Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беру
кездесулерін өткізу туралы
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының
17 және 21-баптарына сәйкес және атқарушы органдардың өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі мен есеп беруін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі әкімдер:
1) кемінде жарты жылда бір рет мәслихаттардың депутаттарын есепті кезеңде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралардың орындалуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар ету үшін;
2) мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша мәслихат регламентінде айқындалатын мәселелер жөнінде хабардар ету үшін мәслихаттардың депутаттары алдында есеп беру кездесулерін өткізсін.
2. Барлық деңгейдегі әкімдер есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолдансын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті