"Катрина" дауылы салдарынан зардап шеккен Америка Құрама Штаттарының жағалау маңындағы аудандарының халқына iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне "Катрина" дауылы салдарынан зардап шеккен АҚШ-тың жағалау маңындағы аудандарының халқына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен 250000 (екi жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн;
бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз eтсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі