Америка Құрама Штаттарына iзгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 971 Қаулысы

      "Катрина" дауылы салдарынан зардап шеккен Америка Құрама Штаттарының жағалау маңындағы аудандарының халқына iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне "Катрина" дауылы салдарынан зардап шеккен АҚШ-тың жағалау маңындағы аудандарының халқына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен 250000 (екi жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн;
      бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз eтсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об оказании гуманитарной помощи Соединенным Штатам Америки

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2005 года N 971

      В целях оказания гуманитарной помощи населению прибрежных районов Соединенных Штатов Америки, пострадавшему в результате урагана "Катрина", Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      выделить из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год, средства в сумме, эквивалентной 250000 (двести пятьдесят тысяч) долларам США, Министерству иностранных дел Республики Казахстан для оказания гуманитарной помощи населению прибрежных районов США, пострадавшему в результате урагана "Катрина";
      обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан