2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кiру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткiзу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын (бұдан әрi - конференция) өткiзудi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi шақырған шетелдiк азаматтарға - конференцияға қатысушыларға визалық қолдау көрсетсiн және консулдық алымдар төлемей, виза берудi жүргiзсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi