Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 688 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 776 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 776 қаулысымен.

        Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы  N 1388  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумының 3-тармағына сәйкес құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 159-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты туралы меморандумда:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "шикізатты өндіру мен өңдеу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5, 14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2004 года N 289

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2005 года N 688. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17 августа 2006 года N 776

 
       Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2005 года N 688 утратило силу постановлением Правительства РК от 17 августа 2006 года N  776 .
 
        В целях развития промышленности строительных материалов в соответствии с Государственной программой развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы, утвержденной  Указом  Президента Республики Казахстан от 11 июня 2004 года N 1388, и  пунктом 3  Меморандума о кредитной политике акционерного общества "Банк Развития Казахстана", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2004 года N 289, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2004 года N 289 "О Меморандуме кредитной политики акционерного общества "Банк Развития Казахстана" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 12, ст. 159) следующее дополнение:
      в Меморандуме о кредитной политике акционерного общества "Банк Развития Казахстана", утвержденном указанным постановлением:
      пункт 4 дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "производство (дробление, измельчение, сепарация, обогащение и другое) строительных материалов из сырья горнодобывающей промышленности, исключая добычу и транспортировку сырья до места обработки, - подсекция СВ, кроме раздела 13, класса 14.13, групп 14.3, 14.4, подклассов 14.50.5, 14.50.6;".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и торговли Республики Казахстан Мынбаева С.М.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан