"Мойнақ су электр станциясының құрылысы" жобасының тиімді қаржыландырылуын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 500
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 269-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"3 Мойнақ су электр 250,82 2005- 25 "Қазақстанның "Мойнақ
станциясының 2009 Даму Банкі" СЭС" АҚ
құрылысы АҚ ".