"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 776 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 776 қаулысымен.

        "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты туралы меморандум бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметiнiң      
2004 жылғы 9 наурыздағы 
N 289 қаулысымен   
бекiтілген      

  "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлiк қоғамының кредит саясаты туралы меморандум

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Даму Банкi) кредит саясатының негiзгi қағидаттары мен басымдықтарын айқындайды, инвестициялық басымдықтарды, қарыз қаражатын тартуға сандық шектеулердi, лимиттердi, бағыттарды, кредит берудiң, меншiк капиталын орналастырудың, бiрлесiп қаржыландырудың, кепілдiктер берудiң, агенттiң функцияларын орындаудың ықтимал шарттарын, тәртiбi мен мерзiмiн белгілейдi.
      2. Меморандумның тұжырымдық әрi нұсқамалық сипаты бар және Даму Банкiнiң iшкi құжаттарымен белгiленетiн Даму Банкiнiң iшкi кредит саясатын, қарыз алу саясатын, активтер мен пассивтердi басқаруды, қаржылық тәуекелдердi басқаруды айқындауы үшін негiз болып табылады.
      3. Меморандумда белгiленген басымдықтар мен шектеулер Даму Банкi қызметiнiң нәтижелерi мен жаңа бағыттарын, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерiстерiн, сондай-ақ елдегi және әлемдiк рыноктағы экономикалық жағдайдың өзгерiстерiн ескере отырып түзетiлуi мүмкiн.

  2. Кредит беру

      4. Инвестициялық басымдықтар
      Даму Банкiнiң кредит беруi үшiн Экономикалық қызметтің жалпы жiктеуiшiне (ЭҚЖЖ) сәйкес негiзгi салалық инвестициялық басымдықтар мыналар болып табылады:
      алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын өндiрудi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу - 15,91-15,97-сыныптар мен 16-бөлiмнен басқа, DА кiшi секциясы;
      шикізатты өндіру мен өңдеу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5, 14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;  <*>
      тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi - DB кiшi секциясы;
      былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар өндiрiсi және аяқ-киiм өндiрiсi - DC кiшi секциясы;
      ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндiрiсi - DD кiшi секциясы;
      баспа iсiн қоспағанда, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi - 22.1-топтан басқа DЕ кiшi секциясы;
      кокс, мұнай өнiмдерi және ядролық материалдар өндiрiсi - DF кiшi секциясы;
      жарылғыш заттарды қоспағанда химия өнеркәсiбi - 24.61-сыныптан басқа, DG кiшi секциясы;
      резеңкеден және пластмассадан жасалған бұйымдар өндiрiсi - DН кiшi секциясы;
      металл емес өзге де минералдық өнiмдер өндiрiсi - DI кiшi секциясы;
      металлургия өнеркәсiбi және дайын металл бұйымдары өндiрiсi - DJ кiшi секциясы;
      қару-жарақ және оқ-дәрi өндiрiсiнен басқа, машиналар мен құрал-жабдықтар өндiрiсi - 29.6-топтан басқа, DK кiшi секциясы;
      электр жабдықтары, электронды және оптикалық жабдықтар өндiрiсi - DL кiшi секциясы;
      көлiк құралдары мен жабдықтар өндiрiсi - DМ кiшi секциясы;
      өзге де өнеркәсiп салалары - 36.2, 36.5, 36.6-топтардан басқа, DN кiшi секциясы;
      электр энергиясы, газ және су өндiрiсi және оларды тарату - E секциясы;
      тұрғын үй құрылысынан басқа, оқу, қонақ үй, спорт-сауықтыру және қоғамдық ойын-сауық кешендерi және барлама бұрғылау құрылысы - 45.12-сыныптан басқа, F секциясы;
      көлiк және байланыс - I секциясы.
      Инвестициялық жобаларға кредит беру үшiн iрiктеу кезiнде қосылған құны жоғары деңгейлi, технологиялық жағынан байланысты өндiрiстердiң тiзбегiн қалыптастыратын және қазақстандық өндiрушiлер шығаратын өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлігін қамтамасыз ететiн әлемдiк рыноктарға шығу ұстанымы жағынан перспективалы жобаларға басымдық берiлуi тиiс.
      Шетелде iске асырылатын жобалар үшiн басымдық:
      өңдеушi өнеркәсiптiң немесе оларды шикiзатпен және шикi өнiмдермен қамтамасыз етудi, қазақстандық тауар өндiрушiлердiң өндiрiстiк объектiлердi шетелден сатып алуын қоса алғанда, олардың дамуын қамтамасыз ететiн қазақстандық кәсiпорындармен технологиялық байланысты жобаларға;
      Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетiн дамытуға, қазақстандық өнiмнiң экспортын iлгерiлету мен кеңейтуге ықпал ететiн инфрақұрылымдық жобаларға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстанның Даму Банкiне ұсынған Қазақстанның Даму Банкiнiң кредиттерiн қамтамасыз етуде қарыз алушы елдердiң мемлекеттiк кепiлдiктерi берiлетiн Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң жобаларына берiлуi тиiс.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.17.  N 147 , 2005.07.05.  N 688 қаулыларымен.
      5. Кредит беру түрлерi
      Даму Банкi өзiнiң кредиттiк қызметiнде кредит берудiң мынадай түрлерiн пайдаланады:
      орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кредит беру, соның iшiнде инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру;
      бiрлесiп қаржыландыруды қоса алғанда, қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға жылжытуға ықпал ететiн экспорттық операцияларға кредит бepу.
      6. Инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды iрiктеудiң негiзгi өлшемдерi
      Даму Банкi инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iрiктеу кезiнде:
      инвестициялық жобалардың осы Меморандумда айқындалған басымдықтарға сәйкестігi;
      жобаның рентабельділігі және өтелiмділігі;
      жобаны iске асыру нәтижесiнде құралатын өнiмдi өткiзудiң қамтамасыз етілуi және шикiзат базасының жеткiлiктi болуы;
      жобалау шешімдерінің технологиялық және техникалық негiздiлiгі;
      экологиялық талаптардың сақталуы;
      жобалау құжаттамасының сапасы және толықтығы;
      бiлiктiлiк менеджментінің институционалдық пысықталғандығы, болуы;
      кредитті қамтамасыз етудiң болуы;
      қарыз алушыға ұсынылатын талаптардың (кредитті өтеу қабiлеттілігi, төлем қабiлеттiлiгi, қаржылық тұрақтылығы және т.б.) орындалуы негiзгi өлшемдер болып табылады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.17.  N 147 қаулысымен.
      7. Кредит беру шектеулері
      Даму Банкi кредит берудi "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының (бұдан әрi - Заң)  15-бабында белгiленген шектеулерді ескере отырып жүргізеді.
      8. Сыйақы ставкалары мен тарифтер
      Даму Банкi ұсынатын кредиттер бойынша сыйақы ставкасы Даму Банкiнiң қарыз алу және операциялық шығыстарының орташа құны есепке алына отырып есептеледі.
      Даму Банкiнiң қарыз алуының орташа құнын, шекті (ең жоғары және ең төмен) сыйақы ставкаларын, кредит операциялары бойынша тарифтер мен комиссияларды Директорлар кеңесi белгiлеген тәртiппен Даму Банкiнiң Активтер мен пассивтердi басқару жөнiндегi комитетi белгiлейдi.
      Инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ 5 млн. АҚШ доллары сомасынан асатын экспорттық операциялар бойынша сыйақы ставкаларының мөлшерi туралы шешiмдi Даму Банкi Кредит комитетiнiң шешiмiн ескере отырып, Директорлар кеңесi қабылдайды.
      9. Инвестициялық жобаларға кредит беру
      1) Кредит беру мерзiмдерi мен валютасы
      Инвестициялық жобаларға кредит беру кезiнде кредит берудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
      орта мерзiмдi инвестициялық кредиттер (5 жылдан 10 жылға дейiн);
      ұзақ мерзiмдi инвестициялық кредиттер (10 жылдан 20 жылға дейiн).
      Инвестициялық жобалардың шарттарына сәйкес инвестициялық жобаларға кредит беру ұлттық валютада және шетел валютасында жүзеге асырылады.
      2) Кредит беру көздерi
      Инвестициялық жобаларға кредит беру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қарыздарын қоса алғанда, қарыз қаражаты, сондай-ақ Даму Банкi мемлекеттік кепiлдiктермен тартқан қарыздар пайдаланылады.
      3) Кредит берудiң ең аз сомасы
      Инвестициялық жоба бойынша Даму Банкi ұсынатын кредиттің ең аз сомасы 5 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгiленедi.
      4) Шешiм қабылдау тәртiбi
      Банктiк сараптама нәтижелерi бойынша оң қорытынды алған инвестициялық жобаға кредит беру мәселесi Даму Банкi Кредит комитетiнiң қарауына шығарылады. Даму Банкiнiң Кредит комитетi оң шешiм қабылдаған жағдайда, инвестициялық жобаға кредит беру мәселесi жобаны қаржыландыру туралы шешiм қабылдайтын Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң қарауына шығарылады.
      10. Экспорттық операцияларға кредит беру
      1) Кредит беру мерзiмдерi мен валютасы
      Экспорттық операцияларға кредит беру кезiндегi мерзiмдер экспорттық операцияның шарттарына байланысты белгіленедi.
      Экспорттық операцияның шарттарына сәйкес экспорттық операцияларға кредит беру ұлттық валютада және шетел валютасында жүзеге асырылады.
      2) Кредит беру көздерi
      Экспорттық операцияларға кредит беру үшiн мыналар:
      республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қарыздарын қоспағанда, қарыз қаражаты;
      оның мөлшерiнiң 20%-ынан аспайтын көлемдегi Даму Банкi жарғылық капиталының қаражаты пайдаланылады.
      3) Кредит берудiң ең аз сомасы
      Экспорттық операция бойынша Даму Банкi ұсынатын кредиттiң ең аз сомасы 1 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленедi.
      4) Шешiм қабылдау тәртiбi
      Банк сараптамасының нәтижелерi бойынша оң қорытынды алған экспорттық операцияға кредит беру туралы мәселе Даму Банкi Кредит комитетiнiң қарауына шығарылады.
      5 млн. АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын мөлшердегi экспорттық операцияға кредит беру жөнiндегі шешiмдi Даму Банкiнiң Кредит комитетi қабылдайды.
      5 млн. АҚШ долларына баламалы сомадан асатын мөлшердегі экспорттық операцияға кредит беру кезiнде, Даму Банкiнiң Кредит комитеті оң шешiм қабылдаған жағдайда, экспорттық операция экспорттық операцияны қаржыландыру туралы шешiм қабылдайтын Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.
      Даму Банкiнiң кредит портфелiндегi экспорттық операцияларға кредит беру үлесiн Директорлар кеңесi айқындайды.
      11. Кредит портфелi мониторингi және оны бақылау
      Кредит портфелiнiң мониторингiн және оны бақылауды Даму Банкi үздiксiз жүзеге асырады және бұған қарыз алушының кредитті өтеу қабiлеттiлiгі мен төлем қабiлеттiлiгiн, кредит шартының бүкіл әрекет ету кезеңi iшiнде жобаның iске асырылуын қадағалау процесi енедi.
      Мониторинг және бақылау нәтижелерi негізiнде Даму Банкi ай сайын Заңның  17-бабына сәйкес кредит портфелiнiң жіктемесін және провизияларды (резервтердi) қалыптастыруды жүргiзедi.
      12. Даму Банкiнiң кепілдiктер беруi
      1) Даму Банкiнiң кепілдiктердi беру шектеулері
      Даму Банкi Заңның 15-бабында белгiленген шектеулерді ескере отырып, кепiлдiктер бередi.
      Қаржыландыру мақсатында Даму Банкi кепiлдіктер беретiн инвестициялық жобалар осы Меморандумда белгіленген инвестициялық басымдықтарға сәйкес болуы тиiс.
      2) Мерзiмдерi мен валютасы
      Қаржыландыру мақсатында Даму Банкi кепiлдiктер беретiн инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға кредит беру мерзімдерi осы Меморандумда Даму Банкi инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға кредит беру үшін белгіленген мерзiмдерге сәйкес болуы тиіс.
      Даму Банкінің кепiлдiктер беруi iске асырылатын инвестициялық жобаға немесе экспорттық операцияға сәйкес ұлттық валютада және шетел валютасында жүзеге асырылады.
      3) Кепілдiктiң сомасы
      Қаржыландыру мақсатында Даму Банкi кепілдiктер беретiн инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға кредит беру сомалары осы Меморандумда Даму Банкi инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға кредит беру үшiн белгіленген сомаларға сәйкес болуы тиіс.
      4) Кепілдiктердiң жиынтық көлемi
      Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды iске асыру үшiн үшiншi тұлғалардың қарыздары бойынша Даму Банкінің қолданыстағы кепiлдiктерiнiң (шартты міндеттемелерінің) жиынтық көлемiнiң ара қатынасы Даму Банкiнiң меншiк капиталына 2:1 ара қатынасынан аспауы тиiс.
      Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi көрсетiлген ара қатынас шегiнде шартты мiндеттемелер бойынша лимит белгiлеуге құқылы.
      5) Шешiм қабылдау тәртiбi
      Банк сараптамасы нәтижелерi бойынша оң қорытынды алған, оны қаржыландыру мақсатында Даму Банкi кепiлдiктер беретiн инвестициялық жоба немесе экспорттық операция Даму Банкi Кредит комитетiнiң қарауына шығарылады.
      Инвестициялық жобаларды iске асыратын үшiншi тұлғалардың қарыздары бойынша Даму Банкiнiң кепілдiктер беруi туралы шешiмдi Даму Банкiнiң Кредит комитетi оң шешiм қабылдаған жағдайда Директорлар кеңесi қабылдайды.
      Экспорттық операцияларды iске асыратын үшiншi тұлғалардың қарыздары бойынша 5 млн. AҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын көлемде Даму Банкiнiң кепiлдiктер беруi туралы шешiмдi Даму Банкiнiң Кредит комитетi қабылдайды.
      Экспорттық операцияларды iске асыратын үшiншi тұлғалардың қарыздары бойынша 5 млн. АҚШ долларына баламалы сомадан асатын мөлшерде Даму Банкiнiң кепiлдiктер беруi туралы шешiмдi Даму Банкiнiң Кредит комитетi оң шешiм қабылдаған жағдайда, Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды.
      6) Даму Банкiнiң шартты мiндеттемелерiнiң (кепiлдiктерiнiң) мониторингi және оларды бақылау
      Шартты мiндеттемелердiң (кепiлдiктердiң) мониторингін және оларды бақылауды Даму Банкi кредит беру процесiне және борышкердiң (қарыз алушының) кредитті өтеу қабiлеттілігі мен төлем қабілеттілiгiн, кепiлдiктiң әрекет етуiнiң бүкіл кезеңi iшiнде жобаның iске асырылуын қадағалауды қоса алғанда, оның мiндеттемелерiн орындауына үздiксiз мониторинг және бақылау жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
      Мониторинг және бақылау нәтижелерi негiзiнде Даму Банкi ай сайын Заңның 17-бабына сәйкес шартты мiндеттемелердiң (кепілдiктердiң) жiктемесiн және провизияларды (резервтердi) қалыптастыруды жүргiзедi.
      13. Кредиттер мен кепілдiктердi қамтамасыз ету
      Кредиттер мен кепiлдiктер өтiмділігi жоғары активтермен (мемлекеттiк бағалы қағаздар, екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерi және басқалар), сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де қамтумен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      Даму Банкi ұсынатын кредиттер мен кепiлдiктер бойынша қамтамасыз етудiң тәсiлiн, құрылымын және мөлшерiн Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi айқындайды.
      14. Лимиттер
      Бір қарыз алушыға (аффилиирленген қарыз алушылар тобына) тәуекел бойынша лимит Даму Банкiнiң меншiк капиталы сомасының 25%-ынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
      Салалық және өңiрлiк белгiсi бойынша кредит портфелiнiң құрылымы бойынша лимиттi Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi кредит саясатының басымдықтарына сәйкес белгiлеуге құқылы.

  3. Агенттің функцияларын орындау

      15. Даму Банкiнiң агент функцияларын орындауы
      Даму Банкi Заңның 10-бабына сәйкес агент функцияларын орындайды.
      16. Қызмет көрсету талаптары мен шарттары
      Агенттiк қызмет көрсету шарттарында Даму Банкiнiң мынадай:
      қайтарымды негiзде қаржыландырылатын республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобаларға;
      мемлекет кепілдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларға;
      мемлекет кепілдiк берген қарыздарға;
      сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк кепілдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауына және заңды тұлғалардың басқа да борыштық мiндеттемелерiн орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiндегi агенттiң функцияларына қызмет көрсетуi бойынша агент орындайтын функциялар тiзбесi, шарттар (қаржылықты қоса алғанда) және агент функцияларын тиiсiнше орындамағаны үшін жауапкершілік көзделеді.
      Жобалар мен қарыздарға қызмет көрсету бойынша Даму Банкінің агент функцияларын орындауы, қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн Даму Банкiнiң қаражаты есебiнен орындауын көздемейді.

  4. Инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялардың
сараптамасы

      17. Даму Банкiнiң инвестициялық жобаға немесе экспорттық операцияға банктiк сараптамасыз кредит беруге, кепілдiктер беруге құқығы жоқ.
      Банктiк сараптама Даму Банкiнiң iшкi құжаттарында белгіленген тәртiппен жүргiзіледi.
      18. Банктiк сараптамаға жататын инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар
      Даму Банкi шарттық негiзде:
      қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын республикалық және жергілiктi инвестициялық жобалардың;
      мемлекет кепілдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың;
      Даму Банкi немесе оның кепiлдiгiмен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялардың банктiк сараптамасын жүзеге асырады.
      Инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялардың банктiк сараптамасын жүргiзу үшін Даму Банкi сарапшылар мен консультанттарды тартуы мүмкiн.
      19. Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға қойылатын талаптар
      Даму Банкiнiң iшкi құжаттарында белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделген инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар сараптамаға қабылданады.
      20. Банктiк сараптаманы жүргiзу үшiн белгіленген тарифтер
      Инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялардың банктiк сараптамасын жүргiзу үшiн тарифтер Даму Банкi Активтер мен пассивтердi басқару жөнiндегi комитетiнiң шешiмiмен белгiленедi және оны Директорлар кеңесi бекiтедi.

  5. Қарыз алу

      21. Көздерi мен нысандары
      Заңнамаға сәйкес Даму Банкi несие капиталының сыртқы және iшкi рыноктарында, соның iшiнде республикалық және жергілiктi бюджеттерден қарыз алуды жүзеге асырады.
      Қарыз алу мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      борыштық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру;
      қарыз туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу.
      Даму Банкi облигациялар түрiнде шығарған бағалы қағаздардың:
      олар шығарылған сәттен бастап Даму Банкiнiң қаржы агенттiгі мәртебесi болған жағдайда;
      олар Даму Банкiне қаржы агенттiгi мәртебесi берілгенге дейiн шығарылған жағдайда, осы мәртебе берілген сәттен бастап агенттiк облигациялар мәртебесi бар.
      Даму Банкiнiң бiрлестiрілген қарыздары, Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерiнiң банкаралық кредиттерін, бюджеттік кредиттердi тартуы қарыз туралы шарт (келiсiм) жасасу жолымен жүзеге асырылады.
      Даму Банкiнiң қарыз алуы ұлттық валютада, сол сияқты шетел валютасында да жүзеге асырылуы мүмкiн.
      22. Қарызға алынатын қаражатты пайдалану
      Даму Банкi қарыз алуды өзiнiң кредит қызметiн қорландыру және өтiмдiлiктi басқару мақсатында жүзеге асырады.
      Бюджеттiк кредиттер қарыз алудың орташа құнын төмендету және қарыздар портфелiнiң орташа мерзiмiн ұлғайту үшiн тартылады.
      23. Қарыз алудағы сыйақы ставкасы
      Қарыз алудың шектi (ең жоғары) ставкасын Даму Банкiнiң Активтер мен пассивтердi басқару жөнiндегi комитетi белгiлейдi.
      24. Лимиттер мен шектеулер
      Даму Банкi инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларға (мiндеттемелерге) кредит беру үшiн тартқан қарыздары бойынша негiзгi борыш оның меншiк капиталына қатысты 4:1 ара қатынасынан аспауы тиiс.
      Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi көрсетiлген ара қатынас шегiндегi мiндеттемелер бойынша лимиттер белгілеуге құқылы.
      Шектеулер агенттiк негiзде қызмет көрсетiлетiн қаражатқа қолданылмайды.
      Қарыз алудың көздерi, мерзiмдерi, ставкалары бойынша Даму Банкiнiң қарыздар портфелiнiң құрылымы Даму Банкi Активтер мен пассивтердi басқару жөнiндегi комитетiнiң шешiмiмен белгiленедi.

  6. Инвестициялық портфельдi басқару

      25. Құралдар мен лимиттер
      Даму Банкi iшкi және сыртқы рыноктарда (инвестициялық портфель) төменде көрсетiлген қаржы құралдарына, қарыз және жарғылық капиталдың қаражатын қоса алғанда, инвестициялық портфельдiң жалпы көлемiнен мынадай мөлшердегі:
      1) Қазақстан Республикасының, соның iшiнде басқа да мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарға - 100%-ға дейiн;
      2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi;
      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi;
      Азия Даму Банкi;
      Ислам Даму Банкi;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Америкааралық Даму Банкi;
      Халықаралық есептеу банкi;
      Африка Даму Банкi шығарған бағалы қағаздарға;
      Орналастыру бойынша лимит - 100%-ға дейiн;
      3) Standard&Poor`s шәкілі бойынша ВВВ-дан немесе Moody's шәкілi бойынша Ваа3-тен төмен болмайтын кредиттiк рейтингi бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарына - 70%-дан аспайтын;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының аса жоғары санатының тiзiмiне енгiзiлген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, қаржылық емес ұйымдар үшiн - 25%-дан аспайтын, қаржы ұйымдары үшін - 50%-дан аспайтын;
      5) Қазақстан Республикасының егемендi рейтингiнен бiр деңгейден төмен болмайтын кредиттік рейтингi бар қазақстандық эмитенттер шетел мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға - 25%-дан аспайтын;
      6) Standard&Poor`s шәкiлi бойынша ВВВ-дан немесе Moody's шәкiлi бойынша Ваа3-тен төмен болмайтын кредиттiк рейтингі бар шетел эмитенттерiнiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына - 20%-дан аспайтын;
      7) шетел валютасына - 100%-дан аспайтын;
      8) осы тараудың 1 - 7-тармақтарында көрсетiлген қаржы құралдары базалық активтерi болып табылатын туынды бағалы қағаздарға - 20%-дан аспайтын;
      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге), шетел банктерiнде (Standard&Poor's шәкiлi бойынша BBB-дан немесе Moody"s шәкілi бойынша Ваа3-тен төмен болмайтын кредиттiк рейтингi бар) екiншi деңгейдегi банктерде және екiншi деңгейдегi банктер мен шетел банктерi шығарған депозиттік сертификаттарға - 50%-дан аспайтын;
      10) уәкілеттi мемлекеттік органның лицензиясы болған кезде тазартылған қымбат бағалы металдарға - 20%-дан аспайтын еркiн қаражатты орналастырады.
      26. Құралдармен жүргiзiлетiн операциялар
      Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi белгілеген шектерде жоғарыда көрсетiлген қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi белгiлеген шектерде рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарымен операцияларды жасауға құқылы.
      Даму Банкi жарғылық капиталы қаражатының бiр бөлiгiн (төленген жарғылық капитал сомасының 50%-ынан аспайтын мөлшерде) Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi белгiлеген тәртiппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенiмгерлiк басқаруға беруге құқылы.

  7. Даму Банкiнiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы

      27. Даму Банкiнiң жарғылық капиталға қатысуы
      Даму Банкi Заңның  14-бабына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысады.
      28. Қатысу көлемi
      Даму Банкiнiң қор биржасының, орталық депозитарийдiң, лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу көлемiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Даму Банкiнiң құрылтай құжаттарында өзгеше белгіленбесе, Даму Банкiнiң Директорлар кеңесi белгiлейдi.
      Даму Банкiнiң үшiншi тұлғалармен бiрлесiп лизинг берушi ұйымда құруы және/немесе қатысуы жағдайында қатысу үлесi тараптардың келiсiмiмен белгіленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады