"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 1153 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071  өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне
өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
      Освальд Грюбель - "Кредит Свис Групп" компаниясының бас басқарушы директоры;
      Робин Ренвик - "ДжиПи Морган Чейс" компаниясы төрағасының орынбасары;
      Джордж Киркланд - "Шеврон Тексако" корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті;
      Хидето Накахара - "Митсубиси Интернешнл" корпорациясының Еуропа бойынша басқармасының төрағасы және президенті;
      көрсетілген Кеңестің құрамынан Питер Робертсон, Масаюки Такашима шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте распоряжения Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в распоряжение Президента Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 4071

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2005 года N 1153

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект распоряжения Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в  распоряжение Президента Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 4071".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

  Распоряжение Президента Республики Казахстан О внесении изменений в распоряжение Президента
Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 4071

      Внести в распоряжение Президента Республики Казахстан от 16 сентября 1998 года N 4071 "О составе Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан" следующие изменения:
      ввести в персональный состав Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан, утвержденный указанным распоряжением:
      Освальда Грюбеля - главного управляющего директора компании "Кредит Свис Групп";
      Робина Ренвика - вице-председателя компании "ДжиПи Морган Чейс";
      Джорджа Киркланда - исполнительного вице-президента по разведке и добыче корпорации "ШевронТексако";
      Хидето Накахара - председателя правления по Европе и президента корпорации "Митсубиси Интернешнл";
      вывести из состава указанного Совета Питера Робертсона, Масаюки Такашима.

       Президент
      Республики Казахстан