Оңтүстiк Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттiк мекемелерiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 52 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiгiндегi мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiкке қабылдансын.

      2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сайрам-Өгем" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - мекеме) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт және Төле би аудандарының аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы 11100 гектар жер учаскесi алынып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен мекемеге берiлсiн.

      5. Осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мекеменiң жер учаскелерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына жатқызылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" мемлекеттiк орман қорының санатына жатқызылсын.

      6. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi осы аймақ шегiнде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерiнiң айналасында күзет аймағын белгiлесiн.

      7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекарасын белгiлесiн.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
      1) мекеме туралы Ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      9. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-1-жолмен толықтырылсын:
      "21-1. "Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi мемлекеттiк мекемесi";

      3)  күші жойылды
      Ескерту. 3) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.10. N  1074  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкiметiнiң
                                           2006 жылғы 26 қаңтардағы
                                                  N 52 қаулысына
                                                     қосымша

   "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
          Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
        "Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi"
      мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға
           берiлетiн Оңтүстік Қазақстан облысының
         аумағындағы жер учаскелерiнiң экспликациясы

Р/с
N

Жер санаты және ауыл шаруашылығы
алқаптары

Алаңы, га

1

Қазығұрт ауданы  -
1) босалқы жер (жайылымдар)
2) орман қорының жерi: Өгем ормандарды
және жануарлар дүниесiн қорғау
мемлекеттiк мекемесi
жиыны:

 
2000
74573
 
 
76573

2

Төле би ауданы  -
1) босалқы жер (жайылымдар)
2) орман қорының жерi:
Төле би ормандарды және жануарлар
дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемесi
жиыны:

 
9100
36409
 
 
45509

3

Түлкiбас ауданы  -
орман қорының жерi: Түлкiбас ормандарды
және жануарлар дүниесiн қорғау
мемлекеттiк мекемесi
жиыны:

 
26971
 
 
26971

  

Барлығы:

149053

 

О некоторых вопросах отдельных государственных учреждений Южно-Казахстанской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2006 года N 52

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять в республиканскую собственность Угамское, Толебийское, Тюлькубасское государственные учреждения по охране лесов и животного мира областного управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Южно-Казахстанской области, как имущественные комплексы, находящиеся в коммунальной собственности акимата Южно-Казахстанской области.
      2. Акиму Южно-Казахстанской области совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и Комитетом лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке осуществить необходимые мероприятия по реализации пункта 1 настоящего постановления.
      3. Реорганизовать Угамское, Толебийское, Тюлькубасское государственные учреждения по охране лесов и животного мира областного управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Южно-Казахстанской области путем слияния в государственное учреждение "Сайрам-Угамский государственный национальный природный парк" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (далее - учреждение).
      4. Изъять из категорий земель запаса на территории Казыгуртского и Толебийского районов Южно-Казахстанской области земельные участки общей площадью 11100 гектаров, согласно приложению к настоящему постановлению, и предоставить их учреждению на праве постоянного землепользования.
      5. Отнести земельные участки учреждения, указанные в приложении к настоящему постановлению, к категории земель особо охраняемых природных территорий, а имеющиеся на этой территории леса отнести к категории государственного лесного фонда "леса государственных национальных природных парков".
      6. Акимату Южно-Казахстанской области установить охранную зону вокруг земель учреждения с запрещением в пределах этой зоны любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние экологических систем.
      7. Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами совместно с Комитетом лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке установить на местности границы земель учреждения.
      8. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) утвердить Положение об учреждении и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      9. Установить, что финансирование учреждения осуществляется из республиканского бюджета за счет и в пределах средств, предусматриваемых в республиканском бюджете на соответствующий год на содержание особо охраняемых природных территорий.
      10. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения и изменения:
      1)  (утратил силу - постановлением Правительства РК от 15.04.2008  N 339 );
      2) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года N 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 14, ст. 168):
      Перечень организаций, находящихся в ведении Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением, дополнить строкой, порядковый номер 21-1, следующего содержания:
      "21-1. Государственное учреждение "Сайрам-Угамский государственный национальный природный парк";
      3)  утратило силу. Постановления Правительства РК от 10 ноября 2006 года  N 1074 .
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 15.04.2008  N 339 .
       11. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Приложение                
к постановлению Правительства       
Республики Казахстан           
от 26 января 2006 года N 52        

Экспликация
земельных участков, предоставляемых в постоянное
землепользование государственному учреждению
"Сайрам-Угамский государственный национальный природный
парк" Комитета лесного и охотничьего хозяйства
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"
на территории Южно-Казахстанской области

N
п/п

Категория земель и сельскохозяйственные угодья

Площадь, га

 1

Казыгуртский район  -

  

1) земли запаса (пастбища)

2000

2) земли лесного фонда: Угамское государственное учреждение по охране лесов и животного мира

74573

итого:

76573

 2

  

  

  

Толебийский район  -

  

1) земли запаса (пастбища)

9100

2) земли лесного фонда: Толебийское государственное учреждение по охране лесов и животного мира

36409

итого:

45509

 3

  

  

Тюлькубасский район  -

  

земли лесного фонда: Тюлькубасское государственное учреждение по охране лесов и животного мира

26971

итого:

26971

  

Всего:

149 053

________________________