiнәлi лоцманды аумақтық бөлiмшенiң, ол қызметкерi болып табылатын ұйымның және лоцмандық қызметтің басшыларынан құрылатын бiлiктiлiк комиссиясы мамандығынан айыруы мүмкiн.

Об утверждении Правил осуществления лоцманской проводки судов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2005 года № 457. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 624

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 624 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 69.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления лоцманской проводки судов.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены            
постановлением Правительства   
Республики Казахстан       
от 14 мая 2005 года N 457    

  Правила
осуществления лоцманской проводки судов

      1. Правила осуществления лоцманской проводки судов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте".
      2. Настоящие Правила регламентируют порядок осуществления лоцманской проводки судов в целях обеспечения безопасности судоходства по внутренним водным путям и предотвращения транспортных происшествий с судами.
      3. Разграничение выполняемой работы между лоцманами устанавливает лоцманская служба в зависимости от степени подготовленности лоцманов, типа и размеров проводимых судов и других факторов, отражающих условия района лоцманской проводки.
      4. Лоцманы следят за состоянием участков судоходных водных путей, предусматривающих лоцманскую проводку, и производят промер глубин на данных участках.
      5. Лоцманы проводят судна в любое время суток, кроме случаев, когда по стихийным условиям не обеспечивается их безопасная проводка (спад воды, туман).
      6. Во время проводки судов лоцманы следят за состоянием и правильностью навигационного ограждения и немедленно сообщают территориальному подразделению уполномоченного органа (далее - территориальное подразделение) обо всех неисправностях и недостатках. Они также сообщают обо всех аварийных случаях с проводимыми судами или с другими судами, встретившимися на пути.
      7. Лоцманы следят, чтобы проводимыми судами соблюдались правила плавания судов и предотвращения загрязнения с судов сточными и нефтесодержащими водами внутренних водных путей.
      8. Лоцманы информируют капитанов проводимых судов о выявленных нарушениях соблюдения правил плавания судов и иных действующих правил в области внутреннего водного транспорта и рекомендуют устранить выявленные нарушения, а в случае неустранения капитаном указанных нарушений, немедленно сообщают об этом соответствующему территориальному подразделению.
      9. В случае аварии с судном или несчастного случая с людьми в районе лоцманской проводки лоцманы принимают все возможные меры по оказанию помощи.
      10. При необходимости проведения лоцманской проводки капитан судна подает заявку на лоцмана в лоцманскую службу, лоцман прибывает на судно к указанному в заявке времени. В случае невозможности прибытия лоцмана к указанному сроку, лоцманская служба сообщает капитану судна о времени и месте прибытия лоцмана.
      11. В случае, если судно не прибыло к месту приема лоцмана в указанное в заявке капитаном время, опоздавшее судно в таких случаях обеспечивается лоцманской проводкой в порядке очереди.
      12. Капитан обеспечивает быстрый и безопасный прием лоцмана на борт судна и не допускает при этом повреждений лоцманского бота (судна). Во время приема и высадки лоцмана капитан судна должен держать связь с лоцманским ботом и согласовывать с ним свои действия. С момента прибытия лоцмана и до ухода его на судне поднимается флажный сигнал - "У меня на борту есть лоцман".
      13. В случае непогоды, когда невозможно высадить лоцмана с лоцманского бота на идущее судно, по согласованию с капитаном этого судна лоцман может осуществить проводку методом лидирования до места, где можно будет принять лоцмана на борт судна. Между судном и лоцманским ботом должна быть обеспечена надежная связь.
      14. При осуществлении лоцманом лоцманской проводки судна капитан объявляет лоцману точные данные об осадке, о длине, ширине и вместимости судна.
      Лоцман также может затребовать от капитана судна иные данные о судне (маневренные характеристики и другие), которые необходимы лоцману для осуществления лоцманской проводки судна.
      15. Капитан судна по требованию лоцмана предоставляет ему в пользование судовую радиостанцию для связи по вопросам его служебной деятельности.
      16. При возникновении обстоятельств, отражающихся на безопасности лоцманской проводки (ухудшение видимости, туман, уменьшение глубин судового хода), капитан судна по требованию лоцмана использует в порядке, указанном лоцманом, средства судового электрорадионавигационного оборудования (эхолот, радиолокатор, радиопеленгатор). При наличии в районе проводки береговой радиолокационной станции лоцман в этих случаях может воспользоваться услугами данной станции.
      17. В целях безопасности плавания капитан судна следует рекомендациям лоцмана. Все приказания рулевому капитан отдает лично. Если же в целях ускорения выполнения маневра капитан разрешает лоцману самому отдавать приказания, то и в этом случае они будут считаться как выполненные по приказанию капитана, за которые он несет ответственность.
      18. Если капитан, приняв на судно лоцмана, не будет следовать его рекомендациям, последний может в присутствии третьего лица отказаться от продолжения проводки судна, об этом должно быть записано в судовом журнале. Кроме того, лоцман немедленно сообщает о происшедшем в лоцманскую службу. Однако и после отказа от проводки лоцман остается на мостике и, если капитану потребуются сведения, необходимые для безопасного плавания, он сообщает о них.
      19. В случае сомнения в правильности рекомендаций лоцмана капитан судна может отказаться от его услуг. При этом в районе обязательной лоцманской проводки, где это возможно, судно должно быть остановлено в ожидании прибытия другого лоцмана.
      20. Лоцман не может без согласия капитана оставить судно прежде, чем оно не будет в безопасном месте поставлено на якорь или пока лоцман не будет сменен другим лоцманом.
      21. В районах необязательной лоцманской проводки капитан судна может, в случае необходимости, взять на судно лоцмана с отнесением расходов за счет судовладельца.
      22. Лоцман и организация, работником которой он является, несут ответственность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.
      23. Лоцман, виновный в ненадлежащей лоцманской проводке, может быть дисквалифицирован квалификационной комиссией, созданной из руководителей территориального подразделения, организации, работником которой он является, и лоцманской службы.