"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Шымкент қаласы әуежайының VIP-зал үй-жайын (бұдан әрі - объект) республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі