Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының " Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы " 1998 жылғы 28 желтоқсандағы және " Демпингке қарсы шаралар туралы " 1999 жылғы 13 шiлдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi "Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 тамыздағы N 1291 қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ TH 7614 10 000, 7614 90 000, 8544 59 100, 8544 59 800 кодтарына сәйкес келетiн кәбiлдiк-өткiзгіш өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң импорты кезiнде уақытша қорғаныштық баж және "Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезiнде демпингке қарсы уақытша баж енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 620 қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ TH 2523 10 000 - 2523 90 900 кодтарына сәйкес келетiн демпингке қарсы уақытша баж алудың нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнің Хатшылығын және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі