Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 539 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 31 мамырдағы  
N 539 қаулысына    
қосымша          

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 56-құжат) 1-тармағының 1), 2) тармақшалары, 2-тармағы және көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстердің 3-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі N 646 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 307  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 13, 168-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 маусымдағы N 720  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 341-құжат) 3-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 тамыздағы N 837  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 390-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 20-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтілген министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 16-тармақ алынып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 12-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады