"Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 832 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.6.5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылсын.
 

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін:
      1) "Ядролық технологиялар паркі" технопаркінің (бұдан әрі - технопарк) инфрақұрылымы мен базалық өнеркәсіптік қондырғыларын жобалау, салу, ұстау және пайдалану;
      2) технопарктің базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымын пайдалануға негізделген қызметтер көрсетуді, сондай-ақ технопарк аумағында жұмыс істейтін компанияларға сервистік қызметтер көрсетуді ұсыну;
      3) перспективалы технологиялық әзірленімдерді іздестіру, іріктеу, технопарктің базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымын қолдана отырып, өндірістерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
      4) атом саласындағы ғылымды қажетсінетін технологияларына және оған іліспе ғылым мен техника саласына инвестицияларды тарту;
      5) елдің ядролық экспорттық әлеуетін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологиялар мен өндірістерді құруға жәрдемдесу.
 

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Қоғамның жарғылық капиталын 273000000 (екі жүз жетпіс үш миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
 

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік  мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-10-жолмен толықтырылсын:
      "165-10 Ядролық технологиялар паркі" АҚ;
 

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-3-жолмен толықтырылсын:
      "20-3 Ядролық технологиялар паркі" АҚ".
 

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

О создании акционерного общества "Парк ядерных технологий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2005 года N 832

      В целях реализации пункта 2.6.5. Плана мероприятий по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003-2006 годы, утвержденного  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2003 года N 903, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать акционерное общество "Парк ядерных технологий" (далее - Общество) со 100-процентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности Общества:
      1) проектирование, строительство, содержание и эксплуатация инфраструктуры и базовых промышленных установок технопарка "Парк ядерных технологий" (далее - технопарк);
      2) предоставление услуг, основанных на эксплуатации базовых промышленных установок и инфраструктуры технопарка, а также сервисных услуг компаниям, работающим на территории технопарка;
      3) поиск, отбор перспективных технологических разработок, содействие созданию и развитию производств с использованием базовых промышленных установок и инфраструктуры технопарка;
      4) привлечение инвестиций в наукоемкие технологии атомной отрасли и в сопутствующие ей области науки и техники;
      5) содействие созданию новых инновационных технологий и производств, обеспечивающих поддержание и развитие ядерного экспортного потенциала страны.

      3. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить формирование уставного капитала Общества в размере 273000000 (двести семьдесят три миллиона) тенге за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2005 год.

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав Общества и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции Республики Казахстан;
      2) передать Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций Общества;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:

      1) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности:
      раздел "Восточно-Казахстанская область" дополнить строкой, порядковый номер 165-10, следующего содержания:
      "165-10 АО "Парк ядерных технологий";

      2) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 20-3 следующего содержания:
      "20-3 АО "Парк ядерных технологий".

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Исполняющий обязанности
          Премьер-Министра
       Республики Казахстан