Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан
Республикасы Үкiметi арасындағы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Yкiметi арасындағы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 18-бабына сәйкес мына төмендегiлер туралы келiстi:
1. Келiсiмге мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келiсілген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшiн жоюдың қоса берiлiп отырған кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алып қоюдың күшiн жоюға келiстi.
3. Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар түсiнiледi.";
2) осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2005 жылғы "__" _______ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ержелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркiн сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметi
мен Әзiрбайжан Республикасының
Үкiметi арасындағы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтыру
енгiзу туралы хаттамаға
қосымша
1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркiн сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметi
мен Әзiрбайжан Республикасы
Үкiметi арасындағы келiсiмге
қосымша
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы
арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың
кезең-кезеңмен күшiн жою кестесi
ТМД СЭҚ ТН |
Атауы |
Алып қоюдың күшiн жою мерзiмi |
1 |
2 |
3 |
Әзiрбайжан Республикасынан олардың импорты кезiнде |
||
22-топ (2201, |
Алкогольдiк және |
2006 жылғы 1 шiлде |
Мыналарды |
||
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спирті, |
2012 жылғы |
2207 20 000 |
Ұйытылған, кез келген |
2012 жылғы |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л немесе |
2012 жылғы |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л астам |
2012 жылғы |
24-топ |
Темекi және темекiнiң |
2006 жылғы |
Қазақстан Республикасынан олардың импорты кезiнде |
||
2203, 2204, |
Ликер-арақ және басқа да |
2006 жылғы |
2207 10 000 |
Ұйытылмаған этил спиртi, |
2012 жылғы |
2208 90 910 |
Сыйымдылығы 2 л немесе |
2012 жылғы |
2208 90 990 |
Сыйымдылығы 2 л астам |
2012 жылғы |
2402 20 |
Құрамында темекі бар |
2006 жылғы |