"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Казгипроводхоз институты" өндiрiстік кооперативi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Қызылорда облысында бас су жiбергiш құрылысы бар Қараөзек тармағы" объектiсiнiң жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi, Қытай Гeo-Инженерлiк Корпорациясы "Қызылорда облысында бас су жiбергiш құрылысы бар Қараөзек тармағы" объектiсiн салуды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражаттың оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарының орындалуын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Pecпубликасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы