"Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысымен оның директорлар кеңесiнiң құрамына сайлауға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Асқар Раушанұлы Елемесовтiң және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовтiң кандидатуралары белгiленсiн.
2. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1149 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi - Қайрат Медiбайұлы Әйтекеновті;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековтi;" деген жолдар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi