1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнде:
466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"466. Ағымдағы мақсатты трансферттер және мақсатты даму трансферттерi бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары әкiмшілерiнiң қаржыландыру жоспарлары төмен тұрған бюджеттердiң тиiстi қаржыландыру жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық органдары трансферттердi аударуды жүргiзбейдi.
Мақсатты трансферттер бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп деректерiнде алшақтық болған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектісiнде есеп деректерiнiң растығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөнiндегi уәкілеттi органға материалдарды бередi".