"Қызылорда ауданаралық жылу орталығы" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 834 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы  2-бабының  4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi болып табылатын "Қызылорда ауданаралық жылу орталығы" ашық акционерлiк қоғамының банкрот деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда ауданаралық жылу орталығы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың мыналарды:
      1) Қоғамның өндiрiстiң бiртұтас технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүлкiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - Лот) сатуды;
      2) Лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстардың әрi бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың талаптары сомасынан төмен емес етiп белгiлеудi;
      3) технологиялық циклдың үздiксiздiгiн сақтай отырып, банкроттық рәсiмiн өткiзудi;
      4) Қызылорда облысының әкiмдiгiмен келiсiлген сатып алынатын мүлiктi пайдалану бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бар тұлғалардың аукционға қатысуын көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.

      2. Конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) қызмет бейiнiн, тұтынушылармен жасалған шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтау бойынша мiндеттемелердi қабылдау;
      2) жылу энергиясын өндiру, беру мен тарату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы;
      3) технологиялық процеске қамтылған Қоғамның қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi B.C. Школьникке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы открытого акционерного общества "Кызылординская межрайонная теплоцентраль"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2005 года N 834

      В соответствии с пунктом 4  статьи 2  Закона Республики Казахстан от 21 января 1997 года "О банкротстве", в связи с признанием банкротом открытого акционерного общества "Кызылординская межрайонная теплоцентраль", являющегося субъектом естественной монополии, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить особые условия и порядок реализации конкурсной массы открытого акционерного общества "Кызылординская межрайонная теплоцентраль" (далее - Общество), предусматривающие:
      1) продажу имущества Общества, обеспечивающего единый технологический цикл производства единым лотом (далее - Лот);
      2) установление минимальной цены продажи Лота не ниже суммы административных расходов и требований кредиторов первой и второй очередей;
      3) проведение процедуры банкротства с соблюдением непрерывности технологического цикла;
      4) участие в аукционе лиц, имеющих производственную программу по использованию приобретаемого имущества, согласованную с акиматом Кызылординской области.

      2. Установить следующие дополнительные требования к покупателям объектов конкурсной массы:
      1) принятие обязательств по сохранению профиля деятельности, договоров с потребителями и объемов предоставляемых услуг;
      2) наличие лицензии на осуществление деятельности по производству, передаче и распределению тепловой энергии;
      3) обеспечение заключения трудовых договоров с работниками Общества, занятых в технологическом процессе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Школьника B.C.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Исполняющий обязанности
          Премьер-Министра
       Республики Казахстан