Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 494 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығын іске асыру және халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген кесте бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (бұдан әрі - БМСК) қазіргі жүйесінің номенклатурасын мынадай жолдармен осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін:
жұмыс істеп тұрған емханалардың (қалалықты қоспағанда), дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың базасында БМСК орталықтарын құру;
жұмыс істеп тұрған ауылдық және қалалық (отбасылық) дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың, фельдшерлік-акушерлік пункттердің базасында дәрігерлік амбулаториялар құру;
жұмыс істеп тұрған фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің, денсаулық сақтау пункттерінің, жеке үй-жайын ұстаусыз медицина қызметкерінің штат бірліктерінің базасында медициналық пункттер құру;
2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға (нормативтерге) сәйкес БМСК ұйымдарын медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлікпен жарақтандыруды аяқтасын;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, учаскелік терапевтер мен педиатрларды даярланған және қайта даярланған жалпы практика дәрігерлерімен БМСК дәрігерлерінің қазіргі жалпы санының - 2008 жылға қарай 20 пайызына және 2009 жылға қарай 30 пайызына дейін кезең-кезеңмен алмастыруды қамтамасыз етсін;
4)
күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05.
N 102
Қаулысымен.
5) жаңадан іске қосылатын БМСК объектілерінде жалпы дәрігерлік практика қағидатын енгізуді қамтамасыз етсін;
6) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулы іс-шараларының іске асырылуы жөнінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05.
N 102
Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. "Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 472
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 148-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартында:
біріншіден бастап алтыншыны қоса алғанда, он жетінші абзацтар алынып тасталсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын халықтың саны 5000 адамнан асатын, жақын аудандық (аудандық орталық) ауруханадан 50 километрден асатын қашықтықта орналасқан елді мекендерде және ауылдық округтерде ауылдық аурухана ашуға жол беріледі".
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1304 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
1. Осы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына байланысты мынадай бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары желісінің нормативін белгілейді:
1) емханалар (емхананың жалпы дәрігерлік практика бөлімшелері);
2) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) орталығы;
3) дәрігерлік амбулатория;
4) медициналық пункт.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05.
N 102
Қаулысымен.
2. Тұрғын халықтың саны 30000 (отыз мыңнан) және одан да көп елді мекендерде және аудан орталықтарында емхана құрылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05.
N 102
Қаулысымен.
3. Тұрғын халықтың саны 5000-нан (бес мыңнан) 30000 (отыз мың) дейін елді мекендер мен аумақтық әкімшілік бірлік шегінде халық тығыз орналасқан жерлерде БМСК орталығы құрылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.05.
N 102
Қаулысымен.
4. Тұрғын халықтың саны 2000-нан (екі мыңнан) 5000-ға (бес мыңға) дейін елді мекендерде, сондай-ақ тұрғын халықтың саны 1000-нан (бір мыңнан) 5000-ға (бес мыңға) дейін ауылдық округтерде дәрігерлік амбулатория құрылады.
5. Жақын жердегі БМСК ұйымынан кемінде 5 километр қашықтықта орналасқан тұрғын халықтың саны 50-ден (елуден) 1000-ға (бір мыңға) дейін елді мекендерде медициналық пункт құрылады.