Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. 2005 жылғы 18 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
<*>
( 2006 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2006 ж., N 2, 22-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттiк саясатын жетiлдiру және ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйелерiн одан әрi дамыту мақсатында,
1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкiметтерінің арасындағы мемлекетаралық құпияларды өзара қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
ақпаратты қорғау саласындағы екiжақты қарым-қатынастарды реттеу қажеттілігiнен тарай отырып,
ынтымақтастықты дамытуда бiрдей мүдделілік таныта отырып,
Тараптардың әрқайсысының жаңа ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн әзiрлеудегi және енгiзудегi жетiстiктерiн ескере отырып,
ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн тарату мен пайдалану екi Тараптың мүдделерiн қозғайтындығын атай отырып,
осы саладағы кең ынтымақтастық оңтайлы тиiмділіктi қамтамасыз етуге ықпал ететiндiгiн атай отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде пайдаланылатын түсiнiктер мыналарды бiлдiредi:
"ақпаратты қорғау" - ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық, технологиялық шаралармен ақпараттың конфиденциалдығын, тұтастығы мен қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
"конфиденциалды ақпарат" - Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңнамасына сәйкес немесе олардың өзара шарттасуына сәйкес таралуына шектеу салынатын ақпарат;
"ақпаратты қорғау құралдары" - ақпаратты қорғауға арналған құралдар, олар орнатылған құралдар, сондай-ақ ақпаратты қорғау тиiмділігiн бақылау құралдары.
Тараптар оның таралуы Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн конфиденциалды ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тараптар ақпаратты қорғау саласындағы қатынастарын өзара сыйластық, Тараптардың мемлекеттерiнiң теңдiгi, олардың мүдделерiнiң және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтарын тану, жалпы танылған нормаларға және халықаралық құқық принциптерiне сәйкес интеллектуалдық және өзге де меншiктi қорғау негiзiнде жасайды.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар мына бағыттар бойынша ынтымақтасады:
ақпаратты қорғау саласындағы жай-күйi, даму тенденциялары, дүниежүзілік және ұлттық жетiстiктер туралы ақпаратты талдау және алмасу;
ақпаратты қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны дамыту және жетiлдiру;
ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық өнiмдi әзiрлеу, өндiру және пайдалану;
ақпаратты қорғау саласындағы нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды, соның iшiнде техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткiзуден қорғау, оның тұтастығы мен қол жеткiзу жөнiндегi актілердi дамыту және жетiлдiру;
лицензиялау, сертификаттау және аттестаттау жүйелерінің жұмыс iстеу тетiктерiн жетiлдiру, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың ендiрілетiн құралдары мен кешендерінің тиiмділiгiн растайтын сертификаттар мен басқа да құжаттарды өзара тану тәртiбiн жасау мәселелерi жөнiнде консультациялар өткiзу;
бiрлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, ақпаратты қорғау мәселелерi жөнiндегi көрмелердi өткiзу;
тиiстi жоғарғы оқу орындарының түлектерiне және ақпаратты қорғау саласындағы мамандарға қойылатын келiсілген білiктілiк талаптарының негізiнде кадрларды даярлау, қайта даярлау және білiктiлiгiн арттыру.
Тараптар осы Келiсiмнiң шегiнде алынған немесе басқа Тараппен 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге сәйкес берiлген конфиденциалды ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдайды.
Осы Келiсiмнің шегiнде Тараптар алынған конфиденциалды ақпаратты қорғаудың оны алатын мемлекеттегi осындай ақпаратқа қатысты ұлттық заңнама шегiнде қолданылатын режимге ұқсас режимдi қамтамасыз етуге, сондай-ақ конфиденциалды ақпаратты басқа Тараптың алдын ала берген жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермеуге мiндеттеме алады.
Осы Келiсiмнің мақсаттарына үшiн:
Тараптардың мемлекеттерінiң Құзыреттi органдары:
қазақстандық Тараптан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесi,
беларус Тарапынан - Беларусь Президентiнің жанындағы Мемлекеттiк ақпаратты қорғау орталығы болып табылады.
Тараптар ақпарат және құжат алмасу туралы, ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз ету құралдарын, приборларды, жабдықтарды, материалдарды және жинақтаушы бұйымдарды жеткiзу туралы шешiмдер қабылдаған жағдайда олардың номенклатурасы, көлемдерi мен мерзiмдерi осы Келiсiмнiң 5-бабында белгiленген Тараптардың мемлекеттерiнің құзыреттi органдардың арасындағы екiжақты жеке хаттамалармен айқындалады.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар келiссөздер өткiзе және бiрлескен жұмыс топтарын құра алады.
Осы Келісiм шеңберiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыруды Тараптар әрбiр iс-шара бойынша келiсiлген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.
Осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру жөнiндегi Тараптардың өзара iс-қимыл жасау кезiндегi жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдау немесе қолдану жөнiндегi дауларды шешудi Тараптар келiссөздер және өзара консультациялар жолымен жүзеге асырады.
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік процедураларды орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгілi бiр мерзiмге жасалады және бiр Тарап басқа Тарапқа оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламайынша күшiнде болады. Мұндай жағдайда басқа Тарап осындай хабарлама алғаннан кейiн алты ай өткен соң осы Келiсiм өз күшін тоқтатады.
2005 жылғы 18 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, беларус және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн талқылау кезiнде қайшы пiкiрлер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасы Беларус Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан