Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 498 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Остин қаласындағы Texac Штаты Университетiнiң IC2 Институты сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасының технологиялық дамуына талдамалы зерттеулер жүргiзу, Қазақстан Республикасындағы технологиялық бизнес-инкубаторларды басқаруды оқыту және отандық технологиялық әзiрлемелердiң халықаралық рыноктарға, атап айтқанда Америка Құрама Штаттарына шығуына одан әрi жәрдемдесу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамына заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен жеке қаражаты есебiнен 45278090 (қырық бес миллион екi жүз жетпiс сегiз мың тоқсан) теңге сомаға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      талдамалы зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсаудың қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы  21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі И.М.Кравченкоға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

О государственных закупках, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 мая 2005 года N 498

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1  статьи 21  Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить Институт IC2 Университета штата Техас в городе Остине поставщиком услуг, закупка которых имеет важное стратегическое значение, по проведению аналитических исследований технологического развития Республики Казахстан, обучению управлению технологическими бизнес-инкубаторами в Республике Казахстан и дальнейшему содействию в продвижении на международные рынки, в частности Соединенных Штатов Америки, отечественных технологических разработок.

      2. Рекомендовать акционерному обществу "Национальный инновационный фонд" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      заключение договора о государственных закупках с юридическим лицом, указанным в пункте 1 настоящего постановления, на сумму 45278090 (сорок пять миллионов двести семьдесят восемь тысяч девяносто) тенге за счет собственных средств;
      соблюдение принципа оптимального и эффективного расходования денег, используемых в соответствии с настоящим постановлением для государственных закупок услуг по проведению аналитических исследований, а также выполнение пунктов 3, 4  статьи 21  Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках";
      принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого
вице-министра индустрии и торговли Республики Казахстан Кравченко И.М.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан