"Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешевті;
Даму Банкінің президенті - Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты қайта сайлау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.03. N 229 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі