"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандумды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 514 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 965 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы  N 965 Қаулысымен.

      "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына  Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528  өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметi туралы меморандум бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің        
2005 жылғы 26 мамырдағы 
N 514 қаулысымен    
бекiтiлген        

  "Шағын-кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк
қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған
қызметi туралы меморандум

  1. Жалпы ережелер

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының қызметi туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысына , "Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына  Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 наурыздағы N 528  өкiмiне , "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысына , "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 сәуiрдегi N 397  қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      2. Меморандум "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) қызметiнiң шағын кәсіпкерлік субъектiлерiн (бұдан әрі - ШКС) қаржы-несиелiк қолдау, оқыту және консалтинг жөнiндегі iс-шараларды қамтитын ШКC-нi дамыту мен қолдау жөнiндегі негiзгi бағыттары мен қағидаттарын айқындайды.

      3. Меморандум Қордың барлық бөлiмшелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

  2. ШКС-нi кредиттік қолдау

      4. Қор ШКС жобаларына Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiкті мемлекеттік қолдау саласындағы  заңнамасына сәйкес кредит берудi жүзеге асырады.

      5. ШКС жобаларына кредит беруге iрiктеудiң негiзгi өлшемi жобаның кiрiстілігі болып табылады.

      6. Жобаларға кредит беру үшін мынадай көздер пайдаланылуы мүмкiн:
      Қордың меншiктi қаражаты;
      шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаты;
      бюджет қаражаты.

      7. ШКC-нi қолдау мен дамыту үшін шетелдiк, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қарыз қаражатынан агенттiк негiзде кредит беру:
      Қор тiкелей өз бетiмен;
      Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне конкурстық негiзде негізделген орналастыру жолымен;
      банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын субъектiлер және шағын кредит берумен айналысатын ұйымдар арқылы жүргiзiледi.

      8. ШКС-нi кредиттік қолдау:
      франчайзингтiк операцияларға берілетiн қарыздарды, халықаралық сапа стандарттарының жүйесiн енгiзуге байланысты ШКС жобаларын қоса алғанда, тiкелей кредит беру;
      қаржы лизингi;
      банктермен, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен және басқа инвесторлармен бiрге бiрлесе қаржыландыру түрiнде жүзеге асырылады.

      9. Кредит беру теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзiледi. Кредит бойынша сыйақы ставкасын Қор шығыстарын өтеудi ескере отырып, басқарма айқындайды.

      10. Шағын кәсiпкерлiктiң бір субъектiсiне кредиттiң және қаржылық қолдаудың басқа түрлерiнiң ең көп мөлшерi 60000 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Операциялар бойынша шешiмдердi Қор басқармасы немесе Қор басқармасымен келісiм бойынша кредит саясатын жүзеге асыруға уәкілеттiк берiлген Қордың өзге де органдары қабылдайды.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 780  қаулысымен .

      11. Қор кредиттерді беру кезiнде өзiнiң iшкi құжаттарына сәйкес тәуекелдердi жабу қағидатын негiзге алады. Кредиттер құнды қағаздармен, банк кепiлдiктерiмен, инвестициялау объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа қаражатпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

      12. Қордың екiншi деңгейдегi банктерде конкурстық негiзде Қор қаражатын негiзделген орналастыруға құқығы бар.

  3. Қаржылық қолдаудың басқа түрлерi

      13. Қазақстан Республикасында шағын кредит беру жүйесiн дамыту мақсатында Қор:
      шағын кредит берудi жүзеге асыратын ұйымдарды ресурстық қолдауды;
      жарғылық капиталына үлестік қатысу шарттарында жаңа шағын кредит беру ұйымдарын құруды;
      осы секторға институционалдық және жеке инвесторларды тартуға ықпал етудi жүзеге асырады.

      14. Қор жеткiзушілер мен екiншi деңгейдегi банктердің алдындағы ШКС мiндеттемелерiнiң орындалуын ақылы негiзде кредит сомасының 80 пайызға дейiнгi мөлшерiнде қамтамасыз етуге кепілдiк бередi.

      15. Қор сақтандыру ұйымдарымен екiншi деңгейдегi банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы ШКC мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуде оларға берiлетiн кепілдіктердi сақтандыруға арналған шарттар жасасады.

      16. Қор ШКС-нің қаржы-шаруашылық қызметiн жақсарту мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен факторингтік операцияларды жүзеге асырады.

  4. ШКС-нi оқу-әдiстемелік, ақпараттық-талдамалық
және консалтингтік қолдау

      17. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi ақпараттық қолдаудың кешендi жүйесiн қалыптастыру, сапалы оқыту және консалтинг арқылы ШКС-нiң бiлiм деңгейiн арттыру болып табылады.

      18. Кәсiпкерлiктi оқу-әдiстемелiк, ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау мәселелерiнде Қор саясатын iске асырудағы басымдықтар:
      жаңадан бастаған және жұмыс iстеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту және консалтинг;
      шағын кредит беру жүйесiне қатысушыларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету;
      кәсiпкерлiкті насихаттау және халықты бизнеске тарту;
      ШКС-нi қолдау инфрақұрылымын, оның iшiнде инфрақұрылым институттарын құру және кеңейту жөнiндегі жобаларға кредит беру арқылы дамыту;
      кәсiпкерлiктi қолдаудың бiрыңғай ақпараттық базасын дамыту;
      шағын кәсiпкерлiк субъектілерiн қолдаудың жаңа нысандары мен әдiстерiн iздестiру және қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 26 мамырдағы 
N 514 қаулысына    
қосымша        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665  қаулысының 2-1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 17, 152-құжат).

      2. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 253-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат) бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1342  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 637-құжат).

Об утверждении Меморандума о деятельности акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" на 2005-2007 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2005 года N 514. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2007 года N 965

       Сноска. Постановление Правительства РК от 26 мая 2005 г. N 514 утратило силу постановлением Правительства РК от 18 октября 2007 г. N  965 .

             В целях реализации  распоряжения Президента Республики Казахстан от 4 марта 2005 года N 528 "Об Общенациональном плане мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 18 февраля 2005 года "Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Меморандум о деятельности акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства"»на 2005-2007 годы.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.

      3. Настоящее постановление вводится действие со дня подписания.
 

         Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден             
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 26 мая 2005 года N 514     

  Меморандум
о деятельности акционерного общества
"Фонд развития малого предпринимательства"
на 2005-2007 годы
 

    1. Общие положения

      1. Меморандум о деятельности акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" (далее - Меморандум) разработан в соответствии с  постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1997 года N 665 "О создании Фонда развития малого предпринимательства",  распоряжением Президента Республики Казахстан от 4 марта 2005 года N 528 "Об Общенациональном плане мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 18 февраля 2005 года "Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации",  постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2005 года N 210 "О сетевом графике исполнения Общенационального плана мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 18 февраля 2005 года",  постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2005 года N 397 "О Концепции развития акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства на 2005-2007 годы".

      2. Меморандум определяет основные направления и принципы деятельности акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства" (далее - Фонд) по развитию и поддержке субъектов малого предпринимательства (далее - СМП), включающие в себя мероприятия по финансово-кредитной поддержке, обучению и консалтингу СМП.

      3. Меморандум является обязательным для исполнения всеми подразделениями Фонда.

  2. Кредитная поддержка СМП

      4. Фонд осуществляет кредитование проектов СМП в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственной поддержки малого предпринимательства.

      5. Основным критерием отбора проектов СМП на кредитование является доходность проекта.

      6. Для кредитования проектов могут быть использованы следующие источники:
      собственные средства Фонда;
      заемные средства иностранных, международных и отечественных финансовых организаций;
      бюджетные средства.

