Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 7.1.14-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын жетiлдiрудiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк органдар жыл сайын 20 қаңтарға дейiн Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi жыл сайын 20 ақпанға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 6 ақпандағы
N 71 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк статистикасын жетiлдiрудiң
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазiргi жағдайды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Параграф 1. Статистикалық жүйенi үйлестiрудiң қазiргi заманғы деңгейiне көшу
Параграф 2. Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейiмдеу мақсатында статистика әдiснамалары мен әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу
Параграф 3. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ақпараттық қамтамасыз етудi жақсарту үшiн статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргiзуге жүйелiк тәсiл енгiзу
Параграф 4. Деректердi жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөнiндегi халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретiн "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру
Параграф 5. БҰҰ-ның ресми статистикасының негiз қалаушы қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсендi халықаралық ынтымақтастыққа көшу
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
статистикасын жетiлдiрудiң 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
үшiн негiздеме 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысы
(7.1.14-тармақ)
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Статистика
агенттiгi
Бағдарламаның мақсаты Еуропалық Одақта қабылданған халықаралық
стандарттарды кешендi енгiзу жолымен
статистикалық ақпараттың сапасын арттыру
Бағдарламаның Статистикалық қызметтiң барлық аспектiлерi
мiндеттерi бойынша сапаны басқару жүйелерiн сатылап
енгiзу және барабар ұйымдастырушылық негiз
құру негiзiнде статистикалық жүйенi
үйлестiрудiң қазiргi заманғы деңгейiне
көшу
Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды
ұлттық деңгейде бейiмдеу мақсатында
статистика әдiснамалары мен әдiстемелерiн
әзiрлеу және енгiзу
Мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды
ақпараттық қамтамасыз етудi жақсарту үшiн
статистикалық ақпаратқа талдау жасауды
ұйымдастыруға және талдау жүргiзуге жүйелiк
тәсiл енгiзу
Деректердi жинау, өңдеу, сақтау және тарату
жөнiндегi халықаралық стандарттардың
талаптарына жауап беретiн "Мемлекеттiк
статистика" бiрыңғай статистикалық
ақпараттық жүйе құру
БҰҰ-ның ресми статистикасының негiз қалаушы
қағидаттарына сәйкес техникалық көмек
алудан белсендi халықаралық
ынтымақтастыққа көшу
Бағдарламаны iске асыру 2006 - 2008 жылдар
мерзiмi
Қаржыландыру көлемi 2006 жыл - 52,4 млн. теңге
мен көздерi 2007 жыл - 52,4 млн. теңге
2008 жыл - 211,2 млн. теңге
Көрсетiлген мақсаттарға жыл сайын бөлiнетiн
қаражат және Қазақстан Республикасының
заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да
көздер шегiнде республикалық бюджет
қаражаты есебiнен
Бұл ретте республикалық бюджеттен
қаржыландыру көлемi тиiстi жылдың бюджетiн
қалыптастыру және нақтылау кезiнде
белгiленген тәртiппен жыл сайын нақтыланып
отырады
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
асырудан күтiлетiн 2006 жылы кәсiпорындарға түсетін
нәтижелер статистикалық жүктеме мониторингi
енгiзiледi;
2006 - 2008 жылдары барлық енгiзiлетiн
халықаралық стандарттар жөнiнде әдiснамалық
және әдiстемелiк база құру мақсатында
16 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер
жүргiзiледi;
2006 - 2008 жылдары 14 статистикалық
модуль, соның iшiнде өндiрiстiң бәсекеге
қабiлеттi көрсеткiштерiнiң модулi бойынша
жаңа статистикалық көрсеткiштер өндiрiсi
енгiзiледi;
2006 - 2008 жылдары дамытудың мемлекеттiк
және салалық ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын
ақпараттық қолдауға арналған 21 талдау
есебi әзiрленедi;
2006 - 2008 жылдары "Статистика 7" және
"Статистика 8" достастық елдерiне
техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары,
сондай-ақ статистика саласында 8 екiжақты
шарттар бойынша iс-шаралар iске асырылады;
2007 - 2008 жылдары статистикадағы екi
өндiрiстiк процеске арналған сапа
мониторингi жүйелерi енгiзiледi;
2007 - 2008 жылдары "Мемлекеттiк
статистика" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн
қалыптастыру үшiн негiз жасайтын 5
ақпараттық жүйе енгiзiледi;
2007 - 2008 жылдары екі халықаралық семинар
өткiзiледi;
2008 жылы сыныптаманың жаңа халықаралық
жүйесiне сәйкес мемлекеттiк статистикалық
сыныптамалар жүйесi әзiрленедi;
2008 жылға қарай респонденттерге түсетiн
жүктеменi азайтуды қамтамасыз ететiн
статистикалық деректердi жинаудың жаңа
әдiснамасына көшу аяқталады.
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен.
2. Кiрiспе
Бағдарламаны әзiрлеудiң негiзi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 7.1.14-тармағы болып табылады.
Экономиканың ғаламдануы және дүниежүзiлiк қоғамдастық елдерiнiң бiрiгуi ресми статистикаға өспелi әсер етедi. Статистиканың мiндеттерi ендi қажеттiлiктi ұлттық деңгейде қанағаттандырумен шектелмейдi. Барлық статистикалық деректер халықаралық деңгейде салыстырылуы тиiс. Осы талапқа жауап беретiн статистикалық жүйелер экономиканы басқарудың және мемлекеттердi әлеуметтiк дамытудың қажеттi шарты болады.
Статистика саласындағы ұлттық практиканы үйлестiру мақсатында соңғы 15 жылда статистикалық қызметтiң барлық негiзгi аспектiлерi мен салалары бойынша халықаралық стандарттар мен ұсынымдар қабылданды. БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы қабылдаған ресми статистиканың негiз қалаушы қағидаттары, Халықаралық Валюта Қоры әзiрлеген және қабылдаған деректердi таратудың арнайы стандарты, халықаралық статистикалық сыныптамалар жүйесi мен басқалар аса маңызды стандарттар болып табылады.
Еуропалық Одақта статистика саласындағы заңнама мен регламент қабылданды. Заңнама мүше-елдердiң пайдалануы үшiн мiндеттi стандарттарды анықтайды, ал регламент - статистикалық есептi ұйымдастыру мен әдiснамасы жөнiнде ресми бекiтiлген құжаттардың аса кең жиынтығы. Бұл нормативтiк құжаттардың халықаралық мәртебесi бар, себебi олар БҰҰ-ның стандарттарымен үйлестiрiлген және Еуропалық Одақтан тыс кеңiнен пайдаланылады.
Заңнама мен регламенттi пайдалану ұлттық статистикалық жүйелердiң дамуын бағалаудың айқындаушы өлшемi болып табылады. 2003 жылы Еуростат Қазақстанның статистикалық жүйесiнiң көрсетiлген құжаттарға сәйкестiгiне ғаламдық бағалау жүргiздi. Ғаламдық бағалау нәтижелерi осы Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу кезiнде пайдаланылды.
Осы орташа мерзiмдi Бағдарламаның мәнi оның iске асырылуы мемлекеттiк статистиканың беделiн халықаралық деңгейге көтеруiнде ғана емес. Статистикалық стандарттар өзiне көптеген елдердiң ғасырлық тәжiрибесiн шоғырландырады және ұлттық статистикалық жүйелердi ғылыми әдiснама, тиiмдi ұйымдастырушылық құрылым және демократиялық құқықтық негiз базасында дамытуға мүмкiндiк бередi.
3. Қазiргi жағдайды талдау
Мемлекеттiк статистиканы 2006 жылға дейiн реформалау ақпаратқа деген мемлекеттiк және қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыратын және БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы қабылдаған ресми статистиканың негiз қалаушы қағидаттарына сәйкес келетiн тәуелсiз мемлекеттiң ұлттық статистикалық жүйесiн қалыптастыруға бағытталған.
Алдыңғы үш бағдарламаны iске асыру барысында осы мiндет негiзiнен орындалды. Мемлекеттiк статистика қазiргi заманғы статистикалық жүйелердiң мынадай мiндеттi атрибуттарының барлығына ие: заңнама; нарықтық экономикасы бар елдерге тән статистика салалары; техникалық жарақтанудың жеткiлiктi деңгейi; қазiргi заманғы технологияларды кеңiнен қолдану.
Статистиканы дамытудағы ең маңызды оқиғалар "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы, ұлттық есеп жүргiзу жүйесiн (ҰЕЖ 1993) енгiзу, төлем теңгерiмi, сыртқы сауда статистикасын, баға статистикасын құру, статистикалық сыныптамалардың халықаралық жүйесiне көшу, Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жасау және басқалар болды.
Мемлекеттiк статистиканы жылдам және табысты реформалау едәуiр дәрежеде халықаралық стандарттар енгiзу шеңберiнде статистикалық қызметтiң барлық жаңа бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына байланыстылығымен түсiндiрiледi. Ұлттық есеп жүргiзу ҰЕЖ 1993 (БҰҰ) стандартына сәйкес қалыптасты, мемлекеттiк сыныптамалар (ЭҚЖС, ЭҚТӨС және СЭҚ ТН) еуропалық ұқсастығымен үйлестiрiлген. Төлем теңгерiмiнiң жиынтық көрсеткiштерiн өндiрудi Халықаралық валюта қорының "Төлем теңгерiмiнiң басшылығында" көрсетiлген халықаралық ұсынымдар негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүргiзедi. Қазiргi кезде, сондай-ақ статистикада Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың статистикалық стандарттары да пайдаланылады.
Статистиканы реформалауда маңызды орынды ақпараттық технологиялар алады, оларсыз жаңа стандарттарды енгiзудi қамтамасыз ету де, статистикалық жүйенiң қарапайым жұмыс iстеуi де мүмкiн емес. Қол жеткiзiлген деңгей жергiлiктi жүйелердi, электрондық почтаны, "клиент-сервер" жұмыс режимiн және басқаларды республикалық және өңiрлiк деңгейлерде кеңiнен пайдаланумен сипатталады. Сыртқы пайдаланушылар үшiн рұқсат режимi бар статистикалық жарияланымдар мен жиынтық көрсеткiштердiң (1991 жылдан бергi кезеңдегi) электрондық базалары құрылған.
Тұтастай алғанда реформалар жылдары iшiнде мемлекеттiк статистиканың түрлi статистикалық ақпараттың үлкен көлемiн өндiруге бағытталған жаңа жүйесi құрылды. Өндiрiлетiн статистикалық көрсеткiштердiң тiзбесi негiзiнен халықаралық стандарттарға сәйкес келедi.
Алайда статистикалық деректердiң сапасына деген талаптардың қазiргi деңгейi өте жоғары. Сапа тұжырымдамасы статистикада уақытылығымен және деректердi қамтумен шектелмейдi. Ақпараттың ролi үздiксiз арта түсуде. Пайдаланушылардың қажеттілiктерiн статистикалық жинақтармен немесе шығарылған өнiмнiң көлемi туралы ақпарлармен қанағаттандыру мүмкiн емес. Статистикалық деректер күрделi эконометрикалық модельдерде, ғылыми зерттеулерде, маңызды сыртқы саяси мәселелердi болжауда және шешуде өте жиi пайдаланылады. Статистикалық деректер сапасының маңызды құрамдас бөлiктерi - пайдаланушылар үшiн салыстырымдылығы мен ашықтығы.
Статистикалық деректердiң салыстырымдылық проблемасы халықаралық және ұлттық деңгейлердегi салыстырымдылықты қамтиды. Статистиканың әртүрлi салаларының деректерi ұлттық деңгейде салыстырылуы мүмкiн, бiрақ халықаралық деңгейде салыстырылмайды. Керiсiнше, халықаралық деңгейде салыстырылатын барлық көрсеткiштер өзара және ұлттық деңгейде салыстырылымды болып табылады. Бұл деректердi экономикалық талдау мүмкiндiктерiн едәуiр кеңейтуге, сондай-ақ экономиканың және оның жекелеген салаларының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң әртүрлi бiрiктiрiлген көрсеткiштерiн өндiруге мүмкiндiк беретiн маңызды жағдай.
Статистикалық деректердiң салыстырымдылығының қол жеткiзiлген деңгейi пайдаланушылардың талаптарына әр кез жауап бермейдi. Қалыптасқан жағдай едәуiр дәрежеде халықаралық стандарттармен қатар статистикада ескiрген тұжырымдамалардың және әдiснаманың әлi де кеңiнен қолданылуымен түсiндiрiледi. Статистикалық деректердi жинаудың қолданыстағы әдiснамасы жоспарлы экономика кезеңiнде қалыптасқан және жаппай зерттеу әдiсiне негiзделген. Рынок жағдайларында кәсiпорындар санының өсуiне қарай осы тәсiлдiң тиiмділігi төмендейдi. Зерттеулер жүргiзуге жұмсалған шығындардың өсуi кезiнде есеп берген кәсiпорындар үлесiнiң және олар табыс еткен деректер сапасының төмендеуi байқалады. Қаржылық, еңбек және өндiрiстiк көрсеткiштер салыстырымдылығының жеткілiксiздiгiне байланысты бiрiктiрiлген талдау көрсеткiштерiн алу үшiн оларды салыстыру қиын. Қосымша зерттеулерге қажеттiлiк туындайды. Бұл ретте, кәсiпкерлерге түсетiн жүктеме проблемасы шиеленiсе түседi.
Санамаланған проблемаларды шешудiң оң тәжiрибесi Шығыс Еуропа елдерiнде бар, олар да сондай-ақ Қазақстан сияқты жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға реформалау жолынан өттi. Еуропалық Одаққа кiруге дайындық шеңберiнде бұл елдер негiз қалаушы сипаттамалар бойынша өздерiнiң ресми статистика жүйелерiнiң дамыған елдердiң жүйелерiмен салыстырымдылығын қамтамасыз етулерi тиiс едi. Бұл салыстырымдылықты бағалау үшiн стандарттар мен ұсынымдардың жиынтығы әзiрленген, оны сақтау Еуропалық Одаққа мүшелiк үшiн қолайлы деңгейге қол жеткiзудi білдiредi. Стандарттар мен ұсынымдардың осы жиынтығы осы Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде пайдаланылды.
Бағдарлама статистикалық жұмыстар жоспарын орындауға, кадрлар даярлауға, жарияланымдар шығаруға және басқаға байланысты ағымдағы статистикалық қызметтi қамтымайды. Бағдарламаның айқын көрсетiлген мақсатты сипаты бар және ол ресми статистиканың барлық шешушi бағыттары бойынша халықаралық ұсынымдар мен стандарттар кешенiн енгiзуге бағытталған. Кешендi көзқарас сондай-ақ, енгiзiлетiн әрбiр стандарт (ұсыным) бойынша енгiзудi қамтамасыз ететiн iс-шаралардың толық жиынының анықталғандығымен де бiлдiрiледi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - Еуропалық Одақта қабылданған халықаралық стандарттарды кешендi енгiзу жолымен статистикалық ақпараттың сапасын арттыру болып табылады.
Мақсатқа жету мынадай мiндеттердi шешумен қамтамасыз етiлетiн болады:
статистикалық жүйенi статистикалық қызметтiң барлық аспектiлерi бойынша сапаны басқару жүйелерiн сатылап енгiзу негiзiнде үйлестiрудiң қазiргi заманғы деңгейiне көшу және барабар ұйымдастырушылық негiз құру;
халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейiмдеу мақсатында статистиканың әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу;
мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ақпараттық қамтамасыз етудi жақсарту үшiн статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргiзуге жүйелi тәсiл енгiзу;
деректердi жинау, өңдеу сақтау, және тарату жөнiндегi халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретiн "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру;
БҰҰ-ның ресми статистикасының негiз қалаушы қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсендi халықаралық ынтымақтастыққа көшу.
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетiгi
Бағдарламада халықаралық стандарттарды енгiзу үшiн Бағдарламаның мiндеттерiне сәйкес келетiн өзара байланысты бес бағыт бойынша жұмыстар кешенiн жүргiзу көзделедi. Жұмыстардың әрбiр бағытына айқын және нақты iс-шаралар кiредi, олар бойынша iске асырудың барлық негiзгi кезеңiнде бақылау жүргiзу көзделген.
Yйлестiрудi жақсарту. Мыналар: статистиканың уәкiлеттi органының ұйымдастырушылық құрылымына өзгерiстер; сапа мониторингi жүйесiн екi өндiрiстiк процеске енгiзу жоспарланып отыр. Жұмыстарды орындау заңнамалық кесiмдермен және нормативтiк құжаттармен расталатын болады.
Әдiснаманы әзiрлеу. Ғылыми зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Зерттеу тақырыптарының көкейкестiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың тiзбесi қорытылған түрде ұсынылады және салалық сараптама нәтижелерi бойынша жыл сайын нақтылануға жатады. Зерттеулердiң орындалуын бақылау белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi. Орындалған ғылыми есептер Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң сайтында орналастырылады.
Талдау жүргiзу. Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде талдау есептерiн дайындау кiредi. Талдау есептерiнiң тiзбесi салалық сараптауға жатпайды. Ол жыл сайын мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiледi және нақтыланып отырады.
Ақпараттық жобаларды енгiзу. Белгiленген тәртiппен үш уәкiлеттi орган тарапынан бақылауды қамтиды (бюджет, ақпараттық технологиялар бойынша және тапсырыс берушi).
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдармен жобалар шеңберiнде, соның iшiнде достастық елдерiне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары бойынша жоспарланып отыр. Барлық жобалар бойынша iске асыру процестерiн үшжақты (тапсырыс берушi, кеңесшi және халықаралық ұйым тарапынан) бақылау көзделген. Бұдан басқа, Қазақстанда екі халықаралық семинар өткiзу, сондай-ақ халықаралық жұмыс топтарына, семинарларға, жоғары деңгейлi кездесулерге қатысу көзделедi. Iс-шаралар саны ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық шарттар санын ескере отырып анықталған.
Енгiзiлетiн әрбiр стандарт бойынша жұмыстардың бiр немесе бiрнеше бағыттары бойынша қажеттi iс-шаралардың тiзбесi анықталған. Жұмыстардың әртүрлi бағыттары бойынша, бiрақ бiр стандартты енгiзуге бағытталған iс-шаралар оларды өткiзу кезеңдерi мен мерзiмдерi бойынша өзара келiсiлген. Бұл әрбiр стандартты енгiзуге кешендi көзқарасты қамтамасыз етiп қана қоймай, сонымен қатар қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жетудiң тиiмдiлiгiн арттырады.
Параграф 1. Статистикалық жүйенi үйлестiрудiң қазiргi
заманғы деңгейiне көшу
Ресми статистиканың негiз қалаушы қағидаттарына сәйкес үйлестiру қазiргi заманғы статистикалық жүйелердiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Yйлестiру бойынша статистикада статистикалық қызметтiң қолданылатын әдiснамасынан ұлттық статистиканың және заңнаманың ұйымдастырушылық құрылымына дейiнгi көптеген аспектілерiн қамтитын стандарттар мен бiрқатар ұсынымдар бар.
Бағдарламамен үйлестiру деңгейiн көтеру жөнiндегi iс-шаралар кешенi көзделедi.
Статистикада сапаны басқарудың қазiргi заманғы жүйелерiн енгiзу мақсатында жүйелi жұмыстар басталады. Бiрiншi кезеңде мынадай екi процеске: статистикалық байқауларды ұйымдастыруға және Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi енгiзуге арналған сапа мониторингi енгiзіледi. Жұмыстарды тиiстi деңгейде орындау үшiн сапа жүйелерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметтерге және сертификаттау бойынша қызметтерге мамандандырылатын фирмаларды тарту талап етiледi.
Уәкiлеттi органның ұйымдастырушылық құрылымы жаңа мiндеттерге сәйкес келтiрiлетiн болады. Стандарттарды енгiзу статистикалық жұмыстардың күрделілiгiн арттырады. Менеджмент, маркетинг, ақпараттық технологияларды дамыту, әдiснама және талдау бойынша функциялар кеңеюде. Атап айтқанда, жүйелi негiзде кәсiпорындарға жүктеменiң мониторингi өткiзiлетiн болады. Қазiргi кезде мемлекеттiк статистика саласында санамаланған функцияларды қызметшiлердiң небәрi 2,4% атқарады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшiн уәкiлеттi органның штаты аумақтық бөлiмшелер есебiнен ұлғайтылады.
Параграф 2. Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейiмдеу мақсатында статистика әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу
Ұлттық статистикалық жүйелер өзара едәуiр ерекшеленедi және әрбiр жүйеде бiр мақсатқа жетудiң әртүрлi жолдары пайдаланылуы мүмкiн. Осы жағдайларды есепке ала отырып, халықаралық стандарттар жалпы қағидаттар мен ережелердi немесе талаптардың ең аз жиынтығын анықтайды. Стандарттар статистиканың жекелеген салалары бойынша көрсеткiштер тiзбесiне және оларды өндiру кезеңділiгiне қойылатын талаптарды анықтайды. Бiрақ стандарттар оларды ұлттық деңгейде енгiзу мен келiсiлу жолдарын анықтамайды. Осыған байланысты еуропалық елдер тәжiрибесi бойынша стандарттарды енгiзу кезеңi бiр жылдан он жылға дейiн құрайды.
Стандарттарды енгiзу және оларды ұлттық деңгейде бейiмдеудiң анағұрлым тиiмдi жолдарын анықтау кезеңiн қысқарту мақсатында енгiзiлетiн барлық стандарттар бойынша Бағдарлама шеңберiнде қажеттi ғылыми зерттеулер жүргiзу көзделген. Зерттеу нәтижелерi нақты әдiснамалық әзiрлемелер түрiнде ұсынылатын болады.
Атап айтқанда, БҰҰ мен Еуростаттың статистикалық комиссиясы әлемде қолданылатын сыныптамалар жүйесi негiзiнде статистикалық сыныптамалардың жаңа бiрыңғай жүйесiн құруды жоспарлап отыр. Бұл қолданыстағы мемлекеттiк сыныптамаларға қағидатты өзгерiстер енгiзудi талап етедi. Осыған байланысты Бағдарламада қызмет және өнiм түрлерiнiң жаңа мемлекеттiк сыныптамаларын, сондай-ақ оларға сәйкес келетiн номенклатура әзiрлеу көзделген.
Статистиканың бiрқатар мынадай жаңа салалары енгiзiлетiн болады: мүгедектер туралы, орташа тап, бiлiм барлығы үшiн, электрондық сауда, ақпараттық қоғам, инновациялық қызмет туралы және тағы басқалары.
Статистикалық деректердiң сапасын арттыруға олардың салыстырымдылығын арттыру жолымен бағытталған әдiснамалық әзiрлемелер құрылымдық және қысқа мерзiмдi статистика жөнiндегi стандарттар шеңберiнде орындалады. Бұл статистикалық деректердi институционалдық тәсiл негiзiнде жинаудың жаңа әдiснамасына көшуге мүмкiндiк бередi, бұл қолданылатын салалық тәсiлге қарағанда қазiргi заманғы және аса тиiмдi тәсiл. Институционалдық тәсiл сондай-ақ экономика салаларының тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштердi әзiрлеудi бастауға мүмкiндiк бередi.
Параграф 3. Мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды ақпараттық қамтамасыз етудi жақсарту үшiн статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргiзуге жүйелiк тәсiл енгiзу
Бағдарламамен әзiрленетiн көрсеткiштердiң санын едәуiр өсiру және олардың сапасын арттыру көзделедi. Тиiсiнше, көптеген және сан алуан статистикалық деректердi дұрыс пайдалану проблемасының көкейтестiлiгi артады. Пайдаланушыларға статистика өндiретiн көрсеткiштердiң көптүрлiлiгiнен бағдар алу қиынға түсуде. Жаңа статистикалық өнiмдер өндiрiсiн игеруге ғана емес, сонымен қатар, пайдалануға да уақыт талап етiледi.
Бағдарламада жаңа статистикалық деректердi өндiрумен және оларды пайдалану арасында үйлестiру қамтамасыз етiлген. Енгiзiлетiн барлық стандарттардың әлеуметтiк-экономикалық саясат мiндеттерiн шешуге тiкелей немесе жанама қатысы бар. Бұл негiзде әзiрленетiн және iске асырылатын мемлекеттiк әрi салалық бағдарламаларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететiн жылына 6-дан 8-ге дейiнгi талдау есептерiн әзiрлеу көзделген.
Статистикалық деректердi неғұрлым толық, дұрыс және уақытылы пайдалану мақсатында статистикалық деректердi талдау есептерi нысанында тарату мемлекеттiк статистикадағы жаңа бағыт болып табылады. Бұл жаңа тәсiл статистиканың пайдаланушыларын қанағаттандыруды арттыруға ықпал етедi.
Параграф 4. Деректердi жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөнiндегi халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретiн "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай статистикалық
ақпараттық жүйе құру
Статистикалық қызмет негiзiнде деректердi жинауды, өңдеудi, сақтауды және таратуды қамтитын статистикалық ақпаратты өндiру процесi жатыр. Әрбiр технологиялық кезеңнiң оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшелiктерi бар. Статистикалық деректердi өндiрудiң күрделi әрi ұзақ процесi статистикада бiрыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейiн ақпараттық технологияларды енгiзу жекелеген кезеңдер мен процестер үшiн жүзеге асырылды.
Бұл бағытта қазiрдiң өзiнде бiрқатар iс тындырылды. Барлық зерттеулер үшiн деректердi енгiзу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады, Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн ақпараттық жүйелер, деректердiң серпiндiлiк қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгiзiлген. Қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып, деректердi электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады. Статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар арқылы жүзеге асырылады, ал жергiлiктi желiлер шеңберiнде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу қамтамасыз етiлген.
Бағдарлама шеңберiнде ақпараттық технологияларды пайдаланудың сапалы аса жоғары деңгейiне көшу басталады. Жекелеген ақпараттық жүйелер "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай жүйесiнiң iшкi жүйесiне түрлендiрiледi. Деректердi жинау Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм және Әлеуметтiк статистика үшiн жасалатын тiркелiм негiзiнде үйлестiрiледi. Барлық кезеңдер мен процестер үшiн сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе iшiнде берiлетiн ақпараттың көлемiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Жүйе шеңберiнде деректердi жинаудың, берудiң, өңдеудiң, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерiн Интернет арқылы енгiзу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттерi үшiн сервис кеңейтiледi және жақсартылады.
Барлығы 5 жаңа ақпараттық iшкi жүйе енгiзiлетiн болады, бұл негiзiнен "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылымын қалыптастыруды аяқтауға, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ұлттық статистикалық жүйеге енгiзудi жылдамдатуға мүмкiндiк бередi.
Параграф 5. БҰҰ-ның ресми статистикасының негiз қалаушы қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсендi халықаралық ынтымақтастыққа көшу
Халықаралық ынтымақтастыққа ресми статистиканың негiз қалаушы он қағидатының екеуi арналған. Әрбiр ұлттық статистикалық жүйе халықаралық стандарттардың пайдаланушысы ғана болып қоймай, сонымен қатар оларды әзiрлеу мен қайта қараудың белсендi қатысушысы болуы тиiс. Статистика саласындағы барлық маңызды мәселелер ұлтаралық жұмыс топтарын құру жолымен алқалы түрде әзiрленедi, ал шешiмдер оларды барлық мүдделi елдермен кеңiнен талқылағаннан кейiн ғана қабылданады. Халықаралық деңгейдегi қарым-қатынастар статистикалық қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Ұлттық статистикалық жүйенi реформалау кезеңiнде Қазақстан халықаралық ұйымдар есебiнен жаңа әдiснамалар мен технологиялар алушы ролiн атқарды. Ұлттық жүйенiң қалыптасуына қарай соңғы 10 жыл iшiнде гранттар мөлшерi екi есе азайды. Алайда халықаралық ынтымақтастыққа деген қажеттiлiк азаймады. Бағдарлама шеңберiнде стандарттар жүйесiн енгiзуге байланысты халықаралық ұйымдармен және серiктес елдермен қарым-қатынастар бұрынғысынан да қажеттi болуда.
Қазақстанның статистика саласындағы халықаралық iс-шараларға теңқұқықты қатысуына деген қажеттiлiк пiсiп жетiлдi. Бағдарламамен халықаралық ұйымдар мен серiктес елдер өкілдерiнiң қатысуымен екі семинар өткiзу көзделедi. Семинарларда сыныптамалар жүйесi, тiркелiмдер саласындағы қазақстан статистикасының тәжiрибесi мен ұсыныстары ұсынылатын болады.
Қазақстан статистика саласындағы ынтымақтастық туралы 8 халықаралық шартқа ие. Осы уақытқа дейiн шарттар шеңберiндегi қызмет статистикалық жарияланымдар алмасумен шектелiп келдi. Шарттардың тиiмдiлiгi тәжiрибе алмасу және статистикалық деректердiң салыстырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында кездесулер мен консультациялар жүргiзу жолымен арттырылады. Мұндай iс-шаралардың мәнi статистика қажеттiлiктерiмен шектелмейдi, себебi статистика саласындағы серiктес-елдер экономикалық және әлеуметтiк салаларда Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа ие.
Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету көрсетiлген мақсаттарға жыл сайын бөлiнетiн қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер шегiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Осы Бағдарламада айтылған шараларды iске асыру үшiн республикалық бюджеттен 2006 жылы - 52,4 млн. теңге, 2007 жылы - 52,4 млн. теңге, 2008 жылы - 211,2 млн. теңге бөлiнедi.
Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi тиiстi жылдың бюджетiн қалыптастыру және нақтылау кезiнде белгiленген тәртiппен жыл сайын нақтыланып отырады.
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi нәтижесi барлық негiз қалаушы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес статистикалық деректердi өндiрудi қамтамасыз ететiн статистиканың қазiргi заманғы ұлттық статистикалық жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Бұған мынадай нақты нәтижелерге қол жеткiзу ықпал етедi:
2006 жылы кәсiпорындарға түсетiн статистикалық жүктеме мониторингiн енгiзу;
2006 - 2008 жылдары енгiзiлетiн барлық халықаралық стандарттар жөнiндегi әдiснамалық және әдiстемелiк база құру мақсатында 16 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
2006 - 2008 жылдары 14 статистикалық модуль, соның iшiнде өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң модулi бойынша жаңа статистикалық көрсеткiштер өндiрiсiн енгiзу;
2006 - 2008 жылдары дамытудың мемлекеттiк және салалық ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын ақпараттық қолдауға арналған 21 талдау есебiн дайындау;
2006 - 2008 жылдары "Статистика 7" және "Статистика 8" достастық елдерiне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары, сондай-ақ статистика саласында 8 екiжақты шарттар бойынша iс-шараларды iске асыру;
2007 - 2008 жылдары екi өндiрiстiк процеске арналған сапа мониторингi жүйелерiн енгiзу;
2007 - 2008 жылдары "Мемлекеттiк статистика" бiрыңғай ақпараттық жүйесiн қалыптастыру үшiн негiз құрайтын 5 ақпараттық жүйе енгiзу;
2007 - 2008 жылдары екі халықаралық семинар өткiзу;
2008 жылы сыныптаманың жаңа халықаралық жүйесiне сәйкес мемлекеттiк статистикалық сыныптамалар жүйесiн әзiрлеу;
2008 жылы респонденттерге түсетiн жүктеменi азайтуды қамтамасыз ететiн статистикалық деректердi жинаудың жаңа әдiснамасына көшудi аяқтау.
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р\с № |
Іс-шара |
Аяқталу |
Жауапты |
Орын- |
Бол- |
Қаржылан- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Статистикалық қызметтің барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу, барабар ұйымдастырушылық және құқықтық негіз құру негізінде статистикалық жүйені үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу |
|||||
1 |
СА және оның |
Қазақ- |
СА |
2007 |
Талап |
|
2 |
Жекелеген |
СА |
СА |
2007 жылғы 3 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан |
7,0 |
Республи- |
3 |
Кәсіпорындарға |
СА-ның |
СА |
2006 жылғы |
Талап етілмейді |
|
4 |
2007 жылы СРА |
Қазақ- |
СА |
2008 |
Талап |
|
5 |
Ведомстволық |
СА бұй- |
СА, |
2006 |
Талап етілмейді |
|
2 |
Халықаралық ұйымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында әдіснама мен әдістеме әзірлеу және енгізу |
|||||
6 |
Өнімдердің жаңа сыныптамалары |
СА |
СА |
2007 |
2,6 |
Респуб- |
7 |
Статистикалық |
СА сай- |
СА |
2006 |
4,6 |
Респуб- |
8 |
Халықты есепке |
СА сай- |
СА |
2006 |
2,8 |
Респуб- |
9 |
Еңбек құны |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы |
1,0 |
Респуб- |
10 |
Жұмыс уақыты |
СА сай- |
СА |
2008 жылғы 4 тоқсан |
2,3 |
Респуб- |
11 |
"Біліммен жалпы |
СА сай- |
СА |
2007 жылғы 4 тоқсан |
2,4 |
Респуб- |
12 |
"Орташа тап", |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан |
4,8 |
Респуб- |
13 |
Жалпы өңірлік |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы |
2,6 |
Респуб- |
14 |
"Шығындар |
СА сай- |
СА |
2007 жылғы |
2,4 |
Респуб- |
15 |
Айналымның, |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан |
1,4 |
Респуб- |
16 |
Салалар бойынша құрылымдық көрсеткіштермен салыстырылатын физикалық көлем индекстерін өндіруді енгізу |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан |
4,2 |
Респуб- |
17 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен) |
|||||
18 |
Көлік |
СА сай- |
СА |
2007 |
2,4 |
Респуб- |
19 |
"Электрондық |
СА сай- |
СА |
2006 жылғы 4 тоқсан 2007 жылғы 4 тоқсан |
1,6 |
Респуб- |
20 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен) |
|||||
21 |
Баға |
СА сай- |
СА |
2006 |
1,4 |
Респуб- |
21-1 |
Статистикалық |
СА бұйрығы |
СА |
2008 жылғы 4-тоқсан |
2,6 |
Респуб- |
21-2 |
Жұмыс күшін ұстауға жұмсалған ауыспалы шығындарды анықтауға ғылыми тәсілдер әзірлеу |
СА |
СА |
2007 жылғы |
2,3 |
Респуб- |
21-3 |
Бірыңғай ақпараттық статистикалық жүйеге арналған метадеректер жүйесін әзірлеу |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,5 |
Респуб- |
21-4 |
Макроэкономи- |
СА |
СА |
2008 жылғы |
4,7 |
Респуб- |
21-5 |
Әлемдік практикаға сәйкес жасалатын мәмілелер фактілері бойынша экспорттық-импорттық жеткізілімдер бағасын зерттеудің ғылыми негіздерін әзірлеу |
СА |
СА |
2008 жылғы |
2,0 |
Респуб- |
21-6 |
Инфляция параметрлерін бағалау саласында ғылыми зерттеу жүргізу: инфляциялық процестердің импорттық құрамдас бөлігі, оны бағалау үшін модельдер құру және оның инфляцияға салымын (әсерін) анықтаудың ғылыми әдістерін қалыптастыру |
СА |
СА |
2008 жылғы |
2,0 |
Респуб- |
21-7 |
Қазақстандағы заңсыз қызметті өлшеуге ғылыми-әдістемелік тәсілдер дайындау |
СА |
СА |
2008 жылғы |
2,0 |
Респуб- |
21-8 |
Экономиканың ағымдағы дамуын бағалау үшін ғылыми-әдіснамалық тәсілдер әзірлеу және индикатор құру |
СА |
СА |
2008 жылғы |
2,4 |
Респуб- |
21-9 |
Үй шаруашылықтары туралы деректерді модельдеу тәсілдерін әзірлеу. Өңірлік (аудандық) деңгейде халықтың кедейлігінің картасын құрастыру |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,7 |
Респуб- |
21-10 |
Микроэкономикалық статистика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, отандық компанияларды дамыту бағдарламалары шеңберінде түрлі сала |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,8 |
Респуб- |
21-11 |
Шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық ресурстарды дамыту үшін ғылыми база әзірлеу |
СА |
СА |
2008 жылғы |
2,0 |
Респуб- |
21-12 |
Өмір сүру құнының индексін құруға ғылыми негізделген тәсілдер әзірлеу |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,5 |
Респуб- |
21-13 |
Ақпараттық қоғам статистикасының ғылыми негіздерін қалыптастыру |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,1 |
Респуб- |
21-14 |
Материалдық және материалдық емес өндірілмеген активтер құнын бағалауға ғылыми негізделген тәсілдер әзірлеу |
СА |
СА |
2008 жылғы |
3,9 |
Респуб- |
3 |
Келесі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелік тәсіл енгізу: |
|||||
22 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 |
1,7 |
Респуб- |
23 |
Білім беруді |
Қазақ- |
СА |
2007 |
0,5 |
Респуб- |
24 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 |
1,4 |
Респуб- |
25 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен) |
|||||
26 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 |
1,0 |
Респуб- |
27 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан |
2,0 |
Респуб- |
28 |
Қоршаған ортаны |
Қазақ- |
СА |
2008 |
2,0 |
Респуб- |
29 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 жылғы |
1,6 |
Респуб- |
30 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан |
0,6 |
Респуб- |
31 |
Қазақстан |
Қазақ- |
СА |
2007 |
3,4 |
Респуб- |
32 |
Электр |
Қазақ- |
СА |
2007 |
0,3 |
Респуб- |
33 |
Өзге де |
Қазақ- |
СА |
2007 |
17,5 |
Респуб- |
4 |
Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөніндегі |
|||||
34 |
"Электрондық статистикалық есептілік" ақпараттық кіші жүйесін әзірлеу және енгізу |
СА |
СА, АБА |
2008 |
28,6 |
Респуб- |
35 |
"Сыныптамалар мен стандарттар" ақпараттық кіші жүйесін әзірлеу және енгізу |
СА |
СА, АБА |
2008 |
20,0 |
Респуб- |
36 |
"Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық кіші жүйесін әзірлеу және енгізу |
СА |
СА, АБА |
2008 |
45,5 |
Респуб- |
38 |
"Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесін әзірлеу және енгізу |
СА бұйрығы |
СА, АБА |
2008 |
17,5 |
Респуб- |
39 |
СА-ның және оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдау ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы таратудың ақпараттық кіші жүйесін әзірлеу және енгізу |
СА бұйрығы |
СА, АБА |
2008 |
36,1 |
Респуб- |
5 |
БҰҰ-ның ресми статистикасының негізгі қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсенді халықаралық |
|||||
40 |
"Статистика 8" |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан |
71,7 (450,0 мың ЕУРО) |
Еуростат |
41 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен) |
|||||
42 |
Халықаралық семинарлар өткізу |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан |
0,3 |
Респуб- |
42.1 |
Халықаралық |
Қазақ- |
СА |
2009 жылғы 20 ақпан |
1,05 |
Респуб- |
42.2 |
Қазіргі заманғы |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан |
1,05 |
Респуб- |
42.3 |
(алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен) |
|||||
43 |
Халықаралық |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан |
2,2 |
Респуб- |
43.1 |
Еуропа статистиктерінің және оның жұмыс топтарының конференциясына қатысу |
Қазақ- |
СА |
2008 жылғы 20 ақпан |
2,0 |
Респуб- |
43.2 |
Статистикалық |
Қазақ- |
СА |
2008 |
0,2 |
Респуб- |
6 |
Статистиканың басқа да салаларына халықаралық |
|||||
44 |
Халықаралық |
СА бұйрығы |
ҰБ |
2008 |
ҰБ |
|
45 |
Қаржы секторына |
СА бұйрығы |
ҰБ |
2006 |
ҰБ |
|
46 |
Қаржы секторына |
СА |
ҰБ |
2008 |
ҰБ |
|
47 |
Қаржы активтері |
СА |
ӨҰБ (келісім бойынша) |
2008 жылғы 2 тоқсан |
Талап |
|
48 |
Статистикалық |
СА |
Қаржы- |
2007 |
Талап |
|
49 |
Әкелінетін/ |
Қазақ- |
Қаржы- |
2007 |
Талап етілмейді |
|
Жиыны: |
316,0 |
Респуб- |
||||
соның ішінде: |
||||||
2006 |
52,4 |
Респуб- |
||||
2007 |
52,4 |
Респуб- |
||||
71,7 |
Еуростат |
|||||
2008 |
211,2 |
Респуб- |
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.04 N 918 Қаулысымен.
Ескерту:
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ЕО - Еуропалық Одақ;
ТАСИС - Достастық елдеріне техникалық жәрдемдесу;
ЭҚЖС - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы;
ЭҚТӨС - Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер сыныптауышы;
ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы;
ХВҚ - Халықаралық валюта қоры;
ДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
ЕЖ - Ұлттық есеп жүйесі;
СЭҚТН - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
NACE - Statistical Classification of Economic Activities in the European Community;
СРА - Statistical Classification of Products by Activities in the European Economic Community;