"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Остин қаласындағы Texac Штаты Университетiнiң IC2 Институты сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасының технологиялық дамуына талдамалы зерттеулер жүргiзу, Қазақстан Республикасындағы технологиялық бизнес-инкубаторларды басқаруды оқыту және отандық технологиялық әзiрлемелердiң халықаралық рыноктарға, атап айтқанда Америка Құрама Штаттарына шығуына одан әрi жәрдемдесу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.
2. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамына заңнамада белгiленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен жеке қаражаты есебiнен 45278090 (қырық бес миллион екi жүз жетпiс сегiз мың тоқсан) теңге сомаға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
талдамалы зерттеулер жүргiзу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсаудың қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі И.М.Кравченкоға жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі