Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1196 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.18. N 607 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуірдегі және " Байланыс туралы " 2004 жылғы 5 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2005 жылғы 5 желтоқсандағы  
N 1196 қаулысымен      
бекітілген          

  Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды
ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптары

      Өтініш беруші сәйкес болуы тиіс теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада ұсынылатын мынадай құжаттардың болуын қамтиды:
      1) теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру саласындағы бұрынғы қызметінің тәжірибесі мен ауқымы және техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынас жөніндегі дербестік деңгейі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - "қызметтерді көрсетушілер" талап етіледі) туралы мәліметтер көрсетілген өтінім;
      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының картасы;
      3) штатында теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі бейіндік жоғары немесе орта арнаулы білімі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер және осы саладағы кемінде бір жыл тиісті жұмыс стажы;
      4) хабар таратудың тәуліктік орташа көлемі көрсетілген теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесі;
      5) лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы көрсетілген өтініш берушінің бизнес-жоспары;
      6) көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін теледидар және (немесе) радио арналардың тізбесі;
      7) теледидар және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теледидар және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;
      8) лицензияланатын қызмет түрін сапалы және қауіпсіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі үлгі шарт;
      9) негізгі техникалық шешімдер туралы мәліметтер:
      теледидар және (немесе) радио бағдарламаларын әзірлеу және (немесе) тарату кезінде пайдаланылатын техникалық үй-жайлар мен таңдап алынған жабдықтың түрлері көрсетілген қолда бар немесе жоспарланған материалдық-техникалық база туралы;
      көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын тарату (эфирлік цифрлық, кәбілдік, эфирлік-кәбілдік) операторлары үшін желі абоненттерінің болжалды саны туралы;
      теледидар немесе радио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы туралы;
      төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы және оларды сақтау жөніндегі міндеттемелері туралы;
      Қазақстан Республикасының жарнама туралы  заңнамасының  сақталуын техникалық қамтамасыз ету схемасы (көп бағдарламалы теледидар және (немесе) радио хабарларын тарататын операторлар үшін) туралы.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2005 года N 1196. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2007 года N 607 (вводится в действие с 9 августа 2007 года).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.07.2007 № 607 (вводится в действие с 09.08.2007).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года " О лицензировании " и от 5 июля 2004 года " О связи " Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан




  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 декабря 2005 года N 1196

Квалификационные требования,
предъявляемые при лицензировании деятельности
по организации телевизионного и (или) радиовещания

      Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания, которым должен соответствовать заявитель, включают наличие следующих документов, представляемых в двух экземплярах на государственном и русском языках:

      1) заявка, с указанием опыта и масштаба прежней деятельности и технических возможностей в области организации телевизионного и (или) радиовещания, а также сведений о степени самостоятельности по взаимоотношениям с потребителями услуг (осуществляется самостоятельно или требуются посредники - "поставщики услуг");

      2) карта территории осуществления деятельности по этапам развития с привязкой к административно-территориальному делению Республики Казахстан;

      3) сведения о наличии в штате творческих и инженерно-технических работников, имеющих профильное высшее или среднее специальное образование по организации телевизионного и (или) радиовещания и соответствующий стаж работы в данной области не менее одного года;

      4) концепция и сетка вещания телевизионных и (или) радиопрограмм с указанием среднесуточных объемов вещания;

      5) бизнес-план заявителя с указанием начала предоставления услуг с момента получения лицензии;

      6) перечень телевизионных и (или) радиоканалов для организации многопрограммного телевизионного и (или) радиовещания;

      7) обязательства по обеспечению технического качества телевизионных и (или) радиопрограмм в соответствии с действующими стандартами в сфере телевизионного и радиовещания;

      8) типовой договор по обеспечению качественного и безопасного осуществления лицензируемого вида деятельности;

      9) сведения об основных технических решениях:

      о существующей или планируемой материально-технической базе с указанием технических помещений и типов выбранного оборудования, используемых при производстве и (или) распространении телевизионных и (или) радиопрограмм;

      о предполагаемом количестве абонентов сетей для операторов многопрограммного телевизионного и (или) радиовещания (эфирное цифровое, кабельное, эфирно-кабельное);

      о схеме организации сети телевизионного или радиовещания;

      о схеме организации оповещения населения в случае чрезвычайных ситуаций и обязательства по их соблюдению;

      о схеме технического обеспечения соблюдения законодательства Республики Казахстан о рекламе (для операторов многопрограммного телевизионного и (или) радиовещания).