Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2004 жылғы 22 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы және оны пайдалану жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдар туралы келiсiм бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы
Yкiметiнiң арасындағы Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетін шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы
және оны пайдалану жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдар туралы
КЕЛIСIМ
(2005 жылғы 22 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
екi мемлекеттің өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда-экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттігінен шыға отырып,
Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдар туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниетiн бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде:
"көпiр" терминi деп Қиғаш өзенiнің негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi алынады;
"шекаралық көпiр өткелi" терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ оған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.
2-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi Тараптардың уәкiлеттi органдары:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi жүзеге асырады.
Өздерiнiң уәкiлеттi органдары өзгерген жағдайда Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы кiдiрiссiз хабардар етедi.
3-бап
Шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету үшін жауапты органдар:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Федералдық жол агенттiгi және Астрахань облысының әкiмшiлiгi болып табылады.
Жоғарыда аталған жауапты органдар атауларының немесе функцияларының өзгеруi туралы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.
4-бап
1. Тараптар келесi қағидаттармен келiсті:
шекаралық көпiр өткелiн салу шекаралық Қиғаш өзенiнің су тасқыны бағытын өзгертпеуi, оның арнасына, жаға сызығы мен мемлекеттiк шекараның өту сызығына өзгерiстер енгiзбеуi, осы ауданда кеме қатынасының қауiпсiздiгiне, экологиялық және өзге де қауiпсiздiкке зиян келтiрмеуi тиiс;
көпiр бiрге салынуы тиiс;
құрылыс аяқталған соң көпiр Тараптардың бiрлескен меншiгi болады, оны пайдалану, күтiп ұстау және оған қызмет көрсету бiрігіп атқарылады.
2. Шекаралық көпiр өткелi пайдаланудың, күтiп ұстаудың және қызмет көрсетудің нақты кестесiне Тараптардың осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетілген органдары қосымша келiседi.
5-бап
1. Көпiр өткелiн жобалау және салу үшiн осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген Тараптардың органдары тепе-теңдiк негізде бiрыңғай тапсырыс берушiнiң қызметiн құрады.
2. Көпiрдi салуға байланысты барлық шығыстарды, соның iшiнде материалдық-техникалық ресурстарды тарту мен жобалау-iздестiру жұмыстарына арналған шығындарды, сондай-ақ көпiр құрылысына байланысты басқа да шығындарды Тараптар тең үлеспен бөлiседi.
3. Көпiрге көлiктiк кiреберiстер, қосалқы объектiлер мен құрылыстар салуды әрбiр Тарап өз мемлекетiнiң аумағында дербес жүзеге асырады және көпiрдiң құрылысымен бiр уақытта аяқтайды.
4. Шекаралық көпiр өткелiн салуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң сыныптан тыс көпiрлер салу тәжiрибесi, техникалық мүмкiндігі және тиiстi қызметшiлерi бар мамандандырылған көпiр салу ұйымдары тең шарттарда тартылады.
6-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн өте қысқа мерзiмде осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетілген органдар ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi, көпiр және шекаралық көпiр өткелiн салудың нақты мәселелерiн, соның iшiнде олардың нәтижелерiн бекiтудi қоса алғанда, iздестiру және жобалау жұмыстарын жүргiзудi реттейтiн қажеттi шарттық құжаттарды, көпiрдi пайдалану және оған қызмет көрсету режимiн әзiрлейдi және оларға қол қояды.
7-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде, шекаралық көпiр өткелiн салу, пайдалану және оған қызмет көрсету барысында туындайтын дауларды шешудi Тараптардың уәкiлеттi органдары консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
8-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм 5 жылға жасалады. Алдағы уақытта егер Тараптардың біреуі екiншi Тарапты осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы кезектi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiн алты ай бұрын жазбаша хабардар етпесе, осы Келiсiмнiң күшi келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылады.
2004 жылғы 22 желтоқсанда, Мәскеу қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлдегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн