Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң
мәртебесі және оларды әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостерi, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостерi, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) барлық мәтiн бойынша "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздер тиiсiнше "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) барлық мәтiн бойынша "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздер тиiсiнше "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Әскери қызметшілер мәртебесi бар адамдар.
Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мемлекеттік әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметшiлер болып табылады.
Оларға әскерге шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет ескеретiн әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиындарға шақыру кезеңiнде әскери мiндеттілер жатады.
Азамат әскери қызметке белгіленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметші мәртебесіне ие болады және одан босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбiтшілік пен қауіпсiздiктi қолдау жөнiндегi халықаралық міндеттемелердi орындау уақытындағы әскери қызметші мәртебесінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасымен бекiтілген халықаралық шарттармен белгіленедi.
Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген, олардың жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ олардың мәртебесiн куәландыратын құжаттар беріледi.
Әскери қызметшiнiң мәртебесiн куәландыратын құжат әскери қызметшілер әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы тиiстi мемлекеттiк органдарының бiрiншi басшылары белгілеген тәртiппен беріледi.
Тұтқында, кепiлге алынған немесе еркiнен айрылған адам жағдайында жүрген әскери қызметшiлердiң әскери қызметшiлер мәртебесi сақталады. Әскери қолбасшылық және оған уәкiлеттi басқа да мемлекеттiк органдар халықаралық құқық нормаларына сәйкес көрсетiлген әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.";
4) мынадай редакциядағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелері және әскери
қызметтен босатылған адамдар
Әскери қызметшiнiң отбасы мүшелері мыналар болып табылады:
1) зайыбы (жұбайы);
2) кәмелетке толмаған балалары;
3) олар 18 жасқа жеткенге дейiн мүгедек болып қалған 18 жастан үлкен балалары;
4) күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын 23 жасқа дейінгі жастағы балалары;
5) ата-анасы, зайыбының (жұбайының) ата-анасы;
6) оның асырауындағы немесе асырап алған адамдар.
Әскери қызметшілердің және әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе мүгедек болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелерiне, әскери қызметтен босатылған адамдарға осы Заңның нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен әскери қызметтен босатылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесi мемлекетаралық келiсімдермен айқындалады. Егер Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық шарттармен өзгелер ecкepiлмece, басқа мемлекеттердiң армиясында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заң қолданылмайды.";
5) 2-бапта:
бесiншi бөлiктегi "соғыс уақытының заңдарымен және төтенше жағдай режимi туралы заңмен" деген сөздер "заңнама кесімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 3-бап алынып тасталсын;
7) 4-бапта:
тақырыбында "әскери қызметшілерді" деген сөздерден кейін "және олардың отбасы мүшелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрінші бөліктегі "әскери қызметшілерді" деген сөздерден кейiн "және олардың отбасы мүшелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 6-баптағы "өзге де рұқсат берiлмеген наразылық әрекеттерiн" деген сөздер "митингілер, шерулер мен демонстрациялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Еңбек ету еркiндігі құқығын іске асыру, қызмет пен
мамандықты eркін таңдау.";
төртiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерi мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) әйелдерiне (күйеулеріне) мамандығы бойынша еңбекке орналасу мүмкiндiгі болмаған жерлерде бірге тұрған кезеңi жасына зейнетақы тағайындау үшін қажеттi жұмыс өтіліне қосылады және осы кезеңде оларға заңнама кесiмдерiмен белгіленген ең аз жалақы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленедi. Аталған жергіліктi жерлердiң тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
бесiншi бөліктегi "мерзiмдi қызмет атқаратын" деген сөздер алынып тасталсын;
10) 9-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілердiң (мерзімдi қызметтің әскери қызметшілерi мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы заңнамамен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзімді қызметтің әскери қызметшiлерi үшін әскери жарғылардың талаптарына сәйкес айқындалады.";
төртiнші бөлiктегi "негiзгi" деген сөз алынып тасталсын;
оныншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілерге (мерзімдi қызмет атқаратын әскери қызметшілер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) адъюнктураға, әскери докторантураға, жоғары оқу орындарына дайындалу және қабылдау емтихандарын тапсыру үшін, ал сырттай оқу нысаны бойынша оқитындарға белгiленген сессияға, сынақ-емтихан сессиясына және мемлекеттік емтихандарды тапсыруға қатысқан кезеңде сессия ұзақтығына тең, бiрақ бір күнтізбелік жыл ішінде қырық күнтізбелiк күннен аспайтын ұзақтықта оқу демалыстары беріледi. Ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне ізденушi болып табылатын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен шығармашылық демалыстары беріледi.";
он бiрiншi бөлiктегi "жұбайы (зайыбы)" деген сөздер "әскери қызметшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы он екiншi және он үшінші бөлiкпен толықтырылсын:
"Жауынгерлiк iс-қимылдарға немесе бейбітшілік пен қауіпсiздiкті қолдау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындауға қатысқан әскери қызметшілерге осындай қатысудан кейiн ұзақтығы он тәулiк жыл сайынғы қосымша демалыс беріледi.
Әскери қызметшілерге заңнамамен ұсынылатын демалыстардың барлық түрлерi ақылы болып табылады.";
11) 10-бапта:
екiншi бөлiктегi "үстемеақыны" деген сөздерден кейін ", қосымша өтемақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiнші бөлiк алынып тасталсын;
жетiншi бөлiктегi "инженерлік құрамның" деген сөздер "инженерлік-техникалық құрамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi бөлiктегi "оларға киім-кешек орнына" деген сөздерден кейін "олар әскери қызмет өткеретiн мемлекеттiк органдардың бiрінші басшылары белгілеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әскери қызметшілер (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшілерi мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы еңбек демалысына кеткен кезде оларға олар әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілеген тәртiппен екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленедi.";
12) 11-бапта:
бipiнші бөліктегi "қолданылып жүрген" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет әскери қызметшілерге оны жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктен үлес алуға кепiлдік береді.";
13) 12-бапта:
үшінші бөліктегі "үш жыл" деген сөздер "екі жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "жасы бойынша" деген сөздер "әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiнші бөлiктегi:
"әскери қызметтен босатылғаннан кейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
"Әскери қызметтен" деген сөздерден кейiн "әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен, сондай-ақ денсаулық жағдайы немесе штат қысқартылуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөлiк алынып тасталсын;
14) 13-бапта:
сегізінші бөліктегі "жасына" деген сөздер "әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 14-бапта:
сегіз-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер қаза (өлім), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы іс-әрекетінен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу немесе бір жолғы өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өзіне қандай да бір жарақат түсіру (денесіне зиян келтіpу) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.";
16) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілердің әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.
Әскери қызметшілер қайта даярлау және білiктілiктi арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтің әcкepи қызметшілері мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздері әскери қызметтен өтетін құрылымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бөлімдері мен мекемелерінің командирлерінің (бастықтарының) келiсімімен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшін оқу демалыстарын бере отырып, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби білім беретiн білім беру ұйымдарында оқудың сырттай түрiнде оқуға рұқсат етіледі;";
17) 17-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына" деген сөздер "әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлiк алынып тасталсын;
7-бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Шақыру бойынша әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi әскерге шақырылған нақ сол ұйымға жұмысқа қабылдану кезiнде басым құқығы бар.";
18) 18-бапта:
алтыншы абзацтағы:
"мемлекеттiк, әскери және қызметтік құпияның" деген сөздер "мемлекеттік құпиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік құпиялардың ашылуына" деген сөздерден кейiн "немесе жоғалуына" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Әскери қызметшiлердiң жауапкершілігі.
1. Әскери қызметшіге оған жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиiстi орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік, әскери және еңбек тәртібiн бұзғаны үшiн, ал осы Заңда белгіленген әскери қызметте болумен байланысты шектеулердi сақтамағаны үшін әскери қызметшiге мынадай тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) қызметiне толық сәйкес еместігi туралы ескерту;
5) лауазымын төмендету;
6) әскери атағын төмендету;
7) әскери қызметтен босату.
2. Тәртіптік жаза:
1) лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдармен қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де жауапкершілік көзделген іс-әрекет жасағаны үшiн қолданылмайды.
3. Тәртіптік терiс қылыққа жол берген әскери қызметшіні, оны тағайындаған басшы белгiленген тәртіппен жауапкершілiк туралы мәселесi шешкенге дейiн қызметтік мiндеттерiн орындаудан уақытша шеттетуi мүмкін.
4. Әскери қызметші өз әрекетiнің заңсыздығына жауапты болады. Орындау үшін алынған өкiмнiң заңдылығына күдiктенген кезде ол бұл туралы өзінің тікелей басшысына және өкімдi берген басшыға дереу хабарлауы тиiс. Егер лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкiмдi растайтын болса, әскери қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазаланатын әрекетке жататын iс-қимылға ұшыратпайтын болса, оны орындауға міндетті.
5. Әскери қызметшiлер, олар қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасаған жағдайда тиiсiнше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негiздерде және тәртiппен қылмыстық, әкімшілiк, материалдық жауапкершілікте болады.
6. Тәртіптiк жазалар әскери қызметшiлерге әскери жарғылармен белгiленген тәртiппен қолданылады.";
20) мынадай мазмұндағы 25-баппен толықтырылсын:
"25-бап. Тәртіптiк жазалар қолдану мерзiмдерi.
1. Тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданылмайды.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктiрілмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн қолданылмайды.
3. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ адамның iс-әрекетінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының немесе тәртiптiк терiс қылықтың белгілерi болған кезде тәртіптік жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктiрілмей қолданылуы мүмкін.
4. Тәртiптiк жазаны қолдану мерзiмi оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауы тиiс. Егер осы мерзiм iшiнде әскери қызметші жаңа тәртiптік жазаға ұшырамаған болса, онда ол тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
5. Тәртiптік жазаны, егер жаза өз тәрбиелік рөлін атқарған және әскери қызметшi әскери тәртiптi жаңадан бұзбаған болса, көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейін тәртiптiк жазаны қолданған адам алып тастау мүмкін.";
21) мынадай мазмұндағы 26-баппен толықтырылсын:
"26-бап. Әскери қызметшілердi тәртіптік жауапкершілікке
тартқан кезде олардың құқықтарының кепілдіктері.
1. Әскери қызметші, оны тәртіптiк жауапкершілiкке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуы тиiс.
2. Meмлекеттік органның немесе лауазымды адамның ic-әрекеті мен шешіміне жауапкершілiкке тартылатын әскери қызметшілер әскери жарғыларда белгіленген тәртiппен немесе сотқа шағым жасауы мүмкiн.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті