Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 820 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес және лицензиялау жүйесiн оңтайландыру мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 9 тамыздағы 
N 820 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет
түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң
тiзбесi

      Осы тiзбеде "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының  9-бабы  1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер белгiленген.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  1. Электр станцияларын, электр тораптары мен қосалқы станцияларды жобалау және пайдалану

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      2. Электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, технологиялық жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау), соның iшiнде:
      1) агрегаттардың кез келген үлгiлерiмен органикалық отынмен жұмыс iстейтiн жылу электр станцияларын;
      2) су электр станцияларын;
      3) дизельдiк агрегатты электр станцияларын;
      4) энергияның дәстүрлi емес (жел, күн, теңiздiң қайтуы, жылудың жер асты және қайталама көздерi) түрлерiн пайдаланатын электр станцияларын;
      5) электр тарату тораптарын, электр энергиясын берудiң әуе, кәбiлдiк желiлерiн;
      6) трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату қондырғыларын, релелiк қорғаныш пен автоматиканы пайдалану.

  2. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау және пайдалану

      3. Су электр станцияларының (бұдан әрі - СЭС) гидротехникалық құрылыстарын (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, техникалық жай-күйiн бақылау), соның iшiнде:
      қысым бассейндерiн, су қабылдау құрылыстарын, су қоймаларын, тұндырғыларды, су қысымын шектейтiн бөгеттердi, бөгетшелердi, каналдарды, туннельдердi, дренаждық жүйелердi, күл қож үйiндiлерi бөгетшелерiн пайдалану.

        3. бөлім <*>
       Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  4. Жарылыс, өрт қаупi бар өнеркәсiптiк өндiрiстердi
жобалау және пайдалану

      5. Технологиялық объектілердi, блоктарды, сатыларды, қоймаларды қоса алғанда, жарылыс, өрт қаупi бар өнеркәсiптiк өндiрiстердi:
      1) мұнай-газ өңдеу (мұнай өнiмдерi өндiрiсiнен басқа, "Мұнай өнiмдерiн өндiру" 12-бөлiмi) және мұнай-химия өнiмдерiн;
      2) негiзгi органикалық синтездi, каучуктi, шиналық, резеңке-техникалық, тақтатас өңдеу өнеркәсiбi мен техникалық көмiртегiн;
      3) хлорды, хлорлы органикалық және органикалық емес өнiмдердi және ағызу, құю, сақтау жөнiндегi технологиялық процесті;
      4) химиялық талшықтар, полимер материалдар мен пластмассаларды;
      5) синтетикалық бояғыштарды, химикат-қоспалар мен басқа да жұқа органикалық синтез өнiмдерiн;
      6) лак-бояу өнiмдерiн, скипидарды;
      7) кино-, фотоматериалдар мен химиялық реактивтердi;
      8) тұрмыстық химия өнiмдерiн;
      9) азот және фосфор өнеркәсiбiн;
      10) негiзгі химия өнiмдерiн;
      11) ауадан бөлiнетiн өнiмдердi (оттегі, сутегі), хлорды, аммиакты алуды, өңдеуді, бөлудi, сақтау мен қолдануды;
      12) суды электролиздеу әдiсiмен сутегі мен оттегін;
      13) басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдердi және олардың қосындыларын (ағызуды, құюды, сақтауды қоса алғанда);
      14) коксті, шойынды, болатты (болат пен темiрдi, люнкериттердi, түрлендiргiштер мен экзотермиялық қоспаларды, ферроқорытпаларды, ыстық және суық илектi тiкелей алуды қоса алғанда), құюды (өнеркәсiптiң барлық салаларында);
      15)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      16)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      17) құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеу, газ тәрiздес шығарындыларды кәдеге асыру мен өртеп жiберу;
      18) жарылыс қаупi бар шаң-ауа қоспалары пайда болатын технологиялық процестi;
      19) шикiзатты, шала өнiмдердi және дайын өнiмдердi сақтау жөнiндегі (қоймалар) өндiрiстердi пайдалану.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  5. Тау-кен өндiрiстерiн жобалау және пайдалану,
мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары

      6. Пайдалы қазбаларды (көмiр, рудалар, минералдар, жалпы таралған және басқа да пайдалы қазбалар) iздестiру, барлау және өндiру:
      1) кен орнының геологиялық құрылымын, рудалық денелердiң, кен-геологиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайлардың сипаттамасын; гидрогеологиялық сипаттамасын зерделеу;
      2) сейсмикалық толқындарды қоздырудың жарылғыш және жарылғыш емес көздерiн қолдана отырып, атқылау-жару жұмыстарын, геофизикалық және сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу;
      3) алынған геофизикалық материалдарды пайымдау, руданың сапасын, карьер алаңының шекарасы мен қорларын зерделеу; шахталардың, кенiштердiң, разрездер мен карьерлердің қуаты мен жұмыс режимiн анықтау;
      4) аудару шаруашылығын қоса алғанда үстiңгi қабаттың технологиялық кешенiн, жергілiкті жобаларды, бас жоспарды әзiрлеу; карьерлiк көлiк; карьер алаңын, жөндеу-қойма шаруашылығын, электр техникалық бөлiктi және басқаларын құрғату;
      5) техникалық-экономикалық бөлiкті, техника қауiпсiздігін, өртке қарсы қорғануды, сметалық eceпті әзiрлеу.

      7. Кен орнын өнеркәсiптiк игеру:
      1) көмiр, руда, рудаға жатпайтын кен орындарын ашық және жер асты әдiстерiмен ашу және игеру;
      2) тау-кен өндiрiстерiнiң үстiңгi және жер асты технологиялық кешендерiнiң жұмыс iстеуiне байланысты жұмыс;
      3) тау-кен-күрделі, тау-кен-дайындау жұмыстары, шахта оқпандарын бекiту мен армирлеу;
      4) механикаландырылған бекiтпенi көтеру;
      5) арнайы тау-кен қазбаларын (дренаждық барлау, желдету және т.б.) жүргiзу;
      6) жер қойнауын пайдалану кезiнде геологиялық-маркшейдерлiк қызмет көрсету;
      7) экскаваторларды, өздігінен жүретiн тиеу-жеткiзу жабдықтарын, конвейерлік қондырғыларды, темiр жол мен автомобиль көлiгiн пайдалана отырып, рудалар мен жыныстарды уату, тиеу және жеткiзу;
      8) кен қазбаларын бекiтуге, желдетуге және құрғатуға байланысты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары;
      9) кен қазбаларын бекiту жобалары мен бұрғылау-жару жұмыстары жобаларын әзiрлеу, қайта қарау және бекiту;
      10) рудалық атмосфераны желдету, бақылау, разрездегi және үйiндiлердегi эндогендік өрттiң алдын алу мен оқшаулау;
      11) орлар жүргiзу, кен массаларын экскавациялау, ашық кен жұмыстарында және өнеркәсiп алаңдарын қорғандау;
      12) топырақты тазалау, қабырға мен төбенi шабақтау, көлiк, сақтандыру бермдерін және карьердiң кертпеш қиябеттерiн тазарту;
      13) ұңғымалар мен шпурларды бұрғылау, жару жұмыстарын дайындау және жүргiзу; жару жұмыстарын механикаландыру;
      14) бұрғылау жабдығын пайдалану;
      15) дайындау, тiлу, тазарту жұмыстары;
      16) су төгу, құрғату, желдету; кен массасын тасымалдау;
      17) кен жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде бұзылған жерлердi қалпына келтіру;
      18) мыналардың: тау-кен өндiрулерiн су басудың, құрғақта және теңiзде мұнайдың жайылуының, ұңғымалардың өздігінен төгiлуiнiң, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және жою жөнiндегi жұмыстар;
      19) кен жұмыстары жөнiндегі жергiлiктi және техникалық жобаларды әзiрлеу, қайта қарау және бекiту;
      20) көмiрдi үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналармен қазып алу;
      21) пайдалы қазбаларды экскаваторлармен, бульдозерлермен және тиегіштермен қазып алу; жыныстарды, рудалар мен көмiрдi темiр жол көлiгiмен және басқа да көлiкпен тасымалдау;
      22) темiр жол және автомобиль көлiгімен қорғандау;
      23) жалпы тараған пайдалы қазбаларды өндiру;
      24) карьерлік автомобиль жолдарын ұстау;
      25) рельстiк буындарды және бағыттамалық бұрмаларды жинау, оларды кертпештерде, үйiнділерде және темiр жолдардың тұрақты учаскелерiне салу және қайта салу, темiр жолдар мен бағыттамалық бұрмаларды жөндеу.

      8. Залалды кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары: оқпандарды жабу, тау-кен жабдықтарын бөлшектеу, далдаларды тұрғызу, ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу, үстіңгi кешендi бөлшектеу, үстіңгі қабатты қалпына келтiру.

      9. Мұнай мен газды iздестiру, барлау және өндiру:
      1) бұрғылау, соның iшiнде жүзбелi бұрғылау қондырғыларын, мұнай-газ кәсіпшілiгі, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды, сондай-ақ мұнай-газ теңiз гидротехникалық құрылыстары мен мұнай-газ кәсіпшiлiгі жабдықтарын пайдалану;
      2) мұнай мен газ ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкі су айдындарында бұрғылау;
      3) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішiн орнату;
      4) ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; аспапты жинақтау;
      5) мұнай мен газды өндiру кезiнде (есiрткi заттарындағы прекурсорлар мен улы заттарды қоспағанда) химиялық реагенттерді пайдалану;
      6) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      7)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      8) мұнай-газ кен орындарын қазуға жобалар мен технологиялық схемаларды жасау;
      9) мұнай мен газ кен орындарын жобалау, жайластыру;
      10)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      11)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      12) барлау және пайдалану ұңғымаларында жүргізілетiн мұнай операцияларының сапасын бақылау;
      13)-17)  алынып тасталды - 2005.12.13. N  1243  қаулысымен.
      18) мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiнiң объектілерi үшін техникалық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу;
      19) жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесiн жасау;
      20) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру, ұңғымаларды консервациялау;
      21) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін көтеру.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  6. Магистральдық газ, мұнай өнiмдерi құбырларын
жобалау және пайдалану

      10. Сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральды газ, мұнай өнiмдерiн өткiзгiштердiң резервуарлық парктерi мен желiлiк бөлiктерiн, сондай-ақ газдың жер асты қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану:
      1) магистральдық құбыр өткiзгiштерiне, негізгi және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды техникалық жөндеу, (пiсiрiлген жiктердiң, қосылыстар мен бекiтпелердiң техникалық жағдайының алдын алу, байқау, бақылау жай-күйi диагностикасы);
      2) магистральдық құбыр өткiзгiштердiң сорғы-сығымдаушы станциялары мен желілiк бөлiктерi жабдықтарының, соның iшiнде су асты өткелдерiнiң диагностикасы;
      3) тотығудан электр химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
      4) магистральдық газ, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау.

        7. бөлім <*>
       Ескерту. 7-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  8. Қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар мен өткiзгіш құбырларын жобалау және пайдалану

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:
      1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
      2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
      3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және бу мен су жылытатын қазандарды;
      4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
      5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу және сұйықтық қазандарды;
      6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      13. Бу қазандарын, жұмыс қысымы 0,7 кг/см 2  дербес буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi су жылытатын қазандар мен температурасы 115 о C-тен жоғары дербес экономайзерлердi және қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларды пайдалану (техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстап тұру, техникалық жай-күйiн бақылау), соның ішінде:
      1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
      2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
      3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және су мен бу жылытатын қазандарды;
      4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
      5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу мен сұйықтық қазандарын;
      6) бу мен ыстық судың өткiзгiш құбырларын;
      7) отынды қазанға әкелушi өткiзгiш құбырларын.

  9. Көтергіш құрылғыларды жобалау және пайдалану

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:
      1) барлық тұрпаттағы жүк көтергiш крандарды;
      2) манипулятор-крандарды;
      3) басқару кабинасымен бiрлесiп жер үстіндегi рельс жолдарымен қозғалатын жүк таситын электр арбаларды;
      4) тек арқанға асылған немесе электр магнитті iлгекпен жұмыс iстеуге арналған экскаватор-крандарды;
      5) тальдердi (электр немесе қол жетегi бар);
      6) барлық тұрпаттағы шахталық көтергіш қондырғыларды (клетті, скиптi, бадьялы) және арналымдарды (адам, жүк, жүк-адам), барлық тұрпаттағы жүкшығырларын (өтімділiк, монтаждық, иiнтiректiк);
      7) ауыспалы жүк ұстау органдарын (жүк көтергiш электр магниттерiнiң iлгектерi, грейферлерi және т.с.с.);
      8) алмалы-салмалы жүк ұстау тетiктерiн (сым арқандары, ұстауыштар, траверстердi және т. c.c.);
      9) алып жүретiн сауыттарды;
      10) электр және гидравликалық лифтiлердi;
      11) қабатаралық және тоннельдiк эскалаторларды;
      12) барлық түрлер мен типтiк көлемдегi арқалық крандарды, тельефтердi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  10. Қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен өткiзгіш құбырларды жобалау және пайдалану

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:
      1) 0,7кг/см 2  астам қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттарды;
      2) 0,7кг/см 2  астам қысыммен сығымдалған, сұйытылған және ерiтiлген газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған баллондарды;
      3) температурасы 50 о C болған кездегi қысымы 0,7кг/см 2  асатын сұйытылған газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелердi;
      4) оларды босату үшiн кезең-кезеңмен 0,7кг/см 2  жоғары қысым құралатын сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелердi тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен сауыттарды;
      5) 14 кВт және одан жоғары қуатпен орнатылған тұрақты, поршеньдiк және айналмалы сығымдаушыларды;
      6) мотор отыны ретiнде көмiрсутектi газды пайдаланатын автокөлiктің газ баллондық аппаратурасын;
      7) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгіш құбырларын;
      8) бекiтпе-реттеушi аппаратураны және сақтандыратын қондырғыларды, тiкелей және жанама әрекеттегі газ қысымдарын реттеуiштердi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      16. Пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйінде ұстау, технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйін бақылау, қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау және жою, газды қабылдау, құю, төгу, сақтау және босату):
      1) оттегі станцияларын;
      2) газ толтыру станцияларын (бұдан әрi - ГТС);
      3) газ толтыру пункттерiн (бұдан әрi - ГТП);
      4) баллондардың аралық қоймаларын (бұдан әрі - БАҚ);
      5) жылжымалы автоцистерналарды, автомобильге газ толтыру станцияларын (бұдан әрі - АГТС) және автогазқұю станцияларын (бұдан әрi - АЗҚС);
      6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын (технологиялық).

        11. бөлім <*>
       Ескерту. 11-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        12. бөлім <*>
       Ескерту. 12-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        13. бөлім <*>
       Ескерту. 13-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N  1243  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Об утверждении перечня работ и услуг, входящих в состав лицензируемых видов деятельности в сфере промышленности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2005 года N 820. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1311.

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2005 года N 820   утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года  N 1311  (вводится в действие по истечении 21 дня после официального опубликования).
      
      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О лицензировании" и в целях оптимизации и совершенствования системы лицензирования Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень работ и услуг, входящих в состав лицензируемых видов деятельности в сфере промышленности.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

       Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Утвержден              
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 9 августа 2005 года N 820    

  Перечень работ и услуг,
входящих в состав лицензируемых видов
деятельности в сфере промышленности

      Настоящим перечнем определены работы и услуги, входящие в соответствии с подпунктом 11) пункта 1  статьи 9  Закона Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О лицензировании" в состав лицензируемых видов деятельности в сфере промышленности.  <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

  1. Проектирование
и эксплуатация электрических станций,
электрических сетей и подстанций  <*>

     Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      1.  (Пункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      2. Эксплуатация (техническое обслуживание и текущий ремонт, профилактика, поддержание готовности к работе, контроль технического состояния технологического оборудования) электрических станций, электрических сетей и подстанций, в том числе:
      1) тепловых электростанций на органическом топливе с любыми типами агрегатов;
      2) гидроэлектростанций;
      3) электростанций с дизельными агрегатами;
      4) электростанций, использующих нетрадиционные виды энергии (ветровую, солнечную, морских приливов, подземных и вторичных источников тепла);
      5) электрических распределительных сетей, воздушных, кабельных линий передачи электрической энергии;
      6) трансформаторных подстанций, распредустройств, релейной защиты и автоматики.

  2. Проектирование и эксплуатация
гидротехнических сооружений

      3. Эксплуатация (техническое обслуживание и текущий ремонт, профилактика, поддержание готовности к работе, контроль технического состояния) гидротехнических сооружений гидроэлектростанций (далее - ГЭС), в том числе:
      напорных бассейнов, водоприемных сооружений, водохранилищ, отстойников, водонапорных ограждающих плотин, дамб, каналов, туннелей, дренажных систем, дамб золошлакоотвалов.

  3. Покупка в целях перепродажи электрической энергии
(Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

  4. Проектирование и эксплуатация промышленных
взрыво-, пожароопасных производств

      5. Эксплуатация промышленных взрыво-, пожароопасных производств, включая технологические объекты, блоки, стадии, хранилища:
      1) продуктов нефтегазопереработки (кроме производства нефтепродуктов, раздел 12 "производство нефтепродуктов") и нефтехимии;
      2) основного органического синтеза, каучука, шинной, резинотехнической, сланцеперерабатывающей промышленности и технического углерода;
      3) хлора, хлорорганической и неорганической продукции и технологического процесса по сливу, наливу, хранению;
      4) химических волокон, полимерных материалов и пластмасс;
      5) синтетических красителей, химикатов-добавок и других продуктов тонкого органического синтеза;
      6) лакокрасочной продукции, скипидара;
      7) кино-, фотоматериалов и химических реактивов;
      8) продуктов бытовой химии;
      9) азотной и фосфорной промышленности;
      10) продуктов основной химии;
      11) получения, переработки, распределения, хранения и применения продуктов разделения воздуха (кислород, водород), хлора, аммиака;
      12) водорода и кислорода методом электролиза воды;
      13) других органических и неорганических продуктов и их соединений (включая слив, налив, хранение);
      14) кокса, чугуна, стали (включая прямое получение стали и железа, люнкеритов, модификаторов и экзотермических смесей, ферросплавов, горячего и холодного проката), литья (во всех отраслях промышленности);
      15)-16)  (подпункты исключены - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 );
      17) по переработке нефтесодержащих отходов, утилизации и сжиганию газообразных выбросов;
      18) технологического процесса, при котором образуются взрывоопасные пылевоздушные смеси;
      19) по хранению сырья, полупродуктов и готовой продукции (склады).

  5. Проектирование и эксплуатация горных производств,
буровые работы на нефть и газ

      6. Поиск, разведка и добыча полезных ископаемых (уголь, руда, минералы, общераспространенные и другие полезные ископаемые):
      1) изучение геологического строения месторождения, характеристики рудных тел, горно-геологических и инженерно-геологических условий; гидрогеологических характеристик;
      2) проведение прострелочно-взрывных работ, геофизических и сейсморазведочных работ с применением взрывных и невзрывных источников возбуждения сейсмических волн;
      3) интерпретация полученных геофизических материалов, изучение качества руды, границ и запасов поля карьера; определение мощности и режима работы шахт, рудников, разрезов и карьеров;
      4) разработка технологического комплекса поверхности, локальных проектов, генерального плана, включая отвальное хозяйство; карьерный транспорт; осушение поля карьера, ремонтно-складского хозяйства, электротехнической части и др.;
      5) разработка технико-экономической части, техники безопасности, противопожарной защиты, сметный расчет.

      7. Промышленное освоение месторождения:
      1) вскрытие и разработка угольных, рудных, нерудных месторождений открытым и подземным способами;
      2) работа, связанная с функционированием поверхностного и подземного технологических комплексов горных производств;
      3) горно-капитальные, горно-подготовительные работы, крепление и армировка стволов шахт;
      4) возведение механизированной крепи;
      5) проведение специальных горных выработок (дренажные, разведочные, вентиляционные и др.);
      6) геолого-маркшейдерское обслуживание при пользовании недрами;
      7) отбойка, погрузка и доставка руды и породы с использованием экскаваторов, погрузочно-доставочного самоходного оборудования, конвейерной установки, железнодорожного и автомобильного транспорта;
      8) ремонтно-восстановительные работы, связанные с креплением, проветриванием и осушением горных выработок;
      9) разработка, пересмотр и утверждение проектов крепления горных выработок и проектов буровзрывных работ;
      10) вентиляция, контроль за рудничной атмосферой, предупреждение и локализация эндогенных пожаров в разрезе и отвалах;
      11) проведение траншей, экскавация горной массы, отвалообразование на открытых горных работах и промплощадках;
      12) зачистка почвы, оборка стенки и кровли, зачистка транспортных, предохранительных берм и откосов уступов карьера;
      13) бурение скважин и шпуров, подготовка и производство взрывных работ; механизация взрывных работ;
      14) эксплуатация бурового оборудования;
      15) подготовительные, нарезные, очистные работы;
      16) водоотлив, осушение, проветривание; транспортировка горной массы;
      17) рекультивация земли, нарушенной в результате производства горных работ;
      18) работы по предотвращению и ликвидации: затопления горных выработок, нефтяных разливов на суше и море, самоизливающихся скважин, нефтяных и газовых выбросов (за исключением противофонтанных работ);
      19) разработка, пересмотр и утверждение локальных и технических проектов по горным работам;
      20) выемка угля машинами непрерывного действия;
      21) выемка полезных ископаемых экскаваторами, бульдозерами и погрузчиками; транспортировка породы, руды и угля железнодорожным и другим транспортом;
      22) отвалообразование железнодорожным и автомобильным транспортом;
      23) добыча общераспространенных полезных ископаемых;
      24) содержание карьерных автодорог;
      25) сборка рельсовых звеньев и стрелочных переводов, укладка и переукладка их на уступах, отвалах и постоянных участках железнодорожных путей; ремонт железнодорожных путей и стрелочных переводов.

      8. Ликвидационные работы по закрытию убыточных рудников и шахт: засыпка стволов, демонтаж горного оборудования, возведение перемычек, разборка зданий и сооружений, демонтаж поверхностного комплекса, рекультивация поверхности.

      9. Поиск, разведка, добыча нефти и газа:
      1) эксплуатация бурового, в том числе плавучих буровых установок, нефтегазопромыслового, геологоразведочного и геофизического оборудования, а также оборудования нефтегазовых морских гидротехнических сооружений и нефтегазопромыслового оборудования;
      2) бурение нефтяных и газовых скважин, в том числе на море и внутренних водоемах;
      3) подземный и капитальный ремонт скважин; демонтаж оборудования и агрегатов; установка подъемника скважин;
      4) испытания после ремонта скважин; компоновка инструмента;
      5) использование химических реагентов (за исключением прекурсоров к наркотическим веществам и ядовитых веществ) при добыче нефти и газа;
      6) промывка, цементация, опробование и освоение скважин;
      7)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      8) составление проектов и технологических схем на разработку нефтегазовых месторождений;
      9) проектирование, обустройство нефтяных и газовых месторождений;
      10) (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      11)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      12) контроль качества проводимых нефтяных операций в разведочных и эксплуатационных скважинах;
      13)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      14)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ;
      15)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      16)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      17)  (подпункт исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ) ;
      18) разработка технико-технологической документации для объектов нефтегазодобывающей промышленности;
      19) составление технико-экономического обоснования проектов;
      20) добыча нефти, газа, нефтегазоконденсата, консервация скважин;
      21) повышение нефтеотдачи нефтяных пластов и увеличение производительности скважин.

  6. Проектирование и эксплуатация магистральных
газо-, нефтепродуктопроводов

      10. Эксплуатация оборудования, установок насосно-компрессорных станций, резервуарных парков и линейной части магистральных газо-, нефтепродуктопроводов, а также технологического оборудования и скважин подземных хранилищ газа:
      1) техническое обслуживание и текущий ремонт (профилактика, осмотр, контроль технического состояния, диагностика состояния сварных швов, соединений и креплений) магистральных трубопроводов, основного и вспомогательного оборудования;
      2) диагностика оборудования насосно-компрессорных станций и линейной части магистральных трубопроводов, в том числе подводных переходов;
      3) техническое обслуживание средств электрохимической защиты от коррозии;
      4) проектирование магистральных газо-, нефтепродуктопроводов.

  7. Проектирование, изготовление, монтаж, ремонт
химического, бурового, нефтегазопромыслового, геологоразведочного, горно- шахтного, металлургического, энергетического оборудования, взрывозащищенного электротехнического оборудования, аппаратуры и систем контроля, противоаварийной защиты и сигнализации
       (Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

  8. Проектирование
и эксплуатация котлов и трубопроводов,
работающих под давлением  <*>
     Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      12. Проектирование котлов и трубопроводов, работающих под давлением, в том числе:
      1) паровых (котлов-бойлеров), котлов-утилизаторов;
      2) пароперегревателей и экономайзеров;
      3) водогрейных и пароводогрейных котлов, работающих под давлением;
      4) котлов передвижных и транспортабельных установок и энергопоездов;
      5) котлов паровых и жидкостных, работающих с высокими температурными и органическими теплоносителями;
      6) трубопроводов, работающих под давлением.  <*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      13. Эксплуатация (техническое обслуживание и текущий ремонт, профилактика, поддержание готовности к работе, контроль технического состояния) паровых котлов, автономных пароперегревателей и экономайзеров с рабочим давлением более 0,7 кг/см 2 , водогрейных котлов и автономных экономайзеров с температурой выше 115 о  С и трубопроводов, работающих под давлением, в том числе:
      1) паровых (котлов-бойлеров), котлов-утилизаторов;
      2) пароперегревателей и экономайзеров;
      3) водогрейных и пароводогрейных котлов, работающих под давлением;
      4) котлов передвижных и транспортабельных установок и энергопоездов;
      5) котлов паровых и жидкостных, работающих с высокими температурными и органическими теплоносителями;
      6) трубопроводов пара и горячей воды;
      7) трубопроводов, подводящих топливо к котлам.

  9. Проектирование и эксплуатация подъемных сооружений  <*>
     Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      14. Проектирование и эксплуатация (техническое обслуживание и текущий ремонт, профилактика, поддержание готовности к работе, контроль технического состояния) подъемных сооружений, в том числе:
      1) грузоподъемных кранов всех типов;
      2) кранов-манипуляторов;
      3) грузовых электрических тележек, передвигающихся по надземным рельсовым путям совместно с кабиной управления;
      4) кранов-экскаваторов, предназначенных для работы только с крюком, подвешенным на канате или с электромагнитом;
      5) талей (с электрическим и ручным приводом);
      6) шахтных подъемных установок всех типов (клетьевых, скиповых, бадьевых) и назначений (людских, грузовых, грузолюдских), лебедок всех типов (проходческих, монтажных, рычажных);
      7) сменных грузозахватных органов (крюки, грейфера, грузоподъемные электромагниты и т.п.)
      8) съемных грузозахватных приспособлений (строп, захватов, траверсов и т.п.);
      9) несущей тары;
      10) электрических и гидравлических лифтов;
      11) эскалаторов поэтажных и тоннельных;
      12) кранов-балок, тельферов всех видов и типоразмеров.  <*>
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

  10. Проектирование и эксплуатация сосудов и трубопроводов,
работающих под давлением  <*>
     Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      15. Проектирование сосудов и трубопроводов, работающих под давлением, в том числе:
      1) сосудов, работающих под давлением газа свыше 0,7 кг/см 2 ;
      2) баллонов, предназначенных для транспортировки и хранения сжатых, сжиженных и растворенных газов под давлением свыше 0,7 кг/см 2 ;
      3) цистерн и бочек для транспортировки и хранения сжиженных газов, давление которых при температуре 50 о  С превышает давление 0,7 кг/см 2 ;
      4) цистерн и сосудов для транспортировки и хранения сжатых, сжиженных газов, жидкостей и сыпучих тел, в которых давление свыше 0,7 кг/см создается периодически для их опорожнения;
      5) стационарных, поршневых и ротационных компрессоров, установленной мощностью от 14 кВт и выше;
      6) газобаллонной аппаратуры автотранспорта, использующего углеводородный газ в качестве моторного топлива;
      7) трубопроводов, работающих под давлением;
      8) запорно-регулирующей аппаратуры и предохранительных устройств, регуляторов давления газа прямого и непрямого действия.  <*>
      Сноска. В пункт 15 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).

      16. Эксплуатация (техническое обслуживание и текущий ремонт, профилактика, поддержание готовности к работе, контроль технического состояния технологического оборудования, обслуживание, локализация и ликвидация аварийных ситуаций, прием, слив, налив, хранение и отпуск газа):
      1) кислородных станций;
      2) газонаполнительных станций (далее - ГНС);
      3) газонаполнительных пунктов (далее - ГНП);
      4) промежуточных складов баллонов (далее - ПСБ);
      5) передвижных автоцистерн, автомобильных газонаполнительных станций (далее - АГНС) и автогазозаправочных станций (далее - АГЗС);
      6) трубопроводов (технологических), работающих под давлением.

  11. Переработка минерального сырья (за исключением переработки общераспространенных полезных ископаемых)
(Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).       

  12. Производство нефтепродуктов
(Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).
      

  13. Производство, ремонтные работы по газификации жилых 
и коммунально-бытовых объектов
(Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 13 декабря 2005 года N  1243  (порядок введения в действие см.  п.2 ).