1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 31 мамырдағы
N 539 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 56-құжат) 1-тармағының 1), 2) тармақшалары, 2-тармағы және көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстердің 3-тармағы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі N 646 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 307 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 13, 168-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 маусымдағы N 720 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 341-құжат) 3-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 тамыздағы N 837 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 390-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
5. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 20-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 16-тармақ алынып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 12-тармақ алынып тасталсын.