2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кiру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткiзу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 462 Қаулысы

      2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кiру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткiзу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын (бұдан әрi - конференция) өткiзудi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi шақырған шетелдiк азаматтарға - конференцияға қатысушыларға визалық қолдау көрсетсiн және консулдық алымдар төлемей, виза берудi жүргiзсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады