Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес және лицензиялау жүйесiн оңтайландыру мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 9 тамыздағы
N 820 қаулысымен
бекiтiлген
Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет
түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң
тiзбесi
Осы тiзбеде "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының
9-бабы
1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер белгiленген.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Электр станцияларын, электр тораптары мен қосалқы станцияларды жобалау және пайдалану
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N 1243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. <*>
Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. Электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, технологиялық жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау), соның iшiнде:
1) агрегаттардың кез келген үлгiлерiмен органикалық отынмен жұмыс iстейтiн жылу электр станцияларын;
2) су электр станцияларын;
3) дизельдiк агрегатты электр станцияларын;
4) энергияның дәстүрлi емес (жел, күн, теңiздiң қайтуы, жылудың жер асты және қайталама көздерi) түрлерiн пайдаланатын электр станцияларын;
5) электр тарату тораптарын, электр энергиясын берудiң әуе, кәбiлдiк желiлерiн;
6) трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату қондырғыларын, релелiк қорғаныш пен автоматиканы пайдалану.
3. Су электр станцияларының (бұдан әрі - СЭС) гидротехникалық құрылыстарын (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, техникалық жай-күйiн бақылау), соның iшiнде:
қысым бассейндерiн, су қабылдау құрылыстарын, су қоймаларын, тұндырғыларды, су қысымын шектейтiн бөгеттердi, бөгетшелердi, каналдарды, туннельдердi, дренаждық жүйелердi, күл қож үйiндiлерi бөгетшелерiн пайдалану.
3. бөлім <*>
Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
5. Технологиялық объектілердi, блоктарды, сатыларды, қоймаларды қоса алғанда, жарылыс, өрт қаупi бар өнеркәсiптiк өндiрiстердi:
1) мұнай-газ өңдеу (мұнай өнiмдерi өндiрiсiнен басқа, "Мұнай өнiмдерiн өндiру" 12-бөлiмi) және мұнай-химия өнiмдерiн;
2) негiзгi органикалық синтездi, каучуктi, шиналық, резеңке-техникалық, тақтатас өңдеу өнеркәсiбi мен техникалық көмiртегiн;
3) хлорды, хлорлы органикалық және органикалық емес өнiмдердi және ағызу, құю, сақтау жөнiндегi технологиялық процесті;
4) химиялық талшықтар, полимер материалдар мен пластмассаларды;
5) синтетикалық бояғыштарды, химикат-қоспалар мен басқа да жұқа органикалық синтез өнiмдерiн;
6) лак-бояу өнiмдерiн, скипидарды;
7) кино-, фотоматериалдар мен химиялық реактивтердi;
8) тұрмыстық химия өнiмдерiн;
9) азот және фосфор өнеркәсiбiн;
10) негiзгі химия өнiмдерiн;
11) ауадан бөлiнетiн өнiмдердi (оттегі, сутегі), хлорды, аммиакты алуды, өңдеуді, бөлудi, сақтау мен қолдануды;
12) суды электролиздеу әдiсiмен сутегі мен оттегін;
13) басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдердi және олардың қосындыларын (ағызуды, құюды, сақтауды қоса алғанда);
14) коксті, шойынды, болатты (болат пен темiрдi, люнкериттердi, түрлендiргiштер мен экзотермиялық қоспаларды, ферроқорытпаларды, ыстық және суық илектi тiкелей алуды қоса алғанда), құюды (өнеркәсiптiң барлық салаларында);
15)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
16)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
17) құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеу, газ тәрiздес шығарындыларды кәдеге асыру мен өртеп жiберу;
18) жарылыс қаупi бар шаң-ауа қоспалары пайда болатын технологиялық процестi;
19) шикiзатты, шала өнiмдердi және дайын өнiмдердi сақтау жөнiндегі (қоймалар) өндiрiстердi пайдалану.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
6. Пайдалы қазбаларды (көмiр, рудалар, минералдар, жалпы таралған және басқа да пайдалы қазбалар) iздестiру, барлау және өндiру:
1) кен орнының геологиялық құрылымын, рудалық денелердiң, кен-геологиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайлардың сипаттамасын; гидрогеологиялық сипаттамасын зерделеу;
2) сейсмикалық толқындарды қоздырудың жарылғыш және жарылғыш емес көздерiн қолдана отырып, атқылау-жару жұмыстарын, геофизикалық және сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу;
3) алынған геофизикалық материалдарды пайымдау, руданың сапасын, карьер алаңының шекарасы мен қорларын зерделеу; шахталардың, кенiштердiң, разрездер мен карьерлердің қуаты мен жұмыс режимiн анықтау;
4) аудару шаруашылығын қоса алғанда үстiңгi қабаттың технологиялық кешенiн, жергілiкті жобаларды, бас жоспарды әзiрлеу; карьерлiк көлiк; карьер алаңын, жөндеу-қойма шаруашылығын, электр техникалық бөлiктi және басқаларын құрғату;
5) техникалық-экономикалық бөлiкті, техника қауiпсiздігін, өртке қарсы қорғануды, сметалық eceпті әзiрлеу.
7. Кен орнын өнеркәсiптiк игеру:
1) көмiр, руда, рудаға жатпайтын кен орындарын ашық және жер асты әдiстерiмен ашу және игеру;
2) тау-кен өндiрiстерiнiң үстiңгi және жер асты технологиялық кешендерiнiң жұмыс iстеуiне байланысты жұмыс;
3) тау-кен-күрделі, тау-кен-дайындау жұмыстары, шахта оқпандарын бекiту мен армирлеу;
4) механикаландырылған бекiтпенi көтеру;
5) арнайы тау-кен қазбаларын (дренаждық барлау, желдету және т.б.) жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдалану кезiнде геологиялық-маркшейдерлiк қызмет көрсету;
7) экскаваторларды, өздігінен жүретiн тиеу-жеткiзу жабдықтарын, конвейерлік қондырғыларды, темiр жол мен автомобиль көлiгiн пайдалана отырып, рудалар мен жыныстарды уату, тиеу және жеткiзу;
8) кен қазбаларын бекiтуге, желдетуге және құрғатуға байланысты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары;
9) кен қазбаларын бекiту жобалары мен бұрғылау-жару жұмыстары жобаларын әзiрлеу, қайта қарау және бекiту;
10) рудалық атмосфераны желдету, бақылау, разрездегi және үйiндiлердегi эндогендік өрттiң алдын алу мен оқшаулау;
11) орлар жүргiзу, кен массаларын экскавациялау, ашық кен жұмыстарында және өнеркәсiп алаңдарын қорғандау;
12) топырақты тазалау, қабырға мен төбенi шабақтау, көлiк, сақтандыру бермдерін және карьердiң кертпеш қиябеттерiн тазарту;
13) ұңғымалар мен шпурларды бұрғылау, жару жұмыстарын дайындау және жүргiзу; жару жұмыстарын механикаландыру;
14) бұрғылау жабдығын пайдалану;
15) дайындау, тiлу, тазарту жұмыстары;
16) су төгу, құрғату, желдету; кен массасын тасымалдау;
17) кен жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде бұзылған жерлердi қалпына келтіру;
18) мыналардың: тау-кен өндiрулерiн су басудың, құрғақта және теңiзде мұнайдың жайылуының, ұңғымалардың өздігінен төгiлуiнiң, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және жою жөнiндегi жұмыстар;
19) кен жұмыстары жөнiндегі жергiлiктi және техникалық жобаларды әзiрлеу, қайта қарау және бекiту;
20) көмiрдi үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналармен қазып алу;
21) пайдалы қазбаларды экскаваторлармен, бульдозерлермен және тиегіштермен қазып алу; жыныстарды, рудалар мен көмiрдi темiр жол көлiгiмен және басқа да көлiкпен тасымалдау;
22) темiр жол және автомобиль көлiгімен қорғандау;
23) жалпы тараған пайдалы қазбаларды өндiру;
24) карьерлік автомобиль жолдарын ұстау;
25) рельстiк буындарды және бағыттамалық бұрмаларды жинау, оларды кертпештерде, үйiнділерде және темiр жолдардың тұрақты учаскелерiне салу және қайта салу, темiр жолдар мен бағыттамалық бұрмаларды жөндеу.
8. Залалды кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары: оқпандарды жабу, тау-кен жабдықтарын бөлшектеу, далдаларды тұрғызу, ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу, үстіңгi кешендi бөлшектеу, үстіңгі қабатты қалпына келтiру.
9. Мұнай мен газды iздестiру, барлау және өндiру:
1) бұрғылау, соның iшiнде жүзбелi бұрғылау қондырғыларын, мұнай-газ кәсіпшілiгі, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды, сондай-ақ мұнай-газ теңiз гидротехникалық құрылыстары мен мұнай-газ кәсіпшiлiгі жабдықтарын пайдалану;
2) мұнай мен газ ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкі су айдындарында бұрғылау;
3) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішiн орнату;
4) ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; аспапты жинақтау;
5) мұнай мен газды өндiру кезiнде (есiрткi заттарындағы прекурсорлар мен улы заттарды қоспағанда) химиялық реагенттерді пайдалану;
6) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
7)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
8) мұнай-газ кен орындарын қазуға жобалар мен технологиялық схемаларды жасау;
9) мұнай мен газ кен орындарын жобалау, жайластыру;
10)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
11)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
12) барлау және пайдалану ұңғымаларында жүргізілетiн мұнай операцияларының сапасын бақылау;
13)-17)
алынып тасталды - 2005.12.13. N
1243
қаулысымен.
18) мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiнiң объектілерi үшін техникалық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу;
19) жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесiн жасау;
20) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру, ұңғымаларды консервациялау;
21) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін көтеру.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
10. Сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральды газ, мұнай өнiмдерiн өткiзгiштердiң резервуарлық парктерi мен желiлiк бөлiктерiн, сондай-ақ газдың жер асты қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану:
1) магистральдық құбыр өткiзгiштерiне, негізгi және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды техникалық жөндеу, (пiсiрiлген жiктердiң, қосылыстар мен бекiтпелердiң техникалық жағдайының алдын алу, байқау, бақылау жай-күйi диагностикасы);
2) магистральдық құбыр өткiзгiштердiң сорғы-сығымдаушы станциялары мен желілiк бөлiктерi жабдықтарының, соның iшiнде су асты өткелдерiнiң диагностикасы;
3) тотығудан электр химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
4) магистральдық газ, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау.
7. бөлім <*>
Ескерту. 7-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
8. Қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар мен өткiзгіш құбырларын жобалау және пайдалану
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N 1243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:
1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және бу мен су жылытатын қазандарды;
4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу және сұйықтық қазандарды;
6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
13. Бу қазандарын, жұмыс қысымы 0,7 кг/см
2
дербес буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi су жылытатын қазандар мен температурасы 115
о
C-тен жоғары дербес экономайзерлердi және қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларды пайдалану (техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстап тұру, техникалық жай-күйiн бақылау), соның ішінде:
1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және су мен бу жылытатын қазандарды;
4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу мен сұйықтық қазандарын;
6) бу мен ыстық судың өткiзгiш құбырларын;
7) отынды қазанға әкелушi өткiзгiш құбырларын.
9. Көтергіш құрылғыларды жобалау және пайдалану
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N 1243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:
1) барлық тұрпаттағы жүк көтергiш крандарды;
2) манипулятор-крандарды;
3) басқару кабинасымен бiрлесiп жер үстіндегi рельс жолдарымен қозғалатын жүк таситын электр арбаларды;
4) тек арқанға асылған немесе электр магнитті iлгекпен жұмыс iстеуге арналған экскаватор-крандарды;
5) тальдердi (электр немесе қол жетегi бар);
6) барлық тұрпаттағы шахталық көтергіш қондырғыларды (клетті, скиптi, бадьялы) және арналымдарды (адам, жүк, жүк-адам), барлық тұрпаттағы жүкшығырларын (өтімділiк, монтаждық, иiнтiректiк);
7) ауыспалы жүк ұстау органдарын (жүк көтергiш электр магниттерiнiң iлгектерi, грейферлерi және т.с.с.);
8) алмалы-салмалы жүк ұстау тетiктерiн (сым арқандары, ұстауыштар, траверстердi және т. c.c.);
9) алып жүретiн сауыттарды;
10) электр және гидравликалық лифтiлердi;
11) қабатаралық және тоннельдiк эскалаторларды;
12) барлық түрлер мен типтiк көлемдегi арқалық крандарды, тельефтердi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
10. Қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен өткiзгіш құбырларды жобалау және пайдалану
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N 1243 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:
1) 0,7кг/см
2
астам қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттарды;
2) 0,7кг/см
2
астам қысыммен сығымдалған, сұйытылған және ерiтiлген газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған баллондарды;
3) температурасы 50
о
C болған кездегi қысымы 0,7кг/см
2
асатын сұйытылған газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелердi;
4) оларды босату үшiн кезең-кезеңмен 0,7кг/см
2
жоғары қысым құралатын сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелердi тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен сауыттарды;
5) 14 кВт және одан жоғары қуатпен орнатылған тұрақты, поршеньдiк және айналмалы сығымдаушыларды;
6) мотор отыны ретiнде көмiрсутектi газды пайдаланатын автокөлiктің газ баллондық аппаратурасын;
7) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгіш құбырларын;
8) бекiтпе-реттеушi аппаратураны және сақтандыратын қондырғыларды, тiкелей және жанама әрекеттегі газ қысымдарын реттеуiштердi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
16. Пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйінде ұстау, технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйін бақылау, қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау және жою, газды қабылдау, құю, төгу, сақтау және босату):
1) оттегі станцияларын;
2) газ толтыру станцияларын (бұдан әрi - ГТС);
3) газ толтыру пункттерiн (бұдан әрi - ГТП);
4) баллондардың аралық қоймаларын (бұдан әрі - БАҚ);
5) жылжымалы автоцистерналарды, автомобильге газ толтыру станцияларын (бұдан әрі - АГТС) және автогазқұю станцияларын (бұдан әрi - АЗҚС);
6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын (технологиялық).
11. бөлім <*>
Ескерту. 11-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
12. бөлім <*>
Ескерту. 12-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
13. бөлім <*>
Ескерту. 13-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.13. N
1243
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.