Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi мен Түрiк Республикасы премьер-министрiнiң жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар бас дирекциясы арасындағы Мұрағат iсi саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі мен Түрiк Республикасы
премьер-министрiнiң жанындағы Мемлекеттік
мұрағаттар бас дирекциясы арасындағы Мұрағат
iсi саласындағы ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА
(Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi мен Түрiк Республикасы премьер-министрiнiң жанындағы Мемлекеттiк мұрағаттар бас дирекциясы,
Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы дәстүрлi достық пен ынтымақтастықты назарға ала отырып,
өзара тиiмдi негiзде мұрағат iсi саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниетiн ескере отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Тараптар екi жаққа бiрдей негiзде олардың мемлекеттiк мұрағаттары арасындағы ынтымақтастыққа Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жәрдемдеседi.
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті зерттеулерден кейiн өздерiнiң қорларын байыту мақсатында мұрағаттық құжаттар көшiрмелерiмен, ғылыми-әдiстемелiк әдебиетпен және басқа да құжаттармен алмасуды жүзеге асырады.
3-бап
Тараптар шарттар жасасу негiзiнде олардың мұрағаттары жұмыс практикасына енгiзiлген қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар тәжiрибесiн зерделеу мақсатында мұрағат iсi саласында мамандармен алмасуды жүзеге асырады.
4-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мұрағаттық құжаттар жарияланымдарымен алмасады, ғылыми зерттеулер, конференциялар, деректi көрмелер ұйымдастырады.
5-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес және ортақ мүдделерi негізiнде үшiншi елден сатып алынған мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiмен алмасады.
6-бап
Осы Хаттаманың ережелерiнде көзделген қызметтiң барлық түрi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Тараптар мемлекеттерiнiң бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылады.
7-бап
Тараптар олардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет бойынша бiр-бiрiне нақты ұсыныстар жiбередi.
8-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылады.
2005 жылғы "___" ________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiннiң бiрдей күшi бар. Осы Хаттаманы түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгінедi.
Қазақстан Республикасы Түрiк Республикасы премьер-
Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң жанындағы
министрлігі үшiн Мемлекеттік мұрағаттар бас
дирекциясы үшін