      7. Кредитование на агентской основе из заемных средств иностранных, международных и отечественных финансовых организаций, республиканского и местных бюджетов для поддержки и развития СМП производится:
      непосредственно Фондом самостоятельно;
      путем обусловленного размещения на конкурсной основе средств Фонда в банках второго уровня Республики Казахстан;
      через субъекты, осуществляющие отдельные виды банковских операций, и организации, занимающиеся микрокредитованием.

      8. Кредитная поддержка СМП осуществляется в виде:
      прямого кредитования, включая займы на франчайзинговые операции, проекты СМП, связанные с внедрением системы международных стандартов качества;
      финансового лизинга;
      софинансирования с банками, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций и другими инвесторами.

      9. Кредитование производится в тенге и иностранной валюте. Ставка вознаграждения по кредиту определяется правлением с учетом покрытия расходов Фонда.

      10. Максимальный размер кредита и других видов финансовой поддержки на одного субъекта малого предпринимательства составляет 60000 месячных расчетных показателей. Решения по операциям принимаются правлением Фонда или иными органами Фонда, уполномоченными осуществлять кредитную политику по согласованию с правлением Фонда.  <*>
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 июля 2005 г.  N 780 .

      11. При предоставлении кредитов Фонд исходит из принципа покрытия рисков в соответствии со своими внутренними документами. Кредиты могут быть обеспечены ценными бумагами, гарантиями банков, объектами инвестирования, движимым и недвижимым имуществом и другими средствами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.

      12. Фонд имеет право обусловленного размещения на конкурсной основе средств Фонда в банках второго уровня.

  3. Другие виды финансовой поддержки

      13. С целью развития системы микрокредитования в Республике Казахстан Фондом осуществляются:
      ресурсная поддержка организаций, осуществляющих микрокредитование;
      создание новых микрокредитных организаций на условиях долевого участия в уставном капитале;
      содействие в привлечении в данный сектор институциональных и частных инвесторов.

      14. Фонд предоставляет гарантии в обеспечение исполнения обязательств СМП перед поставщиками и банками второго уровня в размере до 80 процентов от суммы кредита на платной основе.

      15. Фонд заключает со страховыми организациями договоры на страхование выдаваемых им гарантий в обеспечение исполнения обязательств СМП перед банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций.

      16. Фонд осуществляет факторинговые операции в целях улучшения финансово-
хозяйственной деятельности СМП в установленном законодательством порядке.

  4. Учебно-методическая,
информационно-аналитическая и консалтинговая поддержка СМП

         17. Одним из основных направлений деятельности Фонда является повышение уровня знаний СМП посредством формирования комплексной системы информационной поддержки, качественного обучения и консалтинга.

      18. Приоритетами реализации политики Фонда в вопросах учебно-методической, информационно-аналитической и консалтинговой поддержки предпринимательства являются:
      обучение и консалтинг начинающих и действующих предпринимателей;
      обучение и методологическое обеспечение участников системы микрокредитования;
      пропаганда предпринимательства и вовлечение населения в бизнес;
      развитие инфраструктуры поддержки СМП, в том числе через кредитование проектов по созданию и расширению институтов инфраструктуры;
      развитие единой информационной базы поддержки предпринимательства;
      поиск и формирование новых форм и методов поддержки субъектов малого предпринимательства.
 

  Приложение             
к постановлению Правительства    
Республики Казахстан        
от 26 мая 2005 года N 514     

  Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Пункт 2-1  постановления Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1997 года N 665 "О создании фонда развития малого предпринимательства" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 17, ст. 152).

      2.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2003 года N 571 "Об утверждении Меморандума о кредитной политике акционерного общества "Фонд развития малого предпринимательства"»на 2003-2005 годы" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 27, ст. 253).

      3. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных  постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2004 года N 570 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 22, ст. 284).

      4.  Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года N 1342 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2003 года N 571" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 49, ст. 637).