Шымкент қаласы әуежайының VIP-зал үй-жайын республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 686 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Шымкент қаласы әуежайының VIP-зал үй-жайын (бұдан әрі - объект) республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады