"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 2-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi болып табылатын "Қызылорда ауданаралық жылу орталығы" ашық акционерлiк қоғамының банкрот деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда ауданаралық жылу орталығы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың мыналарды:
1) Қоғамның өндiрiстiң бiртұтас технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүлкiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - Лот) сатуды;
2) Лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстардың әрi бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың талаптары сомасынан төмен емес етiп белгiлеудi;
3) технологиялық циклдың үздiксiздiгiн сақтай отырып, банкроттық рәсiмiн өткiзудi;
4) Қызылорда облысының әкiмдiгiмен келiсiлген сатып алынатын мүлiктi пайдалану бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бар тұлғалардың аукционға қатысуын көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
2. Конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
1) қызмет бейiнiн, тұтынушылармен жасалған шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтау бойынша мiндеттемелердi қабылдау;
2) жылу энергиясын өндiру, беру мен тарату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы;
3) технологиялық процеске қамтылған Қоғамның қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi B.C. Школьникке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы