Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Президентінің
1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне
өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Освальд Грюбель - "Кредит Свис Групп" компаниясының бас басқарушы директоры;
Робин Ренвик - "ДжиПи Морган Чейс" компаниясы төрағасының орынбасары;
Джордж Киркланд - "Шеврон Тексако" корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті;
Хидето Накахара - "Митсубиси Интернешнл" корпорациясының Еуропа бойынша басқармасының төрағасы және президенті;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Питер Робертсон, Масаюки Такашима шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті