Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына
толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекітiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Қорғаныс министрiнiң министрi Министрмен,
бiрiншi орынбасары - Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасының Басшысымен"
Қорғаныс министрлiгi
Штабтар бастықтары
комитетінiң төрағасы
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президент Сыртқы Премьер-
Сыртқы iстер министрiнiң iстер Министрмен,
бiрiншi орынбасары министрi Әкiмшiлiк
Басшысымен".
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкестiкке келтiрсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi