Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жердiң мақсатты арналымын және оны пайдаланудың құқықтық режимiн сақтай отырып, экспликацияға сәйкес Петропавл қаласының жалпы алаңы 29 гектар жерiнiң бiр бөлiгiн Қызылжар ауданының әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкiмшілiк шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі