1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 699 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.24. N  1158 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметінiң арасындағы
Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге келiсті:
      1. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас кешен.
      Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгі үшін ставка - Полигонның жер учаскелерiн, оның iшiнде жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерi орналасқан жер учаскелерiн жалдауға берілген аудан (гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгіленедi.".
      2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шарттың 3-бабымен белгiленген полигондарды жалдау объектiсiнiң бiрлiгі ставкасын негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте, жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында сол күннен кейiн енгізiлген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрлерiн ескередi.
      Полигонның жалға берілетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерi орналасқан жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгіне белгiленген ставканы негiзге ала отырып жер учаскелерiнiң жалданатын ауданының өзгеруiне мөлшерлес өзгередi.
      Жалға беру ақысының өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамамен рәсiмдейтiн болады.
      Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға Ресей Тарабының үлестiк қатысу мөлшерi Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету туралы жеке хаттамамен айқындалады және Полигонды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының құрамына кiредi.".
      3. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарттың 4-бабында белгiленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталымды валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын болады.
      Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең үлестермен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5 күнiне дейiн жүзеге асырылады.
      Қазақстан Тарабы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiне қаражатты аудару үшiн төлем алушыны және қаржы деректемелерiн көрсете отырып хабарлама жiбередi.
      Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiне бұл туралы хабардар етуге мiндетті.".
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасында өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      Тараптардың бiрiнде бiрлескен шешiмдi талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.
      Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшін қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енедi.
      Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады.
      200_ жылғы "__"________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiндегі екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ            РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
      ҮШIН                              ҮШIН

О заключении Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2005 года N 699

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменений и дополнений в    Договор  между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года.

      2. Уполномочить Министра обороны Республики Казахстан - Алтынбаева Мухтара Капашевича заключить от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении изменений и дополнений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.  <*>
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 24 ноября 2005 года N  1158 .

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                                           Проект

  ПРОТОКОЛ
о внесении изменений и дополнений в Договор между
Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской
Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган
от 18 октября 1996 года

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, в дальнейшем именуемые Сторонами,
      согласились внести в  Договор  между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года (далее - Договор) следующие изменения и дополнения:

      1. Статью 3 дополнить абзацами вторым и третьим следующего содержания:
      "Полигон - единый комплекс, включающий в себя земельные участки и находящееся на них имущество.
      Ставка за единицу объекта аренды Полигона - арендная плата за использование единицы площади (гектар) переданных в аренду земельных участков Полигона, в том числе и земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества - устанавливается в размере 2,33 долларов США".

      2. Статью 4 изложить в следующей редакции:
      "Ежегодная арендная плата за использование Полигона, расчитанная исходя из установленной статьей 3 настоящего Договора ставки за единицу объекта аренды полигонов, начиная с 1 января 2005 года, составляет сумму, эквивалентную 18,932 млн. долларов США. При этом указанный размер арендной платы учитывает все виды налогов, комиссий, сборов и иных платежей, существующих на дату подписания Договора или вводимых после этой даты на территории Республики Казахстан и относящихся к аренде Полигона.
      При изменении состава арендуемых земельных участков Полигона, а также земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества, арендная плата изменяется пропорционально изменению арендуемой площади земельных участков, исходя из установленной ставки за единицу объекта аренды Полигона.
      Изменения арендной платы Стороны будут оформлять отдельным Протоколом, являющимся неотъемлемой частью настоящего Договора.
      Размер долевого участия российской Стороны в содержании инфраструктуры города Приозерска определяется отдельным Протоколом об обеспечении жизнедеятельности города Приозерска и входит в состав арендной платы за использование Полигона".

      3. Статью 5 изложить в следующей редакции:
      "Ежегодная арендная плата, начиная с 1 января 2005 года, установленная в статье 4 Договора, будет осуществляться в свободно конвертируемой валюте (долларах США).
Перечисление арендных платежей осуществляется ежегодно двумя равными долями каждая до 5 числа последнего месяца второго и четвертого кварталов года.
      Казахстанская Сторона направит Министерству обороны Российской Федерации уведомление с указанием получателя платежа и финансовых реквизитов для перечисления средств.
      В случае изменения получателя платежа и (или) его финансовых реквизитов казахстанская Сторона не позднее, чем за один месяц до истечения срока очередного платежа, обязана уведомить об этом Министерство обороны Российской Федерации".
      Все споры и разногласия, возникающие при толковании и применении положений настоящего Протокола, будут решаться путем взаимных консультаций и переговоров между Сторонами.
      При возникновении вопросов у одной из Сторон, требующих совместного решения, данная Сторона письменно уведомляет другую Сторону не позднее, чем за 30 дней до начала переговоров.
      Настоящий Протокол вступает в силу с даты последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящий Протокол является неотъемлемой частью  Договора  между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган, совершенного в городе Москве 18 октября 1996 года.
      Совершено в городе ________"____"________200 ___года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

 
       За Правительство                          За Правительство
      Республики Казахстан                      Российской Федерации