1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
606 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi" әкiмшiсi бойынша:
001 "Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "209876" деген сандар "180972" деген сандармен ауыстырылсын;
017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "84289" деген сандар "113193" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354
қаулысында
:
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
көрсетілген қаулыға
372-қосымшада
:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда:
"ҚР Статистика агенттiгiн саны 56 штаттық бiрлiк көлемiнде Астана қаласына көшiру, соның iшiнде шығыстар: Агенттiк мүлiктерiн Алматы қаласынан Астана қаласына тасымалдау бойынша; қызметкерлердiң жеке мүлiктерiн тасу бойынша; бiр жолғы жәрдемақы (көтерме ақы) төлеу бойынша; қызметкерлер мен оның отбасы мүшелерiнiң жолақысы бойынша; банк қызметiне арналған; Астана қаласындағы әкiмшiлiк үйге деректер берудiң жергілiктi-есептеу желiсiн және желiнiң орталық торабын қондыруға және монтаждауға арналған." деген абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кезекшi автокөлiктiң бiр бiрлiгін жалдау";
реттiк нөмiрi 7-жолда:
"есептеу техникасын сатып алуға:
дербес компьютерлер - 100 дана;
жергiлiктi принтер - 225 дана" деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"есептеу техникасын сатып алу:
дербес компьютер - 220 дана;
жергiлiктi принтер - 286 дана.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi-есептеу желiсін орнату".